Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 4 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6090 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 1 ақпандағы    
№ 4 қаулысымен бекітілген 

Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.
      2. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.
      3. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы  28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жазуға жол беріледі.

2-тарау. Инвестициялық басқаруға қабылданған активтерді есепке алу

      4. Ұйым активтерді жасалған шарт немесе келісім бойынша инвестициялық басқаруға алған кезде инвестициялық басқаруға қабылданған активтер сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) баланстық шоттарда:
      Дт    1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт    3390 27  Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер;
      2) баланстан тыс шоттарда:
      Дт    1800 01  Ақша
            1800 02  Тазартылған қымбат металдар
            1800 03  Бағалы қағаздар
            1800 04  Орналастырылған салымдар
            1800 05  Капиталға инвестициялар
            1800 06  Материалдық емес активтер
            1800 07  Негізгі құрал-жабдықтар
            1800 08  Басқа да активтер
            1800 09  Алуға арналған шоттар
            1800 10  Дивидендтер
            1800 11  Сыйақы
            1800 12  Басқа да талаптар
      Кт    1830 01  Клиенттен активтердің түсуі.
      5. Ұйым активтерді жасалған шарт немесе келісім бойынша инвестициялық басқаруға қабылданған ақша есебінен сатып алу немесе сату жөніндегі операцияларды жасаған кезде осы Нұсқаулықта көзделген бухгалтерлік жазбалардан басқа тиісінше 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты» баланстық шотының кредиті (дебеті) және 3390 27 «Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер» баланстық шотының дебеті (кредиті) бойынша бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

3-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру

      6. Инвестициялық басқарудағы ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдарға орналастырған кезде мәміле бойынша шығындар, олар болған жағдайда, ескеріле отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  04  Орналастырылған салымдар
      Кт 1800  01  Ақша.
      7. Банктік салым шартында айқындалған салым бойынша сыйақыны ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  11  Сыйақы
      Кт 1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
      8. Салым бойынша сыйақыны нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  11  Сыйақы.
      9. Банктік салым мерзімінің аяғында ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  04  Орналастырылған салымдар
         1800  11  Сыйақы.

4-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру

      10. Бағалы қағаздарды инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (номиналды құнынан аспайтын сомаға):
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар
      Кт 1800  01  Ақша;
      2) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығындардан тұратын сыйлықақы сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1800  01  Ақша
         1820  01  Төлеуге арналған шоттар;
      3) дисконт (жеңілдік) сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      4) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:
      Дт 1800  11  Сыйақы
      Кт 1800  01  Ақша.
      11. Ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған пайыз ставкасы бойынша сыйақы есептеледі. Бұл ретте есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  11  Сыйақы
      Кт 1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
      12. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:
      Дт 1840  08  Басқа да шығыстар
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      2) дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
      13. Жарияланған сыйақыны есептегеннен және сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялағаннан кейін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар әділ құны бойынша және ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен қайта бағаланады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздардың әділ құны олардың есепке алу құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар
      Кт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер;
      2) бағалы қағаздардың есепке алу құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар.
      14. Құны шетел валютасымен көрсетілген сатып алынған бағалы қағаздарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде:
      оң бағамдық айырма сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша номиналды құнды және сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
         1800  11  Сыйақы
      Кт 1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
      теріс бағамдық айырма сомасына:
      Дт 1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде теріс бағамдық айырма сомасына:
      Дт 1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
         1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша номиналды құнды және сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
         1800  11  Сыйақы
      және, бір мезгілде, оң бағамдық айырма сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер.
      15. Эмитент бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде төленген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  11  Сыйақы.
      16. Осы Нұсқаулықтың 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын
                   есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы
                   сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы
                   шоттар);
      2) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт
                  (жеңілдік) сомасына:
      Дт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт
                   (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке
                   қосалқы шоттар)
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын
                   есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      3) бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
      мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  11  Сыйақы
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер;
      мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
      Кт 1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  11  Сыйақы;
      4) бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
      іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1830  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған кірістер;
      5) бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
      іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
      Дт 1840  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған шығыстар
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      6) сатып алынған бағалы қағаздар бойынша оң бағамдық айырмадан болған іске асырылған кірістер сомасына:
      іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
      Дт 1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
      Кт 1830  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер;
      7) сатып алынған бағалы қағаздар бойынша теріс бағамдық айырмадан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
      іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
      іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
      Дт 1840  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
      Кт 1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар.
      17. Осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарына сәйкес сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және борыштық бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды өтеген кезде осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

