Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5946 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы  
N 801 бұйрығымен     
бекітілген        

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.04.06 № 226 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді
қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесі

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабына сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының медицина ұйымдары үшін бірыңғай болып табылады.
      2. Осы Әдістеме ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге мынадай медициналық көмек нысандары бойынша тарифтерді қалыптастыру тетіктерін айқындайды:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек:
      медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);
      консультациялық-диагностикалық көмек;
      2) стационарлық көмек;
      3) стационарды алмастыратын көмек;
      4) жедел медициналық көмек;
      5) санитариялық авиация.
      3. Медицина ұйымдарының шығыстарын өтеу тәртібі «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығыстарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен айқындалған.
      4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) амбулаториялық-емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы тарифі – денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жан басына шаққандағы нормативін және консультациялық-диагностикалық көмек тарифін қамтитын, бір тұрғынға есептелген медициналық қызмет кешенінің бағасы;
      2) аумақтық учаскелерді теңестіру коэффициенті – МСАК ұйымдары қызметінің қол жеткізілген нәтижелерін бағалауда пайдаланылатын индикаторлардың санындағы айырмашылықты есепке алатын коэффициент;
      3) базалық ставка – медициналық көмектің бір есеп айырысу бірлігі;
      4) базалық ставканың құны – медициналық көмектің бір есеп айырысу бірлігінің құны;
      5) базалық тариф – консультациялық-диагностикалық көмек түрінде мамандандырылған және (немесе) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға арналған медициналық қызмет бірлігінің бағасы;
      6) емделген жағдай – пациентке стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуге жатқызылғаннан бастап шыққанға дейін көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;
      7) жан басына шаққандағы норматив – медициналық қызметтің нақты көлемімен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептеумен шығындар нормасы;
      8) жан басына шаққандағы нормативтің қосымша (ынталандыру) компоненті – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін есепке алатын, МСАК тарифіне ынталандырушы құрамдас;
      9) жас-жыныстық ерекшеліктерге түзету коэффициенті – түрлі жас-жыныстық ерекшелік санатындағы халықтың тұтынатын медициналық көмек деңгейінде айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;
      10) индикатордың салмақтық коэффициенті – (бұдан әрі – СК) – нақты индикатор үшін белгіленген коэффициент;
      11) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеу шығындары ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары, оның тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
      12) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі – КБШ) – жылуға, электрэнергиясына, ыстық және салқын суға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға, банк қызметіне, байланыс қызметіне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, стационарды орналастыру үшін жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүлікті және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен шығыстар;
      13) коммуналдық және басқа шығыстарға арналған өңірлік тарифтер – климаттық жағдайлар, сондай-ақ географиялық орналасқан жері бойынша топтастырылған өңірлердің коммуналдық және басқа шығыстарының орташа құны;
      14) медициналық-экономикалық тариф – диагностикалау мен емдеу хаттамаларының негізінде қалыптастыратын бір емделген жағдайдың орташа бағасы;
      15) онкологиялық бір науқасқа арналған кешендік тариф – онкологиялық тіркелімде тіркелген онкологиялық бір науқасқа есептелген медициналық қызмет кешенінің бағасы;
      16) стационар деңгейінің коэффициенті – медициналық қызмет көрсету үшін жағдайлардың ерекшелігін ескеруге, сондай-ақ нақты стационардың тарихи қалыптасқан үлкен немесе кіші шығыстарын есепке алуға мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілеген коэффициент;
      17) тариф – денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызмет (көмек) бірлігінің құны;
      18) төсек-күн – науқастың медициналық стационар жағдайында өткізген күні;
      19) түзету коэффициенті – денсаулық сақтау ұйымының маңызды ерекше өзгешеліктерін көзделген кепілдіктерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі базалық тарифті ұлғайту немесе кеміту мақсатында қолданатын коэффициент;
      20) шығынсыйымдылығының коэффициенті – бір медициналық қызметтің (қызметті топтастыру) құнының базалық тарифке (базалық ставканың құны) арасалмағы;
      5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарифтерді, базалық ставканың құнын, базалық тарифті, түзету коэффициенттерін бекітеді.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметке шығындарды
жоспарлау

      6. Медициналық көмектің түрлері бойынша ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге шығындарды жоспарлау бекітілген қолданыстағы шығыс нормативтерінің, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесінің және медицина ұйымдарының қызметін талдау және бағалау негізінде Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай көрсеткіштер бойынша іске асырады:
      нысандар бойынша медициналық көмектің көлемі (үш жылдық мерзім үшін) жалпы өңір бойынша және әрбір жеке медициналық ұйым бойынша;
      стационардағы төсек-күндерінің саны, төсекте болудың орташа ұзақтығы, төсектің медициналық ұйым бөлігіндегі жұмысы;
      жұмыс істейтін персоналдың саны, еңбекақы төлеу деңгейі;
      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алуға арналған шығыстар;
      тамақтануға арналған шығыс;
      жабдықтармен жарақтандыру және оларды тиімді қолдану, жұмсақ мүлікпен қамтамасыз ету және басқасы;
      ғимараттар мен құрылыстардың жағдайы, оларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі;
      алаңмен қамтамасыз ету, пайдаланылмаған алаңның болуы;
      коммуналдық шығыстар: жылу, электроэнергия, ыстық және салқын су;
      басқа шығыстар: денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлауға, банк қызметін, байланыс қызметін төлеуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапарлық шығыстар, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, стационарды орналастыру үшін жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүлікті және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар.
      Талдау негізіне медициналық статистика деректері, ақпараттық жүйелердің деректері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қаржылық есептерінің деректері, статистика және қаржылық органдардан алынатын мәліметтер жатуы тиіс.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметке тарифтерді
қалыптастыру

      7. Медициналық қызметтерге арналған шығыстар негізгі медициналық шығыстарға және қосымша медициналық шығыстарға бөлінеді.
      Негізгі медициналық шығысқа денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақылары, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдер; ҚР Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдер, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алу, пациентке азық-түлік тағамдарын сатып алу шығыстары жатады.
      Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақылары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
      Қосымша ақшалай төлемдерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына бір лауазымдық еңбекақы көлемінде сауықтандыруға жәрдемақы төлемі жатады.
      Әлеуметтік төлемдердің құрамына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлем төлеу және әлеуметтік салық төлемдері кіреді.
      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
      Пациенттерге азық-түлік тағамдарын сатып алу «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын натуралды нормада азық-түлікпен және ең төменгі нормада жұмсақ мүлікпен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес іске асырылады.
      Қосымша шығыстарға коммуналдық және басқа шығыстар жатады: жылу, электрэнергия, ыстық және салқын су, денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне төлем төлеу, кеңсе тауарларын сатып алу, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, стационарды орналастыру үшін жайды жалға алу, шаруашылық тауарларын, жұмсақ мүлікті және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алу.

3.1. Амбулаториялық-емханалық көмек

3.1.1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

      8. МСАК көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар үшін тариф жан басына шаққандағы екі компоненттік норматив болып табылады.
      Жан басына шаққандағы екі компоненттік норматив екі компоненттен тұрады: жан басына шаққандағы және қосымша (ынталандыру) нормативтері.
      9. МСАК ұйымын қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
      К мұ қарж = (Жнорм х (Клх(n) х Пкоэф(n)) х k) + ЖБЫК, мұнда:
      К мұ қарж – МСАК ұйымын қаржыландыру көлемі;
      Жнорм – жан басына шаққандағы норматив;
      Кх (n) – n нөмірлі жас-жыныстық тобына жататын тіркелген халықтың саны;
      Пкоэф(n) - n нөмірлі жас-жыныстық тобына жататын халықтың МСАК тұтынуының жас-жыныстық ерекшеліктеріне қарай түзету коэффициенті;
      Ктүз – түзету коэффициенті;
      ЖБНЫК – жан басына шаққандағы нормативтің қосымша (ынталандыру) компоненті.
      МСАК ұйымын жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген қызметтердің көлеміне немесе МСАК ұйымдары қызметінің басқа нәтижелеріне байланысты емес.
      10. Жан басына шаққандағы норматив мынадай формула бойынша айқындалады:

Жнорм = Кқарж / Кх (n) х Пкоэф(n)) х Ктүз, мұнда:

      Жнорм – басына шаққандағы норматив;
      Кқарж – халықты МСАК қамтамасыз етуге арналған қаржыландыру көлемі;
      Клтх (n) – n нөмірлі жас-жыныстық тобына жататын тіркелген халықтың саны;
      Кжт (n) - n нөмірлі жас-жыныстық тобына жататын халықтың МСАК тұтынуының жас-жыныстық ерекшеліктеріне қарай түзету коэффициенті;
      Ктүз – түзету коэффициенті;
      Жан басына шаққандағы норматив есептеу кезінде емдік, диагностикалық және профилактикалық қызметті қамтамасыз етуге МСАК шығыстары есепке алынады, олар:
      - тіркелген халықтың санына;
      - осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенттерi құрамына байланысты.
      Оған қоса, өзіндік жағдайларына байланысты түзету коэффициенттері енгізілуі мүмкін:
      - географиялық;
      - экологиялық;
      - ұлғайған еңбек ақы және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа кепілдік;
      - және т.б.
      11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған жан басына шаққандағы нормативті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызмет көрсету жерінің географиялық ұзақтығын, халықтың тығыз орналасуының төмендігін есепке ала отырып, ұлғайта немесе азайта алады.
      12. Жан басына шаққандағы нормативтің қосымша (ынталандыру) компоненті:
      1) қол жеткізген түпкілікті нәтижелер үшін МСАК қызметкерлерін материалдық тұрғыдан қөтермелеуге;
      2) қызметі МСАК ұйымдары жұмысының ақырғы нәтижелеріне жетуге әсер тигізетін МСАК қызметкерлерінің, оның ішінде бейінді мамандардың, іссапар шығыстарын қоса, біліктілігін арттыруға және оқытуға бағытталған.
      13. МСАҚ ұйымдары үшін ЖБНЫК сомасының есебі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жұмыстарының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторлары негізінде жүзеге асырылады.
      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жұмыстарының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторларын есептеу кезінде есепке алынатын АХЖ-10 кодтарының тізімі осы Әдістемеге 3-қосымшада көрсетілген.
      14. МСАК ұйымдарының жұмысында қол жеткізген нәтижелерді бағалаудың индикаторлары «Ұлттық туберкулез науқастарының тіркелімі», Онкологиялық науқастардың тіркелімі және (немесе) «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» дерекқорларының, «Стационар» және (немесе) Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі – Стационарлық науқастардың тіркелімі) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ААЖ), «Ана мен бала» ААЖ, «Тіркелген халық тіркелімі» (бұдан әрі – дерекқор) бағдарламалық кешеннің негізінде, сондай-ақ медициналық қызметті көрсету саласындағы мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша қалыптастырылады.
      15. ЖБНЫК сомасының есебі осы кезең-кезеңімен мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:
      1-қадам: әрбір МСАК ұйымының индикаторлар мағыналарының интегралды көрсеткішін балдарда айқындау:
      1. Нақты индикатор бойынша МСАК ұйымының қызметіндегі өткен және ағымдағы есеп беру кезеңдеріндегі мағына айқындалады.
      2. Ағымдағы кезеңде жетуге тиісті мақсат айқындалады:

