Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 775 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5896 болып енгізілді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ж. Досқалиев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
№ 775 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы

      Ескерту. Номенклатура жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.12.2018 № ҚР ДСМ-43 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдары

      1. Басшылардың лауазымдары:

      1) республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директор);

      2) республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директор);

      3) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор/директор);

      4) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер);

      5) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер);

      6) денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) орынбасары (медициналық бөлім, медициналық қызметтердің сапасын бақылау, стратегиялық даму жөніндегі);

      7) экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) орынбасары;

      8) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары;

      9) денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, бас мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) / мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі);

      10) бас мейіргер (басшының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары);

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.04.2019 № ҚР ДСМ-29 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) участкелік дәрігер/ жалпы практика дәрігері;

      2) дәрігер (бейінді маман);

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маманы);

      4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);

      5) денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтер сапасы жөніндегі, медициналық қызмет стратегиясы мен маркетингі жөніндегі, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі жөніндегі, персоналмен жұмыс істеу жөніндегі (hr-менеджер);

      6) дәрігер-сарапшы;

      7) дәрігер – сот-медициналық сарапшы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, сот-гистологиялық, химия-токсикологиялық, медицина-криминалистік, молекулалық-генетикалық зерттеулер);

      8) кеңейтілген практика мейіргері;

      9) резидент-дәрігер.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.06.2020 № ҚР ДСМ-70/2020 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) психолог;

      2) денсаулық сақтаудағы сарапшы;

      3) зертхана маманы;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог);

      5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);

      6) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) инженер-медициналық физик;

      8) сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер;

      9) инженер - радиомеханик.

      4. Ортадан кейінгі медициналық білімі бар мамандардың лауазымы:

      1) кеңейтілген практика мейіргері.

      5. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:

      1) фельдшер;

      2) зертханашы;

      3) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);

      4) учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері;

      5) мейіргер (мамандандырылған);

      6) акушер;

      7) диеталық мейіргері;

      8) нұсқаушы-дезинфектор;

      9) оптик және оптикометрист;

      10) тіс дәрігері (дантист);

      11) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);

      12) стоматологиялық гигиенист;

      13) рентген зертханашысы;

      14) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);

      15) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      16) медициналық тіркеуші;

      17) кіші мейіргер;

      18) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер;

      19) техник-дозиметрист;

      20) массажист.

      6. Кіші персонал лауазымдары:

      1) санитар.

2-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы объектілер

      7. Басшылардың лауазымдары:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор /директор);

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйым басшысының орынбасары;

      3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.04.2019 № ҚР ДСМ-29 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Фармацевтикалық жоғары білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) провизор (фармацевт);

      2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер-технолог.

      9. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымдары

      1) фармацевт (фармацевттің ассистенті).