5-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру

      18. Туынды қаржы құралын инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) туынды қаржы құралының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот аша отырып, сатып алынған «колл» («пут») опционы бойынша төленген сыйлықақы сомасына:
      Дт 1800  12  Басқа да талаптар
      Кт 1800  01  Ақша;
      2) фьючерс бойынша маржа сомасына:
      Дт 1800  08  Басқа да активтер
      Кт 1800  01  Ақша.
      19. Туынды қаржы құралын ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) туынды қаржы құралының әділ құны оң өзгерген сомасына:
      Дт 1800  12  Басқа да талаптар
      Кт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер;
      2) туынды қаржы құралының әділ құны теріс өзгерген сомасына:
      Дт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар
      Кт 1820  02  Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
                   құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      3) туынды қаржы құралдарының әділ құнының есепте бар оң (теріс) түзету сомасына:
      Дт 1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1800  12  Басқа да талаптар.
      20. Ұйым қарсы әріптестің пайдасына (қарсы әріптес ұйымның пайдасына) маржа сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) ұйымның қосымша төлеген маржа сомасына:
      Дт 1800  08  Басқа да активтер
      Кт 1800  01  Ақша;
      2) қарсы әріптестен алынған маржа сомасына:
      Дт 1800  08  Басқа да активтер
      Кт 1820  02  Басқа да міндеттемелер;
      3) қор биржасында (брокерде) ашылған шоттан рұқсат етілген есепте бар маржаны есептен шығарған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  08  Басқа да активтер;
      4) қор биржасы (брокер) алған маржа сомасына:
      Дт 1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1800  08  Басқа да активтер.
      21. Туынды қаржы құралын орындау күніне мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда ұйым ақша аударған кезде:
      Дт 1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1800  01  Ақша;
      2) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда қарсы әріптестен ақша алған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  12  Басқа да талаптар;
      3) туынды қаржы құралының талаптарына сәйкес базалық активті сатып алған кезде:
      сатып алынған актив құнына:
      Дт 1800  01  Ақша
         1800  02  Тазартылған қымбат металдар
         1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  05  Капиталға инвестициялар
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
         1800  08  Басқа да активтер
         1820  02  Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
                   құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1800  01  Ақша
         1800  12  Басқа да міндеттемелер;
      4) туынды қаржы құралдарының талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:
      сатылатын актив құнына:
      Дт 1800  01  Ақша
         1820  02  Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының
                   құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар)
      Кт 1800  01  Ақша
         1800  02  Тазартылған қымбат металдар
         1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  05  Капиталға инвестициялар
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
         1800  08  Басқа да активтер
         1800  12  Басқа да талаптар (туынды қаржы құралдарының құнын
                   есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар);
      5) туынды қаржы құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
      іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1830  08  Басқа да кірістер;
      6) туынды қаржы құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
      іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
      Дт 1840  08  Басқа да шығыстар
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар.

6-тарау. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жасау

      22. РЕПО операциясын ашқан кезде:
      1) бағалы қағаздарды ақшаға айырбастап беретін ұйым РЕПО операцияcын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1820  02  Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО
                   операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
                   шоттар);
      2) ақшаны бағалы қағаздарға айырбастап ұсынатын ұйым кері РЕПО операциясын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
      Дт 1800  12  Басқа да талаптар (бағалы қағаздармен РЕПО
                   операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
                   шоттар)
      Кт 1800  01  Ақша.
      23. РЕПО және кері РЕПО операцияларының қолданылу мерзімі ішінде РЕПО мәмілесі талаптарының негізінде осы операциялардың белгіленген қолданылу мерзімі ішіндегі тиісінше шығыстарға және кірістерге есептелетін мәміле бойынша тиесілі сыйақы сомасы есептеледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) РЕПО операциялары бойынша сыйақы түрінде есептелетін шығыс сомасына:
      Дт 1840  02  Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
      Кт 1820  02  Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО
                   операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы
                   шоттар);
      2) кері РЕПО операциясы бойынша сыйақы түрінде есептелетін кіріс сомасына:
      Дт 1800  11  Сыйақы
      Кт 1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер).
      24. Осы Нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес сыйақы есептелгеннен кейін РЕПО операциясы жабылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) РЕПО операциясы бойынша бұрын берілген бағалы қағаздарды ұйым кері алған кезде:
      РЕПО мәмілесі бойынша есептелген сыйақы сомасына:
      Дт 1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1800  01  Ақша;
      РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
      Дт 1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1800  01  Ақша;
      2) кері РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды ұйым берген кезде:
      есептелген сыйақы сомасына:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  11  Сыйақы;
      кері РЕПО мәмілесін жабудың осы мәміле жасалған сәтте белгіленген құнына:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  12  Басқа да талаптар.