М = Кө – Кө х N, мұнда:

      М – ағымдағы кезеңде жетуге тиісті мақсат (М);
      N – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес индикатордың шектеулі мағынасының нормасы;
      Егер N өткен тоқсанмен салыстырғанда индикатордың мағынасының төмендетуін белгіленсе, онда N жағымды мағынасында колданылады (Nтөмен);
      индикатордың мағынасының көбеюі белгіленсе, онда N теріс мағынасында колданылады (Nкөб);
      Кө – өткен кезеңдегі индикатор;
      Егер мақсат белгілі мағынаға жетуі қажет болса М = N.
      3. Индикатордың мақсаттан ауытқуы (МА) айқындалады:

      МА = М - Иа, мұнда:

      МА – индикатордың мақсаттан ауытқуы;
      М – ағымдағы кезеңде жетуге тиісті мақсат (М);
      Иа – ағымдағы кезеңдегі индикатор;
      Егер:
      көрсеткіш мақсатқа жетсе МА 0-ді көрсетеді;
      мақсатқа қол жеткізілмесе МА теріс мағынаны көрсетеді;
      мақсат шамадан тыс орындалса МА оң мағынаны көрсетеді.
      4. МА мағынасының негізінде мақсатқа жетуге қатысты индикатордың келтірілген көрсеткіші есептеледі. «Минусқа» ең жоғары ауытқу 0 бал ретінде бағаланады, мақсатқа жету – 1 бал, «плюске» ең жоғары ауытқу – 2 бал. Сонымен қатар, осы Әдістемеге 2-қосымшаға белгіленген шектеулі мағына 0-ге тең болса, ағымдағы кезең ішіндегі индикатордың нөлдік мағынасы индикатордың интегралды көрсеткішінің ең жоғары мағынасымен бағаланады. 0-ден бастап 2-ге дейінгі аралықта болған мақсаттан ауытқу мынадай формула бойынша бағаланады:
      ИКК = 1 - (МА / МАмин), егер «минусқа» ауытқу бағаланса;
      ИКК = 1 + (МА / МАмакс), егер «плюске» ауытқу бағаланса, мұнда:
      ИКК – индикатордың келтірілген көрсеткіші;
      МА – индикатордың мақсаттан ауытқуы;
      МАмин – барлық МСАК ұйымдарының арасында «минусқа» ең жоғары ауытқу;
      МАмакс – барлық МСАК ұйымдарының арасында «плюске» ең жоғары ауытқу.
      Ерекшелік болып «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторы бойынша ИКК табылады.
      МСАК ұйымының қызмет көрсету аумағында ана өлімінің бір немесе одан да көп жағдайлары тіркелсе, ИКК мәні 0 ретінде белгіленеді.
      Тіркелген халық арасында ана өлімін тіркеу жағдайлары болмаса, ИКК өзінің ең жоғары мәнінде белгіленеді – 2.
      5. Осы Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген индикаторлар үшін сипатталған 1-қадамның 1-4-тармақтары қайталанады.
      6. Әрбір МСАК ұйымы үшін №1 индикаторлық жүйе бойынша интегралдық көрсеткіш есептеледі, оған Әдістеменің 2-қосымшасындағы индикаторлардың ИКК көлемі кіреді:

ИКиж1 = (ИКК х ҮК), мұнда:

      ИКиж1 – №1 индикаторлық жүйе бойынша интегралдық көрсеткіш;
      ҮК – осы Әдістемеге 2-қосымшада белгіленген индикатордың үлестік коэффициенті;
      ИКК – индикатордың келтірілген көрсеткіші.
      7. № 2 индикаторлық жүйе бойынша интегралды көрсеткіш (ИКиж2) есептелмейді, өйткені бұл индикаторлық жүйеде 1-индикатор бойынша ИКК ғана пайдаланылады (ИКК1).
      2-қадам: жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компонентінің сомасын есептеу:
      1. ЖБНЫК сомасын есептеу төрт кезеңде жүзеге асырылады, бірінші кезеңде МСАК ұйымының деңгейіне дейін №1 индикаторлық жүйе бойынша, екінші кезеңде - № 2 индикаторлық жүйе бойынша МСАК ұйымының деңгейіне дейін, үшінші кезеңде – МСАК ұйымының аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін, төртінші деңгейде – МСАК ұйымының әрбір қызметкеріне дейін.
      2. МСАК ұйымының деңгейіне дейін ЖБНЫК сомасын есептеудің бірінші кезеңі келесі түрде № 1 индикаторлық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
      1) МСАК ұйымы үшін ЖБНЫК қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқарж иж1жбнык = С1мұ х ММН1, мұнда:

      Кқарж иж1 жбнык – МСАК ұйымы бойынша № 1 индикаторлық жүйесі бойынша ЖБНЫК қаржыландырудың көлемі;
      С1мұ – МСАК ұйымы бойынша №1 индикаторлық жүйенің балдарының сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

С1мұ = ИКиж1 х Ку х Кх+ С1мұ к/с + С1мұ әлеу/п, мұнда:

      С1мұ – МСАК ұйымы бойынша №1 индикаторлық жүйе балдарының сомасы;
      ИКиж1 - №1 индикаторлық жұйе бойынша интегралды көрсеткіш;
      Кх – МСАК ұйымы үшін халық коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

Кх = Хмұ / Хмин / 100, мұнда:

      Хмұ – осы нақты МСАК ұйымда тіркелген халықтың саны;
      Хмин – ҚР барлық МСАК ұйымдарының арасында тіркелген халықтың ең төмен саны;
      Ку – аумақтық учаскелерді түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

Ку = (Утер х Ктер / Умұ + Упед х Кпед / Умұ + Ужпд х Кжпд / Умұ), мұнда:

      Утер – терапиялық бейіндегі учаскелердің саны;
      Упед – педиатриялық бейіндегі учаскелердің саны;
      Ужпд – ЖПД учаскелерінің саны;
      Умұ – осы нақты МСАК ұйым учаскелерінің жалпы саны;
      Ктер, Кпед және Кжпд - әрбір бейіннің учаскесінде ең жоғары жиналуы мүмкін балдардың негізінде есептелген учаскелер бейіндерінің нормативтік коэффициенттері мынадай формула бойынша айқындалады:
      -терапиялық және педиатриялық бейіндегі учаскелер үшін:

К уч.бейіндер уч.макс уч.бейіндер, мұнда:

      К уч.бейіндер – учаскелердің бір бейінінің коэффициенті (Ктер, Кпед);
      С уч.макс – учаскелердің бір бейінінің коэффициенті Ктер және Кпед осы Әдістемеге 4-қосымшасына сәйкес мамандықтар бейіні кесіндісіндегі максималды мүмкін балдар кестесінде көрсетілген индикаторлардың үлестік коэффициентін есепке ала отырып, Ктер және Кпед бейіндегі учаскелер балдардың сомасы бойынша балдардың ең жоғары мүмкін сомасы;
      Суч.бейіндер - осы Әдістемеге 4-қосымшасына сәйкес мамандықтар бейіні кесіндісіндегі максималды мүмкін баллдар кестесінде көрсетілген барлық индикаторлары бойынша үлестік коэффициентін есепке алып отырып учаскелердің бір бейінінің коэффициенті Ктер және Кпед барлық индикаторлардың баллдардың сомасы;
      - ЖПД учаскелер үшін:

Кждпуч.жпдуч.макс, мұнда:

      Кжпд – ЖПД учаскелердің коэффициенті;
      Үуч. жпд – осы Әдістемеге 4-қосымшасына сәйкес мамандықтар бейіні кесіндісіндегі максималды мүмкін балдар кестесінде көрсетілген барлық индикаторлары бойынша үлестік коэффициентін есепке алып отырып ЖПД учаскелердің барлық индикаторларының балдардың сомасы;
      Суч.макс – Ктер және Кпед учаскелердің осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес мамандықтар бейіні кесіндісіндегі максималды мүмкін балдар кестесінде көрсетілген барлық индикаторлардың үлестік коэффициентін есепке ала отырып, Ктер және Кпед бейіндегі учаскелер балдардың сомасы бойынша балдардың ең жоғары мүмкін сомасы;
      СМҰ күн/с – осы Әдістемеге 2-қосымшада медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жұмыстарының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторларында көрсетілген 8-индикаторы бойынша үшін МСАК ұйымдары бойынша амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарындағы күндізгі стационарда, үй жағдайындағы стационарда медициналық көмек көрсететін және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының күндізгі стационарында емдеуге жатқызуға бағыттаған (жалпы практика дәрігерлерін, учаскелік терапевтер мен педиатрларды, бейінді мамандарды) дәрігерлерді ынталандыру балдар сомасы, мынадай формула бойынша есептелген:

