Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы министрінің 29.03.2017 № 198 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 67 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабының 3-тармағына, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, сондай-ақ "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына және "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.06.2016 № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 172 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Қаржы министрінің 29.03.2017 № 198 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 67 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.
1. Өкімдердің нысандары бекітілсін:
осы бұйрыққа және қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді және салықтарды, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
осы бұйрыққа және қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
осы бұйрыққа және қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 16.03.2015 № 173 бұйрығы және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 61 қаулысымен (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2016 № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 172 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3644 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 175-176 (909-910) нөмірлерінде жарияланған) ;
2) "Өкімдер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуiрдегi N 49 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi
Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 175 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 42 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4680 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымда "Заң газеті" газетінің N 90 (1293) нөмірінде жарияланған) .
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және оларды кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық пен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
Қаржы министрі | Ұлттық Банкiнің Төрағасы |
Б. Жәмішев | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 16 қаулысына
1-қосымша
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2016 № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 172 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
___________________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
___________________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
_________________________________________________________________ұсынылды.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабына, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына және __ жылғы "__" _____ № _____ хабарламаға сәйкес
(хабарлама күні)
___________________________________________________________________________
(мемлекеттік органының атауы,
___________________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара
кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби
медиатордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
___________________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
___________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
________________________________________ теңге* сомасы шегінде
(сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары ___________________________________
(тоқтатыла тұрудың себебі)
Мөр орны __________________________________________________________
(Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ______ жылғы "___" _________________________ табыс етілді.
* мемлекеттік орган салық берешегі және (немесе) кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда көрсетеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 16 қаулысына
2-қосымша
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2016 № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 172 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
_________________________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
_________________________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
_______________________________________________________________________ ұсынылды.
2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы _____ жылғы
___" _____________ № _________ хабарламаға сәйкес
(хабарлама күні)
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке
нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_________________________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
_________________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
__________________________________________теңге сомасы шегінде
(сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары ___________________________________
Мөр орны __________________________________________________________
(Мемлекеттік органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ____ жылғы "___" ____________________________ табыс етілді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 16 қаулысына
3-қосымша
Нысан |
3-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы министрінің 29.03.2017 № 198 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 67 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2016 № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 172 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
_________________________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
_________________________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
_______________________________________________________________________ ұсынылды.
2003 жылғы 25 сәуірдегі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін беру туралы________________ жылғы
"___"________ № ____ хабарламаға сәйкес
(хабарлама күні)
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_________________________________________________________________________________
(хабарламаның мазмұны)
_________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке
нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_________________________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
_________________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны ______________________________________________________
(Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ______ жылғы "___" __________________________ табыс етілді.