7-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастыру

      25. Инвестициялық басқарудағы ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастырған кезде сатып алынған қымбат металдардың құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  02  Тазартылған қымбат металдар
      Кт 1800  01  Ақша.
      Қосалқы бухгалтерлік есепте тазартылған қымбат металдар унциямен, сондай-ақ тазартылған қымбат металдардың қолда бар санын Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының бухгалтерлік есепте көрсету күнгі белгіленген таңертеңгі немесе кешкі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамына көбейту арқылы теңгемен көрсетіледі.
      26. Сатып алынған тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде қайта бағалау сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тазартылған қымбат металдардың құны ұлғайған кезде:
      Дт 1800  02  Тазартылған қымбат металдар
      Кт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер;
      2) тазартылған қымбат металдардың құны азайған кезде:
      Дт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар
      Кт 1800  02  Тазартылған қымбат металдар.
      27. Тазартылған қымбат металдарды осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тазартылған қымбат металдарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
      мәміле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  02  Тазартылған қымбат металдар
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер;
      мәміле сомасы мен тазартылған қымбат металдардың есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
      Кт 1800  02  Тазартылған қымбат металдар;
      2) тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
      іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1830  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған кірістер;
      3) іске асырылған шығыстар сомасына:
      тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
      Дт 1840  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған шығыстар
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар.

8-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру

      28. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  05  Капиталға инвестициялар
      Кт 1800  01  Ақша.
      29. Капиталдағы қатысу үлесін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
      Кт 1800  05  Капиталға инвестициялар
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер;
      2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
      Кт 1800  05  Капиталға инвестициялар.

9-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру

      30. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
      Кт 1800  01  Ақша.
      31. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің әділ құны олардың есепке алу құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
      Кт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер;
      2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің есепке алу құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар
      Кт 1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар.
      32. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында оң айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
         1800  06  Материалдық емес активтер
      Кт 1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер;
      2) мәміле сомасы мен активтердің есепке алу құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
      Дт 1800  01  Ақша
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
      Кт 1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар;
      3) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер сомасына:
      іске асырылмаған шығыстар шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған кірістердің іске асырылмаған шығыстардан асып кеткен сомасына:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1830  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған кірістер;
      4) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар сомасына:
      іске асырылмаған кірістер шотындағы қалдық шегінде:
      Дт 1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған кірістер
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар;
      іске асырылмаған шығыстардың іске асырылмаған кірістерден асып кеткен сомасына:
      Дт 1840  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған шығыстар
      Кт 1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар.

