Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамызда № 107 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 қыркүйектегі № 7225 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулыда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
      кіріспесі мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және:
      инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің;
      бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.
      2. Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      «2-1-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны шетел валютасына орналастыру
      5-1. Ұйым шетел валютасын сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
      Дт  1800 01  Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
      Кт  1800 01  Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына)
          1830 03  Сатып алу-сатудан болған кірістер (сатып алу
                   бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға);
      2) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
      Дт  1800 01  Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
          1840 03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сатып алу
                   бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға)
      Кт  1800 01  Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына).
      5-2. Ұйым шетел валютасын сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) егер сату бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
      Дт  1800 01  Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)
      Кт  1800 01  Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына)
          1830 03  Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату бағамы мен
                   нарықтық бағам арасындағы айырмаға);
      2) егер сату бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
      Дт  1800 01  Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына)
          1840 03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату бағамы мен
                   нарықтық бағам арасындағы айырмаға)
      Кт  1800 01  Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына).
      5-3. Ұйым шетел валюталарын айырбастау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Дт  1800 01  Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына)
      Кт  1800 01  Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына);
      оң айырма сомасына:
      Дт  1800 01  Ақша
      Кт  1830 03  Сатып алу-сатудан болған кірістер (сату (сатып
                   алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы
                   айырмаға);
      теріс айырма сомасына:
      Дт  1840 03  Сатып алу-сатудан болған шығыстар (сату (сатып
                   алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы
                   айырмаға)
      Кт  1800 01  Ақша.
      5-4. Шетел валютасындағы ақшаны қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:
      Дт  1800 01  Ақша (шетел валютасындағы)
      Кт  1830 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:
      Дт  1840 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
      Кт  1800 01  Ақша (шетел валютасындағы).
      5-5. Шетел валютасын сатқан кезде шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылған кірістер (шығыстар) сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) іске асырылған кірістер сомасына:
      Дт  1830 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
      Кт  1830 05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер
          1840 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар;
      2) іске асырылған шығыстар сомасына:
      Дт  1830 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер
      Кт  1840 05  Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар
          1840 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                   шығыстар.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Шетел валютасындағы салымдарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы оң бағамдық айырма сомасына ұлғайған кезде:
      Дт  1800 04  Орналастырылған салымдар
      Кт  1830 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер;
      2) валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы теріс бағамдық айырма сомасына азайған кезде:
      Дт  1840 07  Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар
      Кт  1800 04  Орналастырылған салымдар.»;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Құны шетел валютасымен көрсетілген сатып алынған бағалы қағаздарды қайта бағалау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде (үлестік бағалы қағаздарды қоспағанда) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:»;
      12-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған активтерді есепке алу
      37. Брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша ақша алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) баланстық шоттарда:
      Дт  1030  Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт  3390 81  Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері;
      2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:
      Дт  3390 81  Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері
      Кт  1030  Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.
      38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттер үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
      Кіріс  8970  «Депо» шоттары (клиенттердің брокердің номиналды
                   ұстауындағы бағалы қағаздарын есепке алуға
                   арналған жеке шот).
      39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттер үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
      Шығыс  8970  «Депо» шоттары (клиенттердің брокердің номиналды
                   ұстауындағы бағалы қағаздарын есепке алуға
                   арналған жеке шот).».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                   Г. Марченко