СМҰ күн/с = ИКМҰ күн/с х Кх, мұнда

      ИКМҰ күн/с – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес 8-индикатор бойынша №1 индикаторлық жүйе бойынша есептелген МСАК ұйымының интегралды көрсеткіші;
      Кх – осы Әдістеменің 2-қадамының 2-тармағына сәйкес есептелген МСАК ұйымы үшін халық коэффициенті;
      СМҰ әлеу/п – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес 9-индикаторы бойынша МСАК ұйымы бойынша әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үшін балдар сомасы, есебі формула бойынша есептелінеді:

      СМҰ әлеу/п = ИКМҰ әлеу/п х Кәлеу/п х Кх, мұнда

      ИКМҰ әлеу/п – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес 9 индикатор бойынша № 1 индикаторлық жүйе бойынша есептелген МСАК ұйымының интегралды көрсеткіш;
      Кх – осы Әдістеменің 15-тармақтың 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген МСАК ұйымы үшін халық коэффициенті;
      Кәлеу/п – МСАК ұйымының әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары персоналының коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

Кәлеу/п = Сәлеу/п мұәлеу/п ең төмен/10, мұнда:

      Сәлеу/п мұ – МСАК ұйымының әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының саны;
      Сәлеу/п ең төмен – ҚР бойынша МСАК барлық ұйымдардың арасындағы әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың ең төменгі жиынтық саны.
      Егер МСАК ұйымында әлеуметтік қызметкерлер жоқ болса, онда Сәлеу/п 0-ге тең, тиісінше әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарды ынталандыру үшін ЖБНЫК-не арналған қаржы қаражаттарының көлемі 0-ге тең;
      ССН1 - №1 индикаторлық жүйенің сыйақы ставкасының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

ССН1= Кқаржы жбнык /С1мұ, мұнда:

      Кқаржы ЖБНЫК – уәкілетті органымен айқындалған есеп беру кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық МСАК ұйымдары үшін ЖБНЫК қаржыландырудың көлемі;
      С1мұ - Қазақстан Республикасының барлық МСАК ұйымдары бойынша №1 индикаторлық жүйенің балдарының сомасы;
      2) бұл өңірде ана өлімінің бір немесе одан да көп жағдайлары тіркелген жағдайда, бұл өңірдің барлық МСАК ұйымдарына «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» индикатор бойынша 0-ге тең бал қойылады. Осылайша, ана өлімін болдырған өңірдің әрбір МСАК ұйымы үшін ИКК1 және ИКиж1 көлемі төмендейді.
      1-индикатор «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» бойынша ана өлімін болдырған өңірдің МСАК ұйымдары үшін ЖБНЫК сомасын есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқарж1=(Смұ«-» х ССН1), мұнда:

      Кқарж1 - 1-индикатор «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» бойынша ана өлімін болдырған өңірдің МСАК ұйымдары үшін ЖБНЫК сомасы;
      ССН1 – №1 индикаторлық жүйенің сыйақы ставкасының нормасы;
      Смұ«-» - ана өлімін болдырған өңірдің 1-индикатор «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» бойынша МСАК ұйымынан шығарылатын балдардың сомасы, келесі формула бойынша есептелген:

Смұ«-» = ИКК1 х Кх х Ку, мұнда:

      ИКК1 – осы Әдістеменің 1-қадамының 4-тармағына сәйкес есептелген, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикатордың келтірілген көрсеткіші;
      Кх – осы Әдістеменің 15-тармағын 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген МСАК ұйымы үшін халық коэффициенті;
      Ку – осы Әдістеменің 15-тармағын 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аумақтық учаскелерді түзету коэффициенті.
      Есеп беру кезеңінде ана өлімі жағдайы тіркелген өңірдің 1-индикатор «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» бойынша МСАК ұйымынан қаржыландырудан алынған ЖБНЫК сомасы ана өлімін болдырмаған өңірлердің МСАК ұйымдарына бағытталады және осы МСАК ұйымдарының еңбекпен тапқан балдарының сомасы пропорционалды түрде № 2 индикаторлық жүйе бойынша бөлінеді.
      2. МСАК ұйымының деңгейіне дейін ЖБНЫК сомасын есептеудің екінші кезеңі № 2 индикаторлық жүйе бойынша келесі түрде жүзеге асырылады:
      1) есеп беру кезеңінде ана өлімін болдырмаған өңірлердің МСАК ұйымдары бойынша ЖБНЫК сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқарж2мұ = С2мұ х ССН2, мұнда:

      Кқарж2мұ – «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторы бойынша ана өлімін болдырмаған өңірлердің МСАК ұйымдары бойынша ЖБНЫК сомасы;
      ССН2 – сыйақы ставкасының нормасы немесе № 2 индикаторлық жүйенің 1 балының құны;
      С2мұ – «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторы бойынша медициналық ұйым бойынша № 2 индикаторлық жүйе балдарының сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

С2мұ = ИИК1 х ҮК1 х Ку х Кх, мұнда:

      ИИК1 – есептелген және осы Әдістеменің 15-тармағын 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес түзетілген және «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикатордың келтірілген көрсеткіші;
      ҮК1 – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторының үлестік коэффициенті;
      2) № 2 индикаторлық жүйенің сыйақы ставкасының нормасы келесі формула бойынша айқындалады:

ССН2 = Кқарж1 /С2мұ, мұнда:

      Кқарж1 – осы Әдістеменің 15-тармағының 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген ана өлімін болдырған өңірдің МСАК ұйымы үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторы бойынша ЖБНЫК сомасы;
      С2мұ – «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі» 1-индикаторы бойынша МСАК ұйымдары бойынша № 2 индикаторлық жүйенің балдарының сомасы.
      3. ЖБНЫК сомасын есептеудің үшінші кезеңі МСАК ұйымдарының аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін келесі түрде жүзеге асырылады:
      1) МСАК ұйымының учаскесі бойынша ынталандыру үстеме ақысының сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқарж/у = Су х ССНуқ, мұнда:

      Кқарж/у – учаскеге ЖБНЫК бөлінген қаржыландырудың көлемі;
      Су – учаске бойынша балдардың сомасы;
      ССНуқ – осы МСАК ұйымы бойынша учаскелік қызметтің сыйақы ставкасының нормасы;
      2) учаске бойынша балдардың сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:

Су = ИКиж1у х Кп х Ку х Кху, мұнда:

      Су – учаске бойынша балдардың сомасы;
      ИКиж1у – бұл учаске бойынша №1 индикаторлық жүйенің интегралды көрсеткіші;
      Кп – келесі әдістеме бойынша анықталатын персоналдың коэффициенті:
      құрамында 1-ден астам мейіргер бар жалпы практика үчаскелері үшін, терапевтік және педиатриялық бейіндегі, үшін 1,28 коэффициенті пайдаланылады, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

(1дәрігер + 2омқ х 0,4)/(1дәрігер + 1омқ х 0,4) = 1,28;

      құрамында 2-ден астам мейіргер бар ЖПД учаскелері үшін 1,57 коэффициенті пайдаланылады, ол келесі формула бойынша айқындалады:

(1дәрігер + 3омқ х 0,4)/(1дәрігер + 1омқ х 0,4) = 1,57, мұнда:

      0,4 – орта медицина қызметкерлері еңбекақы қорының дәрігерлер еңбекақы қорына қатынасының коэффициенті;
      Кху – аумақтық учаскесі бойынша халық коэффициенті формула бойынша есептеледі:

Кху = Хуу норм, мұнда

      Ху – осы аумақтық учаскесіне тіркелген халықтың саны;
      Ху норм – «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген учаскенің маманына сәйкес аумақтық учаскесінде тіркелген халықтың нормативтік саны;
      3) учаскелік қызмет үшін сыйақы ставкасының нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:

ССНуқ = Кқарж/уқуқ, мұнда:

      Кқарж/уқ – МСАК ұйымының учаскелік қызметін ынталандыруға арналған қаражаттардың көлемі айқындалады:

      Кқарж/уқ = Кқарж мұ – Кқарж біл – Кқарж қос – Кқар әлеу/п – Кқар күн/с, мұнда:
      Кқарж уқ – МСАК ұйымының учаскелеріне бағытталатын ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі;
      Кқарж мұ – МСАК ұйымы үшін ЖБНЫК арналған жалпы қаражаттардың көлемі, былай есептелген:

Кқарж мұ = Кқарж 1мұ + Кқарж 2мұ, мұнда:

      Кқарж 1мұ және Кқарж 2мұ – осы Әдістеменің 15-тармағының 2-қадамының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген МСАК ұйымдары бойынша ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі;
      Кқарж біл – қызметі МСАК ұйымдары жұмысының ақырғы нәтижелеріне жетуге әсер тигізетін МСАК қызметкерлерінің, оның ішінде бейінді мамандардың, іссапар шығыстарын қоса, біліктілігін арттыруға және оқытуға резервте ұстайтын ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі;
      Кқарж қос – заңды тұрғыдан дербес Отбасылық денсаулық орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысын, жалпы практика дәрігері бөлімшелерінің меңгерушілерін және аға мейіргерлерін, учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушілерін және аға мейіргерлерін, аумақтық учаскелерінің жағдайларында медициналық қызмет көрсететін акушерлер, Отбасылық денсаулық орталығы профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінің дәрігерлерін және мейіргерлерін, (бұдан әрі – қосымша персонал) ынталандыруға бағытталатын ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі.
      Кқар әлеу/п - МСАК ұйымының әлеуметтік қызметкерлерін және психологтарын ынталандыру үшін ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі мынадай формула бойынша есептелетін:

Кқар әлеу/п= Смұ әлеу/п х ССН1, мұнда

      Смұ әлеу/п – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес МСАК бойынша 9-индикатор бойынша әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үшін балдар сомасы;
      ССН1 – №1 индикаторлық жүйенің сыйақы ставкасының нормасы;
      Кқар күн/с – амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарындағы күндізгі стационарда, үй жағдайындағы стационарда медициналық көмек көрсететін және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының күндізгі стационарында емдеуге жатқызуға бағыттаған (жалпы практика дәрігерлерін, учаскелік терапевтер мен педиатрларды, бейінді мамандарды) бейінді мамандарды ынталандыру үшін ЖБНЫК арналған қаражаттардың көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

Кқар күн/с = Смұ күн/с х ССН1, мұнда

      Смұ күн/с = осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарындағы күндізгі стационарда, үй жағдайындағы стационарда медициналық көмек көрсететін және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының күндізгі стационарында емдеуге жатқызуға бағыттаған (жалпы практика дәрігерлерін, учаскелік терапевтер мен педиатрларды, бейінді мамандарды) бейінді мамандарды ынталандыру үшін 8-индикатор бойынша МСАК бойынша балдар сомасы;
      ССН1 – №1 индикаторлық жүйенің сыйақы ставкасының нормасы;
      4. ЖНЫК сомасын есептеудің төртінші кезеңі МСАК әр қызметкерінің деңгейіне дейін тарату тәртібін айқындайтын, МСАК ұйымының басшысы бекіткен МСАК ұйымдарына ЖНЫК төлемдерін есептеу мен нәтижелерді бағалау бойынша комиссиясы жүзеге асырылады.

