Өкiмдер нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 Бұйрығы. Қазақстан Рсепубликасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3644. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 27 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы N 16 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.14. N 512 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 34, 455-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      2-1, 2-2, 2-3-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде:
      барлық мәтiн бойынша:
      "мақсатты" деген сөздiң алдынан "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "қалалық" деген сөзден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3, 5 және 8-тармақтарда "қалалық", "Қалалық" деген сөздерден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі