Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 775 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5896 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы  
N 775 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы Медициналық ұйымдар

      1. Басшылардың лауазымдары:
      1) республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы;
      2) республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі, экономика жұмысы жөніндегі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі);
      3) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы;
      4) облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі, экономикалық жұмыс жөніндегі, әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі);
      5) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы;
      6) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі, экономикалық жұмыс бойынша, әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі);
      7) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық);
      8) бас мейірбике (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары);
      9) клиникалық бөлімшенің меңгерушісі;
      10) параклиникалық бөлімшенің меңгерушісі;
      11) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі;
      12) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі.
      2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымы:
      1) учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері;
      2) ординатор-дәрігер (профильдік маман);
      3) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері;
      4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (маман) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);
      5) сарапшы дәрігер;
      6) сот-медициналық сарапшы дәрігер.
      3. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымы:
      1) психолог маман;
      2) денсаулық сақтаудағы сарапшы маман;
      3) зертхана маманы;
      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог);
      5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер);
      6) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      4. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:
      1) аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер);
      2) фельдшер;
      3) зертханашы;
      4) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлеріінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);
      5) учаскелік мейірбике(мейірие)/жалпы практика мейірбикесі (мейірие);
      6) мейірбике/мейірие (мамандандырылған);
      7) акушер;
      8) емдәм мейірбикесі;
      9) ңұсқаушы-дезинфектор;
      10) оптик және оптикометрист;
      11) тіс дәрігері (дантист);
      12) стоматологтың көмекшісі (тіс гигиенисті);
      13) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);
      14) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
      15) медициналық тіркеуші;
      16) кіші мейірбике/мейірие (мейірбикенің/мейіриенің көмекшісі);
      17) денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      5. Кіші қызметкерлердің лауазымдары санитар.

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер

      1. Басшылардың лауазымдары:
      1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы объектінің басшысы (менеджер);
      2) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы объекті басшысының орынбасары;
      3) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы объекті бөлімінің басшысы.
      2. Фармацевтикалық жоғары білімі бар мамандардың лауазымдары:
      1) провизор (фармацевт);
      2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер-технолог.
      3. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымдары фармацевт (фармацевт ассистенті)