3.1.2. Консультациялық-диагностикалық көмек

      16. Консультациялық-диагностикалық көмек нысанында жүзеге асырылатын мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерінің көрсетілген көлемі үшін төлем шығынсыйымдылық коэффициенттерін есепке ала отырып, тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын медициналық қызметтерді көрсетудің жоспарлы санына бөлу жолымен айқындалатын базалық тариф бойынша жүргізіледі:

Бткдк = Кқаражат/(Жс х Кшсорт қызм), мұнда:

      Бткдк – консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифі;
      Кқаражат – консультациялық-диагностикалық көмектің кезекті жоспарлы кезеңіне тиісті бюджетпен көзделетін қаражат;
      Жс – консультациялық-диагностикалық көмектің медициналық қызметтерінің жоспарлы саны,
      Кшсорт қызм – барлық жоспарлы медициналық қызметтер бойынша қызметтің шығынсыйымдылығының орташа коэффициенті;
      Кқарж – консультациялық-диагностикалық көмектің шығыстарын өтеу бойынша қаржыландырудың көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

Кқарж = Кқарж 1қыз + Кқарж 2қыз + Кқарж nқыз, мұнда:

      Кқарж 1қыз...n – консультациялық-диагностикалық көмек қызметінің бір түрінің шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша айқыналады:

Кқарж қыз = Бткдк х Кшсқыз х Жс, мұнда:

      Кшсқыз – қызметтің түрі бойынша шығынсыйымдылықтың коэффициенті;
      Жс – консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қызметтің түрі бойынша жоспарлы саны.

3.2. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек

      17. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мынадай тарифтерді қолданады:
      бір төсек-күн үшін;
      бір емделген жағдай үшін;
      медициналық-экономикалық тарифтер бойынша бір емделген жағдай үшін;
      КШТ бойынша бір емделген жағдай үшін.
      18. Ақы төлеу бір төсек-күні үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф кезекті жоспарлы кезеңге осы медициналық ұйым бойынша төсек-күндері санына кезекті жоспарлы кезеңге ТМККК шеңберінде стационарлық көмек шығыстарының өтеу бойынша қаржыландыру көлеміне қатынасы мынадай формула бойынша анықталады:

Тт/к = Кқарт/к, мұнда

      Тт/к – төлемі бір төсек-күні үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф;
      Кқар – кезекті жоспарлы кезеңге ТМККК шеңберінде стационарлық көмек шығыстарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
      Ст/к – кезекті жоспарлы кезеңге осы медициналық ұйым бойынша төсек-күндер саны;
      19. Ақы төлеу бір емделген жағдай үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф кезекті жоспарлы кезеңге осы медициналық ұйым бойынша емделген жағдайлар санына кезекті жоспарлы кезеңге ТМККК шеңберінде стационарлық көмек шығыстарының өтеу бойынша қаржыландыру көлеміне қатынасы ретінде мынадай формула бойынша анықталады:

Тпс = Кқареж, мұнда

      Тпс – ақы төлеу бір емделген жағдай үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф;
      Кқар – кезекті жоспарлы кезеңге ТМККК шеңберінде стационарлық көмек шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
      Сеж – кезекті жоспарлы кезеңге осы медициналық ұйым бойынша емделген жағдайлар саны.
      20. Ақы төлеу медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф диагностикалау және емдеу хаттамалары негізінде анықталады.
      21. Ақы төлеу КШТ бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тариф мынадай формула бойынша тізбектеле анықталады:
      1 - қадам: бір КШТ құнын айқындау:

Қкшт = Қбс х Кшкшт, мұнда

      Қкшт – бір КШТ құны;
      Қбс – бір базалық ставканың құны;
      Кшкшт – КШТ бойынша шығынсыйымдылығының коэффициенті;
      2 - қадам: бір базалық ставканың құнын анықтау:

Қбс = Кқарбс х Ктүз, мұнда:

      Қбс – бір базалық ставканың құны;
      Кқар – келесі жоспар кезеңіне тиісті бюджетпен қарастырылған ТМККК шеңберінде КШТ бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемі;
      Сбс – базалық ставкалар саны;
      Ктүз – денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекітетін түзету коэффициенті (стационар деңгейінің коэффициенті, экологиялық коэффициент, өңірлік коэффициент, ауылдық аумақтың коэффициент және басқа коэффициенттер);
      3 - қадам: базалық ставкалардың санын айқындау:

Сбс = (Кшорт.кшт х Сеж), мұнда

      Сбс – базалық ставкалардың саны;
      Кшорт.кшт – есеп беру кезеңіндегі КШТ бойынша орташа шығынсыйымдылығының коэффициенті;
      Сеж – есеп беру кезеңіндегі КШТ бойынша емделген жағдайлар саны;
      4 - қадам: кезекті жоспарлы кезеңге ақы төлеу КШТ бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау:

Кқар мо = (Кшорт.кшт мұ х Сеж мұ) х Ктүз , мұнда

      Кқар мо – кезекті жоспарлы кезеңге ақы төлеу КШТ бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
      Кшорт.кшт мұ – денсаулық сақтау ұйымы бойынша есеп беру кезеңіндегі КШТ бойынша орташа шығынсыйымдылығының коэффициенті;
      Ктүз - денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекітетін түзету коэффициенті (стационар деңгейінің коэффициенті, экологиялық коэффициент, өңірлік коэффициент, ауылдық аумақтың коэффициент және басқа коэффициенттер);
      5 - қадам: келесі түзету коэффициенттерінің есебі:
      - ауылдық аумақтағы жұмыс үшін:
      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына «Азаматтық кызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері үшін бірыңғай көбейту, қосымша ақылар мен үстемеақылар» 19-қосымшасына сәйкес ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласының мамандарына қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi және мынадай формула бойынша айқындалады:

Кст = ПКст х %ж, мұнда

      Кст – ауылдық елдімекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласы мамандарының ауылдық коэффициенті;
      ПКст – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен қарастырылған ауылдық елді-мекен жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласының мамандарының коэффициенті;
      %ж – тиісті өңірде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жалпы бюджетінде жалақының жалпы үлесі;
      - экологиялық:
      экологиялық апат аймақтарында тұратын қызметкерлерге «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес экологиялық апат аймақтарында тұру коэффициенті белгіленеді және мынадай формула бойынша айқындалады:

Кэаө = 1 + (ТКэаө - 1) х %ж, мұнда

      Кэаө – Арал өңіріндегі экологиялық апат аймақтарында тұратын қызметкерлерге арналған экологиялық коэффициент;
      ТКэаө– «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңымен қарастырылған экологиялық апат аймақтарында тұру коэффициенті;
      %ж – экологиялық апат аймақтарында ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жалпы бюджетіндегі жалақының орташа үлесі.
      Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұратын қызметкерлерге «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына сәйкес мынадай формула есептелетін аймақтар бойынша еңбекке қосымша ақы белгіленеді:

Кэсем = 1 + (Саек х Nаекорт х %ж), мұнда

      Кэсем – Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұратын қызметкерлердің экологиялық коэффициенті;
      Саек – Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұратын тұрғындар үшін жалақыға үстемеақы ретінде қарастырылған айлық есептік көрсеткіштер саны;
      Nаек – тиісті жылға Мемлекеттік бюджет туралы заңда қарастырылған айлық есептік көрсеткіш көлемі (2012 жылға арналған АЕК 1618 теңгені құрайды);
      Жорт – Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы орташа жалақы;
      %ж – Семей ядролық полигонындағы ядролық аймақтарының сынақ полигонының аумақтарында ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жалпы бюджетіндегі жалақының үлесі.
      - жылыту маусымының ұзақтығы мынадай формула бойынша айқындалады:

Кжм = ӨКұжм х %КӨШ, мұнда

      Кжм – жылыту маусымының ұзақтық коэффициенті;
      ӨКұжм – өткен жылғы жылыту маусымының ұзақтық коэффициенті;
      %КӨШ – ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың жалпы шығыстарындағы коммуналдық және өзге шығыстарының үлесі;
      - стационар деңгейі:
      стационар деңгейінің коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:

Ксд = Үлгілеуқарж./Жоспарлауқарж., мұнда

      Ксд – стационар деңгейінің коэффициенті;
      Үлгілеуқарж. – талдау жүргізу кезеңінде емделген жағдайларына КШТ мен базалық ставкасын пайдалану арқылы алынған қаржыландыруды үлгілеу;
      Жоспарлауқарж.– медициналық қызметтерді көрсету жағдайлардың ерекшесін есепке алынған тарихи құрастырылған шығындар.
      22. Бір онкологиялық науқастың кешенді тарифі жылдық қаржыландыру көлемінің сомасын жыл басындағы ахуал бойынша Онкотіркелімде тіркелген онкологиялық науқастардың санына бөлу және 12 (он екі) айға бөлу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