10-тарау. Инвестициялық басқарудан шығарып алынған активтерді  есепке алу

      33. Клиент инвестициялық басқарудағы активтерінің бір бөлігін шығарып алған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1840  01  Клиенттің активтерін алу
      Кт 1800  01  Ақша
         1800  02  Тазартылған қымбат металдар
         1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  04  Орналастырылған салымдар
         1800  05  Капиталға инвестициялар
         1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
         1800  08  Басқа да активтер
         1800  09  Алуға арналған шоттар
         1800  10  Дивидендтер
         1800  11  Сыйақы
         1800  12  Басқа да талаптар.
      34. Клиент активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында есептік кезеңнің аяғында мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы есептік кезеңдегі соңғы қаржы нәтижесін қалыптастыру бойынша ақпарат жинақтап қорытылады:
      клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
      Дт 1830  01  Клиенттен активтердің түсуі
         1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер
         1830  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
                   асырылған кірістер
         1830  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
         1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
                   асырылмаған кірістер
         1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
         1830  08  Басқа да кірістер
      Кт 1810  01  Капитал,
      және, бір мезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
      Дт 1810  01  Капитал
      Кт 1840  02  Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
         1840  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған шығыстар
         1840  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
         1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар
         1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
         1840  08  Басқа да шығыстар.
      35. Клиенттің активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімінің аяғында ұйым клиенттің шоты бойынша барлық қолда бар активтерді қайтарады. Бұл ретте қолда бар активтер бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
      Дт 1830  01  Клиенттен активтердің түсуі
         1830  02  Сыйақы түріндегі кірістер (дивидендтер)
         1830  03  Сатып алу-сатудан болған кірістер
         1830  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
                   асырылған кірістер
         1830  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
         1830  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске
                   асырылмаған кірістер
         1830  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
         1830  08  Басқа да кірістер
      Кт 1810  01  Капитал,
      және, бір мезгілде, клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
      Дт 1810  01  Капитал
      Кт 1840  02  Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар
         1840  03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар
         1840  04  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылған шығыстар
         1840  05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
         1840  06  Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                   болған іске асырылмаған шығыстар
         1840  07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
         1840  08  Басқа да шығыстар;
      2) клиент бойынша міндеттемелер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
      Дт 1820  01  Төлеуге арналған шоттар
         1820  02  Басқа да міндеттемелер
      Кт 1840  01  Клиенттің активтерін алу
      3) клиент бойынша активтер шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
      Дт 1840  01  Клиенттің активтерін алу
      Кт 1800  01  Ақша
         1800  02  Тазартылған қымбат металдар
         1800  03  Бағалы қағаздар
         1800  04  Орналастырылған салымдар
         1800  05  Капиталға инвестициялар
         1800  06  Материалдық емес активтер
         1800  07  Негізгі құрал-жабдықтар
         1800  08  Басқа да активтер
         1800  09  Алуға арналған шоттар
         1800  10  Дивидендтер
         1800  11  Сыйақы
         1800  12  Басқа да талаптар;
      4) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:
      Дт 1810  01  Капитал
      Кт 1840  01  Клиенттің активтерін алу.

11-тарау. Ұйымның кірістерін есепке алу

      36. Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті келісімдерде және шарттарда белгіленген комиссиялық сыйақылар ұйымның кірістері деп танылады. Бұл кірістер ұйымның жеке бухгалтерлік есебінде және жеке қаржылық есептілігінде тиісті баланстық шоттарда көрсетіледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
      Дт 1270  61  Инвестициялық кірістен болған есептелген
                   комиссиялық кірістер
         1270  62  Зейнетақы активтерінен болған есептелген
                   комиссиялық кірістер
         1270  83  Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
                   қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін есептелген
                   комиссиялық кірістер
      Кт 6110  61  Инвестициялық кірістен болған комиссиялық кірістер
         6110  62  Зейнетақы активтерінен болған комиссиялық кірістер
         6110  82  Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
                   қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін комиссиялық
                   кірістер;
      2) нақты алынған ақша сомасына:
      Дт 1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт 1270 61  Инвестициялық кірістен болған есептелген
                  комиссиялық кірістер
         1270 62  Зейнетақы активтерінен болған есептелген
                  комиссиялық кірістер
         1270 83  Бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби
                  қатысушыларының қызмет көрсетуі үшін есептелген
                  комиссиялық кірістер.

12-тарау. Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы айырманы есепке алу

      37. Ұйым номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы айырманың бухгалтерлік есебін ұйымның жеке бухгалтерлік балансында мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асыру арқылы жүргізеді:
      1) бағалау резервін қалыптастырған кезде:
      Дт 7440 23  Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді
                  (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар
      Кт 3440     Өзге де қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;
      2) бағалау резервін қайта қалпына келтірген (күшін жойған) кезде:
      Дт 3440     Өзге де қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
      Кт 6240 23  Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді
                  (провизияларды) қайта қалпына келтіруден (күшін
                   жойғаннан) болған кірістер;
      3) ұйымның ағымдағы шотынан ақша аударған кезде:
      Дт 3440  Өзге де қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
      Кт 1030  Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.