Ктонко = (Оқар онкоонко)/12, мұнда:

      Ктонко – бір онкологиялық науқастың кешенді тарифі;
      Сонко – Онкотіркелімде тіркелген онкологиялық науқастардың саны;
      12 – жылдағы айлар саны;
      Кқаронко – кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландырудың жылдық көлемінің сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кқар онко = Ктқаронко х Сонко х 12;

      Ктонко – бір онкологиялық науқастың кешенді тарифі;
      Сонко – Онкотіркелімде тіркелген онкологиялық науқастардың саны;
      12 – жылдағы айлар саны;
      23. Шығындарды жоспарлау кезінде коммуналдық және өзге шығыстар келесі тарифтерде қарастырылған:
       - ақы төлеу КШТ бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған;
      - ақы төлеу бір төсек-күні үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған;
      - ақы төлеу бір емделген жағдай үшін жүзеге асырылатын, стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған.
      24. Ақы төлеу медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылатын, стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың стационарлық көмек көрсету кезінде коммуналдық және өзге шығыстарға ақы төлеу өңірлік тарифтер бойынша төленеді, күндізгі стационарда емделген жағдайда өңірлік тарифтің 1/6 есебінен жүргізіледі.
      25. Күндізгі стационарда бір емделген жағдайдың тарифі стационарлық көмектің бір емделген жағдай тарифінің 1/4-ін құрайды.
      26. Үйдегі стационарда бір емделген жағдайдың тарифі стационарлық көмектің бір емделген жағдай тарифінің 1/6-ін құрайды.

3.3. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация

      27. Жедел медициналық көмектің бір шақыруының тарифі кезекті жоспарлы кезеңге көрсетілген медициналық қызметтердің санына жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемінің қатынасы ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

Тш = Кқар / Сс, мұнда

      Тш – бір шақыру тарифі;
      Кқар – кезекті жоспарлы кезеңде қаржыландыру көлемі;
      Сс – медициналық қызметтердің саны.
      28. Санитариялық авиация қызметтері көлік және медициналық қызметтердің тарифтері бойынша айқындалады.
      Медициналық қызметтердің тарифі медициналық көмек көрсетудің жоспарлы сағатының санына кезекті жоспарлы кезеңге көрсетілген санитариялық авиацияның медициналық көмек шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемінің қатынасы ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

Тса = Кқар / Сса, мұнда

      Тш – бір сағатқа медициналық қызметтің тарифі;
      Кқар – кезекті жоспарлы кезеңге көрсетілген санитариялық авиацияның медициналық көмек шығыстарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
      Сс – медициналық көмек көрсетудің жоспарлы сағатының саны.
      Санитариялық авиацияның көлік қызметтеріне арналған тарифі білікті мамандарды және (немесе) науқастарды көліктің әртүрлі түрлерімен тасымалдауға байланысты шығындардан тұрады және әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарының орташа құны бойынша айқындалады.

3.5. Қаржылық лизинг шартында сатып алынған медициналық
техникада медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарына лизингтік төлемдердің орнын толтыру

      29. Клт = Кнақт х ЛТ/Кжоспар, мұнда:
      Клт – лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына лизингілік төлемдерді өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
      Кнақт – қаржылық лизинг жағдайларында сатып алынған медициналық техникада нақты көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі;
      ЛТ – қаржылық лизинг шартымен айқындалған лизингілік төлем көлемі;
      Кжоспар. - қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техникада көрсету жоспарланған медициналық қызметтердің көлемін денсаулық сақтау ұйымы төменде белгіленген формуладан төмен емес лизинг бойынша айқындайды:

      Кжоспар. = Сжыл х Скүн, мұнда:

      Сжыл - Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға арналған Өндірістік күнтізбесі бойынша бір жылдың ішіндегі жұмыс күндерінің саны;
      Скүн - бір жұмыс күнінде көрсетілген, мынадай формула бойынша есептелетін медициналық қызметтердің саны:

      Скүн = Ужұм./(Норт х Н), мұнда:

      Ужұм. - минуттармен жұмыс уақыты;
      Норт - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген медициналық техниканың көмегімен бір қызметті орындау уақытының орташа нормативі;
      Н – медициналық техника жұмысының бір циклының ішінде алынған нәтижелердің саны.
      Реанимациялық жабдықтар және хирургиялық және инвазивтік араласу үшін қолданылатын жабдықтың көмегімен медициналық қызметтер көрсету кезінде, Скүн = 1.

Тегін медициналық көмектің   
кепілдік берілген көлемінің  
шеңберінде көрсетілетін    
медициналық қызметтерге    
тарифтерді қалыптастыру және 
шығындарды жоспарлау     
әдістемесіне         
1-қосымша          

Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенттері

Жынысы

Ерлер

Әйелдер

Жасы

Жынысы-жасы бойынша түзету коэффициенттері

0-12 ай

4,82

5,52

12 ай - 4 жас

1,45

1,65

5-9 жас

0,96

0,99

10-14 жас

0,94

0,92

15-19 жас

1,02

0,83

20-29 жас

0,53

1,20

30-39 жас

0,413

1,21

40-49 жас

0,53

1,20

50-59 жас

0,48

1,11

60-69 жас

0,84

2,19

70 және одан артық

1,11

1,48

Тегін медициналық көмектің  
кепілдік берілген көлемінің 
шеңберінде көрсетілетін   
медициналық қызметтерге  
тарифтерді қалыптастыру және 
шығындарды жоспарлау    
әдістемесіне         
2-қосымша         

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жұмыстарының
қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторлары

Индикатор атауы

Есептеу формуласы

Нешеге санау

алымы

бөлімі

1

2

3

4

5

1.

МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында сараптамалық расталған алдын алуға болатын себептерден ана өлімінің саны

Тіркелген ҰЖӘ** саны

100 ҰЖӘ** шаққанда

2

ЭГП**** бар ҰЖӘ** жүктілік жағдайы

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында ЭГП**** бар, жүкті ҰЖӘ** емдеуге жатқызу жағдайларының саны

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасындағы емдеуге жатқызылған жүкті әйелдердің жалпы саны

100%

3

Босандыруға қатысты аборт деңгейі

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында аборт жағдайының жалпы саны

Есептілік мерзімде тіркелген халық арасында босанғандардың жалпы саны

100%

4

ЖІИ, ЖРИ-дан****** МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар өлімі

Есепті кезеңде ЖІИ, ЖРИ****** -дан МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын жас шамасы 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің саны

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында жас шамасы 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар саны

1000 шаққандағы 5 жасқа дейінгі балалар

5

Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың уақтылы диагностикаланбауы

Есепті кезеңде тіркелген халық арасында алғаш анықталған өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың уақтылы диагностикаланбауы жағдайларының саны

Есепті кезеңде тіркелген халық арасында өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың алғаш анықталуы жағдайларының саны

100%

6

Орны көзбен көрінетін 3-4 деңгейдегі анықталған қатерлі ісіктер диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлар саны

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында орны көзбен көрінетін 3-4 деңгейдегі анықталған қатерлі ісіктер диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлар саны

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасында орны көзбен көрінетін 3-4 сатыдағы анықталған қатерлі ісіктер диагнозымен алғаш рет анықталған барлық жағдайлар саны

100%

7

Жүрек-тамырлар жүйесі, артериялық гипертензия, миокард инфарктісі, инсульт - жүрек ауруларының асқынуы бар емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасынан жүрек-тамырлар жүйесі, артериялық гипертензия, миокард инфарктісі, инсульт - жүрек ауруларының асқынуы бар емдеуге жатқызылған тіркелген халықтың арасынан науқастарды тәуліктік стационарға жатқызу саны

Есепті кезеңде тіркелген халықтың арасынан жүрек-тамырлар жүйесі, аурулары бар емдеуге жатқызылған тіркелген халықтың арасынан науқастарды емдеуге жатқызу саны

100%

8

Күндізгі және үйлік стационарда емделу деңгейінің тәуліктік стационарларда емделу деңгейіне арақатынас көрсеткіші

Ағымдағы тоқсанда күндізгі және үйлік стационарда емделген аурулар саны

Есепті кезеңде тіркелген халық санынан тәуліктік күндізгі, үйлік стационарда және тәуліктік стационарда емделген науқастар саны

100%

9

Тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін және БМСК деңгейінде басқарылатын асқынған созылмалы аурулары бар адамдарды емдеуге жатқызу жағдайлары

Тіркелген тұрғындар ішінен тәуліктік стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін асқынған созылмалы аурулары бар науқастардың емдеуге жатқызқызылғандар саны

Тіркелген тұрғындар ішінен тәуліктік стационарға емдеуге жатқызылған барлық науқастар саны

100%

10

Негізделген шағымдардың жалпы саны

Есепті кезеңде тіркелген халық арасындағы негізделген шағымдардың саны

Тіркелген халық саны

Халық санынан 1000 адамға

      кестенің жалғасы

Үлестік коэффициенті

Деректер көзі

1 МҰ**** бастапқы мәні

Кезеңділік (жылында тоқсанына бір рет)

алымы

бөлімі

6

7

8

9

10

3

МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын МФҚБК ***расталған өлім фактісі, № 2009/е-02 нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Ана өлімін есепке алу картасы», «1 жасқа дейінгі туған, қайтыс болған нәрестелердің, ана өлімінің мониторингі туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 665 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 665 бұйрық)

Тіркелген халық тізілімі, 15 – 49 жас аралығындағы ҰЖӘ**

0

Тоқсан сайын

2

ЭПГ**** бар жүкті әйелдердің емдеуге жатқызу жағдайлар, әдістеменің 3-қосымшаның № 2 кестеде көрсетілген АХЖ-10***** кодтарға сәйкес «Стационардан шыққан адамның статистикалық картасы» № 066/е нысаны (бұдан әрі - № 066/е н.)
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 066/е н.)

№ 066/е н. (АХЖ-10*****: кл O), негізгі диагноз, О85-О92 АХЖ-10***** кодтардан басқа

Осы кезеңде көрсеткіштің мәні алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеу

Тоқсан сайын

2

№ 066/е н. әдістеменің 3-қосымшаның № 3-кестеде көрсетілген АХЖ-10 *****кодтарға сәйкес

Стационарлық науқастардың тіркелімі, № 066/е н., АХЖ-10***** кодтары бойынша негізгі диагноз О80-О84

Осы кезеңде көрсеткіштің мәні алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеуі

Тоқсан сайын

2

Әдістеменің 3-қосымшадағы № 1-кестеде, АХЖ-10***** кодтарына сәйкес көрсетілген өлімнің белгілі бір себептері бойынша 5 жасқа дейінгі кеңейтілген № 665 бұйрығымен бекітілген «Тірі туған, өлі туған, 1 жасқа дейін шетінеген баланы есепке алу картасы» 2009/е-01 н.-нан өлім фактісі

Тіркелген халықтың тізілімі, 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеуі

Тоқсан сайын

1

Ұлттық туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімі, туберкулездің асқынған нысандарын анықтау ережесі әдістемеге 3-қосымшаға 4-кестеде көрсетілген

Ұлттық туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімдері, алғашқы рет анықталған туберкулез жағдайлары

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеуі

Тоқсан сайын

2

Онкотіркелім, АХЖ-10***** кодтары бойынша, Әдістемеге 3-қосымшаға 5-кестеде көрсетілген орны көзбен көрінетін 3-4 сатыдағы алғаш рет анықталған қатерлі ісіктер

Онкотіркелім, АХЖ-10***** кодтары бойынша, Әдістемеге 3-қосымшаға 4-кестеде көрсетілген орны көзбен көрінетін 3-4 сатыдағы алғаш рет анықталған қатерлі ісіктер

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеу

Тоқсан сайын

1

Стационарлық науқастардың тіркелімі № 066/е, Әдістемеге 3-қосымшаға № 6-кестеде көрсетілген АХЖ-10***** коды бойынша негізгі диагнозы І10-І79.8

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 10% төмендеді

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 10% төмендеу

Тоқсан сайын

2,5

Стационарлық науқастардың тіркелімі № 066/е н.

Стационарлық науқастардың тіркелімі № 066/е н.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда 5% жоғарылау

Тоқсан сайын

2

№ 066/е н. Стационарлық науқастардың тіркелімі, АХЖ-10***** кодтары бойынша негізгі диагноз, Бұйрыққа 3-қосымшаның № 7 кестеде көрсетілген

№ 066/е-н стационарлық науқастардың тіркелімі

Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5 %-ға төмендеуі

Тоқсан сайын

1

МФҚБКД-дан*** ақпарат

Тіркелген халық тіркелімі, тіркелген халықтың жалпы саны

өткен тоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеуі

Тоқсан сайын

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      * МСАК - Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
      ** ҰЖӘ – Ұрпақты болу жасындағы әйелдер
      *** МФҚБК – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
      **** ЭГП – Экстрагениталдық патология
      ***** АХЖ-10 – ауруларының халықаралық жіктемесі
      ****** ЖІИ, ЖРИ – жедел ішек инфекциясы, жедел респираторлық инфекциясы

Тегін медициналық көмектің  
кепілдік берілген көлемінің 
шеңберінде көрсетілетін   
медициналық қызметтерге  
тарифтерді қалыптастыру және 
шығындарды жоспарлау    
әдістемесіне        
3-қосымша         

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жұмыстарының
қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторларын есептеу
кезінде есепке алынатын АХЖ-10 кодтарының тізімі

      № 1-кесте. ЖІИ, ЖРИ-дан******* МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар өлімі индикаторларын есептеу кезінде есепке алынатын АХЖ-10 аурулары үшін кодтардың тізбесі


р/с

АХЖ-10 коды

Аурулардың атауы

1.

A02 - A04

Басқа сальмонелездік жұқпалар, шигелез, ішектің бактериялық басқа жұқпалары

2.

A08 - A09

Ішектің вирустық және анықталған басқа жұқпалары, диарея мен асқазан-ішектің жұқпалы деп болжанған дерттері

3.

J00 - J22

Мұрын-жұтқыншақтың жіті қабынуы [мұрын біту], қойнауды жіті қабынуы, жұтқыншақтың жіті қабынуы, бадамшаның жіті қабынуы [баспа], көмей мен кеңірдектің жіті қабынуы, көмейдің жіті обструкциялық қабынуы [қыспақ] және, эпиглоттит, жоғарғы тыныс жолдарының көптеген және орналасу орны анықталмаған жіті жұқпалары, нақтыландырылған тұмау вирусы тудырған тұмау, тұмау, вирус нақтыландырылмаған, басқа айдарларда жіктелмеген вирусты пневмония, Streptococcus pneumoniae тудырған пневмония, haemophilus influenzae [Афанасьев-Пфейффер таяқшасы] тудырған пневмония, басқа айдарларда жіктелмеген бактериялық пневмония, басқа айдарларда жіктелмеген, басқа жұқпалы қоздырғыштар тудырған пневмония, басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы пневмония, қоздырғышы анықталмаған пневмония, жіті бронхит, жіті бронхиолит, төменгі тыныс жолдарының респираторлық анықталмаған жіті жұқпасы

4.

K59.1

Функциялық диарея

      № 2-кесте. «ЭКГ-мен әйелдердің жүктілігі» индикаторын есептеу кезінде есепке үшін АХЖ-10 кодтарының тізбесі

АХЖ-10 коды

Аурулардың атауы

1

А15, А16, А17, А18, А19

белсенді және жайылған өкпе және өкпеден тыс туберкулезінің барлық формаларының асқынған түрлері

2

С00-С97

барлық жерде қазіргі кездегі қатерлі ісіктердің барлық орнығулары

3

D60-D61

апластикалық анемия

4

D65, D68.2-68.9,
D69.1, D69.6-69.9

жиі қайталанатын немесе ауыр өтетін пурпура және басқа геморрагиялық жағдайлар

5

F01-F03, F05.1, F06.0

органикалық, симптоматикалық, психикалық бұзылыстарды қоса

6

F10.5-7, F11.5-7,
F12.5-7, F13.5-7,
F14.5-7, F15.5-7,
F16.5-7, F17.5-7,
F18.5-7, F19.5-7

психикалық бұзылыстар және психоактивті заттарды пайдалануына байланысты мінездерінің бұзылыстары

7

F20.0, F20.1, F20.2, F22

шизофрения, шизотиптік және сандырақ бұзылыстары

8

F71-F73

Ақыл-ес кемістігі

9

G40-G41

психикалық бұзылыстар белгілермен эпилепсия

10

В69

цистицеркоз, тұқым қуалайтын нервтік-бұлшықеттік аурулар

11

G30-G32

ОЖЖ дегенеративті аурулары

12

G12.2

қозғалыс нейронының ауруы

13

G35

таралған склероз

14

G37

басқа деменциялық аурулар

15

G70, G73

миастения және миастениялық синдромдар

16

G61.0, G61.8

Гийен-Барре синдромы, басқа қабынба невропатиялар

17

Н46

көру жүйесінің невриті

18

Н47.0

ишемиялық екі жақты нейропатия

19

Н36.0

рецидивті гемофтальм диабеттік ретинопатии фонында

20

H35.0

рецидивті гемофтальм гипертониялық ретинопатия фонында

21

I50.0-1, I50.9

NYHA бойынша III-IV созылмалы жүрек жетіспеушілігімен және/немесе өмірге қауіпті жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуымен асқынған жүректің туа және жүре пайда болған кемістіктері

22

I11.0, I12.0, I13.0-2, I13.9

II-III дәрежелі гипертониялық ауру, және қатерлі ағымы

23

I25

ишемиялық жүректің ауруы, түзетуге келмейтін (консервативті немесе хирургиялық әдістермен)

24

I27.0

өкпелік жүрек жеткіліксіздігімен қабаттасқан біріншілік өкпе гипертензиясы

25

I50.0-50.1, I50.9

Жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі

26

I33.0, I33.9

жіті және жітілеу эндокардит

27

I40, I42, I46, I49

NYHA бойынша III-IV дәрежелі созылмалы жүрек функциясы жетіспеушілігімен және/немесе өмірге қауіпті жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуымен асқынған миокардиттер, кардиомиопатиялар және/немесе өмірге қауіпті жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуымен, NYHA бойынша III-IV дәрежелі жүрек функциясының жетіспеушілігі белгілерімен жүрек қақпақшаларын протездеуден кейін жүрек функциясының жетіспеушілігі белгілері бар миокардиттер мен кардиопатиялар

28

I49, I46

жүрек ырғағының өмірге қауіпті бұзылыстары

29

I71.0-71.9

аневризма және аорта қабаттарының ажырауы

30

I01.0-01.2, I01.8- I01.9, I27.0

митралдық комиссуротомиядан кейінгі рестеноздың туындауы мен NYHA бойынша III-IV дәрежелі созылмалы жүрек функциясы жетіспеушілігімен және/немесе өмірге қауіпті жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуымен қоса өкпе гипертензиясы және ревматизмнің өршуі

31

J45, J96.1

бронх демікпесі, ауыр ағымды, ТЖ III дәрежесі

32

J43.1

Көпіршікті эмфизема, ТЖ III дәрежесі

33

Q33.6

өкпенің кистозды гипоплазиясы, жайылмалы түрі, ауыр ағымды, ТЖ III дәрежесі

34

J47

өкпенің бронхоэктазиялық ауруы, ТЖ III дәрежесі, өкпенің лимангиолеймиоматозы, ТЖ III дәрежесі

35

J84.9

идиопатиялық фиброздаушы альвеолиті, ТЖ III дәрежесі, біріншілік өкпе гипертензиясы, ТЖ III дәрежесі

36

К22.2

өңештің тарылуы мен стенозы

37

К21

ойық жарасы және стриктурасымен асқынған ГЭРА - өңеш ауруы, Баррет өңеші

38

К31.2, К31.5

асқазан, 12 елі ішек аурулары, қан кетумен асқынған ойық жарасы хирургиялық емдеуден кейінгі пайда болатын стеноз

39

К50.8

асқыну сатысындағы Крон ауруы (сауығу сатысында жеке тәртіппен шешу)

40

К71.2, К71.5, К71.7, К71.9, К74.6

асқыну сатысындағы жіті және созылмалы бауыр аурулары, ауыр ағымды; декомпенсация кезеңіндегі бауыр циррозы

41

К86.1, К86.6

ауыр дәрежелі (фиброз сатысы) сіңіру бұзылысымен және айқын секреторлық функциясының бұзылуымен өтетін созылмалы панкреатит

42

N00

жедел гломерулонефрит

43

N08.3

IV, V сатыдағы диабет нефропатиясы

44

O98 - O99

Басқа айдарларда жіктелген, бірақ жүктілікті, босану мен босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын ананың жұқпалы және паразиттік аурулары, басқа айдарларда жіктелген, бірақ жүктілікті, бала тууды немесе босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын анасының басқа аурулары

45

O24.0, O24.1

Бұрыннан бар инсулин тәуелді қантты диабет, бұрыннан бар инсулин тәуелсіз қантты диабет

      № 3-кесте. «Босануға қатысты аборттардың деңгейі» индикаторын есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін АХЖ-10 кодтарының тізбесі

АХЖ-10 коды

Аурулардың атауы

1.

O02.0, O02.1, O02.8, O02.9

Өлген ұрық жұмыртқасы мен көпіршікті емес кірме, аяқталмаған түсік тастау, ұрықтанудың анықталған қалыптан тыс басқа өнімдері, ұрықтанудың қалыптан тыс анықталмаған өнімі

2.

O03

Өздігінен болған түсік

3.

O04

Медициналық түсік

4.

O05

Түсіктің басқа түрлері

5.

O06

Анықталмаған түсік

6.

O07-O07.9

Түсік жасауға сәтсіз әрекет

      № 4-кесте. «Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды уақтылы диагностикаламау» индикаторларды есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін АХЖ-10 кодтарының тізбесі
      Мынадай клиникалық нысандар бойынша туберкулездің асқынған жағдайлары болып алғаш анықталған туберкулезбен ауыратын науқастар есептелуі тиіс:
      1) диссеминирленген жітілеу және созылмалы туберкулез (ТБ01 қорытынды клиникалық диагнозының кодынан – 07, 08, 09, 10 кодтар алынады);
      2) казеоздік пневмония (ТБ01 қорытынды клиникалық диагнозының кодынан – 15, 16 кодтары);
      3) фиброздық-каверноздық туберкулез (ТБ01 қорытынды клиникалық диагнозының кодынан – 21, 22 кодтары);
      4) өкпесінің деструктивтік өзгеруі немесе бактерия шығаруы.

Туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімі бойынша диагноздың коды



Аурулардың атауы



АХЖ-10 коды

01

Бактериа бөлетін алғашқы туберкулезді комплекс

А 15.7

02

Бактериасыз бөлетін алғашқы туберкулезді комплекс

А 16.7

03

Бактериа бөлетін кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

А 15.4

04

Бактериасыз бөлетін кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

А 16.3

05

Жайылған жіті бактериа бөлетін өкпе туберкулезі

А 19

06

Жайылған жіті бактериасыз өкпе туберкулезі

А 19

07

Жайылған жітілеу бактериа бөлетін өкпе туберкулезі

А 19

08

Жайылған жітілеу бактериасыз өкпе туберкулезі

А 19

09

Жайылған созылмалы бактериа бөлетін өкпе туберкулезі

А 19

10

Жайылған созылмалы бактериасыз өкпе туберкулезі

А 19

11

Бактериа бөлетін ошақталған өкпе туберкулезі

А 15.0

12

Бактериасыз ошақталған өкпе туберкулезі

А 16.0

13

Бактериа бөлетін инфильтративтік өкпе туберкулезі

А 15.0

14

Бактериасыз инфильтративтік өкпе туберкулезі

А 16.0

15

Бактериа бөлетін казеоздық пневмония

А 15.0

16

Бактериасыз казеоздық пневмония

А 16.0

17

Бактериа бөлетін өкпе туберкуломасы

А 15.0

19

Бактериа бөлетін кавернозды өкпе ТБ

А 15.0

20

Бактериасыз кавернозды өкпе ТБ

А 16.0

21

Бактериа бөлетін фиброзды-кавернозды өкпе ТБ

А 15.0

22

Бактериасыз фиброзды-кавернозды өкпе ТБ

А 16.0

23

Бактериа бөлетін цирротикалық өкпе ТБ

А 15.0

24

Бактериасыз фиброзды-кавернозды өкпе ТБ

А 16.0

28

Милиарлы ТБ

А 19

29

Анықталған, бір орында орналасқан жіті миллиарлы туберкулез

А 19.0

30

Көп орында орналасқан жіті миллиарлы туберкулез

А 19.1

31

Орны анықталмаған, жіті миллиарлы туберкулез

А 19.2

32

Миллиарлы туберкулездің басқа пішіндері

А 19.8

33

Орналасу орны анықталмаған миллиарлы туберкулез

А 19.9

35

Ми қабығының туберкулездік қабынуы

А 17.0

      № 5-кесте. «Орны көзбен көрінетін 3-4 деңгейін анықталған қатерлі ісіктер диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлар» индикаторын есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін АХЖ-10 кодтар бойынша орны көзбен көрінетін ісіктер топографиясының тізбесі

АХЖ-10 коды

Аурулардың атауы

1.

C00

Еріннің қатерлі ісіктері (С44.0)

2.

C00.0

Жоғарғы еріннің сыртқы бетінің

3.

C00.1

Төменгі еріннің сыртқы бетінің

4.

C00.2

Еріннің сыртқы бетінің, анықталмаған

5.

C00.3

Жоғарғы еріннің ішкі бетінің

6.

C00.4

Төменгі еріннің ішкі бетінің

7.

C00.5

Еріннің ішкі бетінің, анықталмаған

8.

C00.6

Ерін дәнекерінің

9.

C00.8

Еріннің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу

10.

C00.9

Еріннің анықталмаған бөлігінің

11.

C01

Тіл түбірінің қатерлі ісігі

12.

C02

Тілдің арқашығының

13

C02.0

Тілдің арқашығының

14

C02.1

Тілдің бүйірлік бетінің

15

C02.2

Тілдің төменгі бетінің

16

C02.3

Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің анықталмаған

17

C02.4

Тіл бадамшасының

18

C02.8

Тілдің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

19

C02.9

Тілдің анықталмаған бөлімінің

20

C03

Қызыл иектің қатерлі ісігі

21

C03.0

Жоғарғы жақ сүйек қызыл иегінің

22

C03.1

Төменгі жақ сүйек қызыл иегінің

23

C03.9

9 Анықталмаған қызыл иектің

24

C04

Ауыз қуысы түбінің қатерлі ісігі

25

C04.0

Ауыз қуысы түбінің алдыңғы бөлімінің

26

C04.1

Ауыз қуысы түбінің бүйірлік бөлімінің

27

C04.8

Ауыз қуысы түбінің көрсетілген бір немесе одан көп орын алу

28

C04.9

Ауыз қуысы түбінің анықталмаған

29

C05

Таңдайдың қатерлі ісігі

30

C05.0

Қатты таңдайдың

31

C05.1

Жұмсақ таңдайдың

32

C05.2

Тілшік

33

C05.8

Жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан таңдайдың зақымдануы

34

C05.9

Таңдайдың, анықталмаған

35

C06

Ауыздың басқа және анықталмаған бөлімдерінің қатерлі ісігі

36

C06.0

Ұрттың сілемейлі қабығының

37

C06.1

Ауыз кіреберісінің

38

C06.2

Ретромолярлық аймақтың

39

C06.8

Жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан ауыздың зақымдануы

40

C06.9

Ауыздың, анықталмаған

41

C07

Шықшыт сілекей безінің қатерлі ісігі

42

C08

Басқа және анықталмаған үлкен сілекей бездерінің қатерлі

43

C08.0

Төменгі жақ сүйек асты безінің

44

C08.1

Тіласты безінің

45

C08.8

Үлкен сілекей бездерінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

46

C08.9

Үлкен сілекей безінің анықталмаған

47

C09

Бадамшаның қатерлі ісігі

48

C09.0

Бадамша шұңқырының

49

C09.1

Таңдай бадамшасы доғасының (алдыңғы) (артқы)

50

C09.8

Бадамшаның жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

51

C09.9

Бадамшаның анықталмаған

52

C10

Ауыз-жұтқыншақтың қатерлі ісігі

53

C10.2

Ауыз-жұтқыншақтың бүйірлік қабырғасының

54

C10.3

Ауыз-жұтқыншақтың артқы қабырғасының

55

C10.4

Желбезек саңылауының

56

C10.8

Ауыз-жұтқыншақтың жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

57

C20

Тік ішектің қатерлі ісігі

58

C21

Артқы өтіс [анустың] пен артқы өтіс өзегінің қатерлі ісігі. Тік ішек ампуласының (кеңейген жері)

59

C21.0

Артқы өтістің, орны анықталмаған

60

C21.1

Артқы өтіс арнасының

61

C21.2

Клоакатекті аймақтың

62

C21.8

Тік ішектің, артқы өтістің [анустың] және артқы өтіс өзегінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

63

C44

Терінің басқа қатерлі ісіктері

64

C44.0

Ерін терісінің

65

C44.1

Қабақ дәнекерін қоса алғандағы қабақ терісінің

66

C44.2

Құлақ терісі мен сыртқы есту өтісінің

67

C44.3

Беттің басқа және анықталмаған бөліктері терісінің

68

C44.4

Бастың шашты бөлігі мен мойынның

69

C44.5

Дене терісінің

70

C44.6

Иық белдеуі аймағын қоса алғандағы қол терісінің

71

C44.7

Ұршық аймағын қоса алғандағы аяқ терісінің

72

C44.8

Терінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымданулары

73

C44.9

Терінің анықталмаған аймағының қатерлі ісіктері

74

C50

Сүт безінің қатерлі ісігі

75

C50.0

Емізік пен ареоланың

76

C50.1

Сүт безінің орталық бөлігінің

77

C50.2

Сүт безінің жоғарғы-ішкі квадрантының

78

C50.3

Сүт безінің төменгі-ішкі квадрантының

79

C50.4

Сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантының

80

C50.5

Сүт безінің төменгі-сыртқы квадрантының

81

C50.6

Сүт безінің қолтықтық-артқы бөлігінің

82

C50.8

Сүт безінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

83

C50.9

Сүт безінің анықталмаған бөлігінің

84

C51

Сарпайдың қатерлі ісігі

85

C51.0

Үлкен жыныстық ернеудің

86

C51.1

Кіші жыныстық ернеудің

87

C51.2

Деліткінің

88

C51.8

Сарпайдың жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

89

C51.9

Сарпайдың анықталмаған бөлігінің

90

C52

Қынаптың қатерлі ісігі

91

C53

Жатыр мойнының қатерлі ісігі

92

C53.0

Ішкі бөлігінің

93

C53.1

Сыртқы бөлігінің

94

C53.8

Жатыр мойнының жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

95

C53.9

Жатыр мойнының анықталмаған бөлігінің

96

C54.0

Жатыр қылтасының

97

C54.8

Жатыр денесінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

98

C60

Еркек жыныс мүшесінің қатерлі ісігі

99

C60.0

Күпектің

100

C60.1

Еркек жыныс мүшесі басының

101

C60.2

Еркек жыныс мүшесі денесінің

102

C60.8

Еркек жыныс мүшесінің жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы

103

C60.9

Орналасуы анықталмаған, еркек жыныс мүшесінің

104

C62

Аталық бездің қатерлі ісігі

105

C62.0

Орнына дейін түспеген аталық бездің

106

C62.1

Төмен түскен атабездің

107

C62.9

Атабездің, анықталмаған

108

C63.2

Ұманың

109

C77

Лимфа түйіндерінің салдарлық және анықталмаған қатерлі ісігі

110

C77.0

Бастың, беттің және мойынның лимфа түйіндерінің

111

C77.3

Қолтық ойығы мен қолдың лимфа түйіндерінің

112

C77.4

Шап аймағы мен аяқтың лимфа түйіндерінің

113

C77.8

Көптеген орындарда орналасқан лимфа түйіндерінің

114

C77.9

Орналасуы анықталмаған лимфа түйіндерінің

115

С 73

Қалқанша без

116

С 73.9

Қалқанша без

      № 6-кесте. Жүрек-қан тамыры жүйесі: МСАК деңгейінде артериялық гипертензия, миокард инфаркті, инсульт ауруларының асқынуларымен индикаторды есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін АХЖ-10 кодтарының тізбесі

АХЖ-10:

Аурулардың атауы

1.

I11

Жүректің гипертензиялық ауруы [негізінен жүректі зақымдайтын гипертониялық ауру]

2

I11.0-I11.9

Жүрек функциясының (іркілулік) жеткіліксіздігі қабаттасқан, негізінен жүректі зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] ауру

3

I12,
I12.0-I12.9

Негізінен бүйректерді зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] ауру,
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі қабаттасқан негізінен, бүйректі зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] ауру

4

I13, I13.0-I13.9

Негізінен жүрек пен бүйректі зақымдайтын, гипертензиялық [гипертониялық] ауру, Жүрек функциясының (іркілулік) жеткіліксіздігі қабаттасқан, негізінен жүрек пен бүйректі зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] ауру,
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қабаттасқан негізінен, бүйректі зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық] ауру
Жүрек функциясының (іркілулік) жеткіліксіздігі мен бүйрек, функциясының жеткіліксіздігі қабаттасқан негізінен жүрек пен бүйректі зақымдайтын гипертензиялық [гипертониялық]ауру
Негізінен жүрек пен бүйректі зақымдайтын анықталмаған гипертензиялық [гипертониялық] ауру

5

I20,
I20.0-I20.9

Жүрек қыспасы
Жүректің тұрақсыз қыспасы
Жүрек қыспасы: үдемелі, алғаш пайда болған, кернеулік, кернеулік, үдемелі;
Спазм деп құжатпен расталған жүрек қыспасы
Жүрек қыспасының басқа түрлері
Жүректің анықталмаған қыспасы

6

I21,
I21.0-I21.4

Миокардтың жіті инфаргі
Жүректің алдынғы қабырғасының жіті трансмуральдық инфаргі
Жүректің төменгі қабырғасының жіті трансмуральдық инфаргі
Жүректің орналасу орны анықталмаған жіті трансмуральдық, инфаргі.
Миокардтың трансмуралдық инфаргі (жіті)
Миокардтың жіті субэндокардиальдық инфаргі

7

I60,
I60.0-I60.9

Мидың торлы қабығы астына қан құйылу
Каротидтік қойнау мен ашадан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Милық ортаңғы артериядан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Алдыңғы дәнекерлік артериядан мидың торлы қабығының; астына қан құйылу
Артқы дәнекерлік артериядан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Негіздік артериядан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Омыртқа артериясынан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Бас сүйек ішілік басқа артериялардан мидың торлы қабығының; астына қан құйылу
Бас сүйек ішілік анықталмаған артериядан мидың торлы қабығының астына қан құйылу
Мидың торлы қабығының астына басқаша қан құйылу
Мидың торлы қабығының астына қан құйылу, анықталмаған

8

I61,
I61.0-I61.9

Мидың ішіне қан құйылу
Ми сыңары қыртысының астына қан құйылу
Мидың ішіне терең қан құйылу
Ми сыңарының қыртысына қанқұйылу
Мидың үлестік қан құйылу
Мидың ішіне терең емес қан құйылу
Ми сыңарына қан құйылу, анықталмаған
Ми діңінің ішіне қан құйылу
Мишық ішіне қан құйылу
Ми қарыншасы ішіне қан құйылу
Мидың ішінде көп орынды қан құйылулар
Ми ішіне басқаша қан құйылу
Ми ішіне қан құйылу, анықталмаған

9

I62.0, I62.1, I62.9, I62

Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқаша қан құйылу
Мидың қатты қабығының астына қан құйылу (жіті) (жарақаттық емес)
Мидың қатты қабығының жарақаттық емес қан құйылулар
Бас сүйек ішілік қан құйылу, анықталмаған (жарақаттық емес)

10

I63,
I63.0-I63.9

Ми инфаркті
Прецеребралды артерияның тромбозы тудырған ми инфаргі
Прецеребралды артерияның эмболиясы тудырған ми инфаргі
Прецеребралды артерияның анықталмаған бітелуі немесе тарылуы тудырған ми инфаргі
Ми артерияларының тромбозы тудырған ми инфаргі
Ми артерияларының эмболиясы тудырған ми инфаргі
Ми артерияларының анықталмаған бітелуі немесе тарылуы тудырған ми инфаргі
Ми веналарының тромбозы тудырған ми инфаргі, ірің текті емес
Мидың басқа инфаргі
Мидың анықталмаған инфаргі

      № 7-кесте. «Тәуліктік стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін және БМСК деңгейінде басқарылатын созылмалы аурулары ушыққан науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі» индикаторын есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін АХЖ-10 кодтарының тізбесі

АХЖ-10

Аурулардың атауы

1.

D 50

Темір тапшылықты анемия

2

G 50 – G 64 G70 – G 73

Жүйке, жүйке түбіршегі мен өрімі аурулары

3

I 10

Артериялық гипертензия

4

M 15 – V 19

Артроздар

5

N 10, N 12, N 15

Бүйректің тубулоинтерстициялық аурулары

6.

О0-О99
(O85-O92 қоспағанда)

Жасөспірімдер жүктілігі (18 жасқа дейін)

Тегін медициналық көмектің  
кепілдік берілген көлемінің 
шеңберінде көрсетілетін   
медициналық қызметтерге  
тарифтерді қалыптастыру және 
шығындарды жоспарлау    
әдістемесіне         
4-қосымша         

Мамандықтар бейіні кесіндісіндегі максималды мүмкін баллдар кестесі*


р/с

Индикатордың атауы

Жалпы практика учаске

Терапевтік учаске

Педиатриялық учаске

Әлеуметтік қызметкер, психолог

Күндізгі стационар дәрігерлері**

1

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі

6,00

6,00

6,00



2

Экстрогениталды потологиясы бар фертильділік жастағы әйелдердің жүктілігі

4,00

4,00




3

Босануға қатысты аборт деңгейі

4,00

4,00




4

МСАК деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі ЖІИ, ЖРИ-дан балалар өлімі

4,00


4,00



5

Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың уақытылы диагностикаланбауы

2,00

2,00

2,00



6

Орны көзбен көрінетін 3-4 деңгейдегі алғаш анықталған қатерлі ісік жағдайлары

4,00

4,00

4,00



7

Жүрек-тамырлар жүйесі, артериялық гипертензия, инсульт - жүрек инфаркті ауруларының асқынуы бар емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі

2,00

2,00




8

Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға қатысты күндізгі стационарға емдеуге жатқызу деңгейі





5,00

9

Тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін асқынған созылмалы аурулары бар науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі




4,00


10

Негізделген шағымдардың саны

2,00

2,00

2,00



Максималды баллдар жиынтығы

28,00

24,00

18,00

4,00

5,00

ҮК

1,17

1,00

1,33



      * Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес үлестік коэффициентті (ҮК) есепке алғанда
      ** күндізгі стационарда емдейтін дәрігерлер, МСАК дәрігерлері және МСАК ұйымының күндізгі стационарына емдеуге жатқызуға бағыттаған дәрігерлер (жалпы практика дәрігерлері, учаске терапевттері және педиатрлары, бейінді мамандар)