Өкiмдердің нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 27 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы N 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5585 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 22-4-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 17-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 51-бабына, сондай-ақ "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қараңыз.K100296
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 441 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.11.01 N 86 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      1. Өкімдердің мынадай нысандары бекітілсін:
      осы бұйрықтың және қаулының 1-қосымшасына сәйкес салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
      осы бұйрықтың және қаулының 2-қосымшасына сәйкес салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
      осы бұйрықтың және қаулының 3-қосымшасына сәйкес салық органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 441 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.11.01 N 86 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3644 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 175-176 (909-910) нөмірлерінде жарияланған) ;
      2) "Өкімдер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуiрдегi N 49 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi
Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 175 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 42 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4680 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымда "Заң газеті" газетінің N 90 (1293) нөмірінде жарияланған) .
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және оларды кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық пен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                 Ұлттық Банкiнің Төрағасы
      Б. Жәмішев                     Г. Марченко

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 441 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.11.01 N 86 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

  Салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің),
     кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
                           өкімі

20___ж. "___"_______________                             N ______
              (жазба күні)
__________________________________________________________________
  (банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
                     асыратын ұйымның атауы,
__________________________________________________________________
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________ ұсынылды.
    (ЖСН/БСН) (бар болған жағдайда), орналасқан орны)
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына және
__________________________________________________________________
  (салық (кеден) органының атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
__________________________________________________________________
        сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) (бар болған жағдайда)
__________жылғы "___"________________N_________ хабарламасына сәйкес
     (хабарламаны табыс ету күнi)
__________________________________________________________________
       (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық
                 атауы немесе жеке кәсіпкердің,
__________________________________________________________________
       жеке нотариустың және адвокаттың аты-жөні, салық
                  төлеушінің тiркеу нөмiрi,
__________________________________________________________________
      сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда),
                        орналасқан орны)
__________________________________________________________________
   банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
__________________________________________________________________
                   (жеке сәйкестендіру коды)
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, басқа барлық шығыс операциялары
__________________________________________________________________
                     (тоқтатыла тұрудың себебі)
__________________________________________________ тоқтатыла тұрсын.
__________________________________________________________________
           (Салық (кеден) органы басшысының аты-жөнi)

      Мөрдiң орны

      Осы өкiм ________ жылғы "___" ________________ табыс етiлдi.

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                2-қосымша

       Салық органының агенттiң банк шоттары бойынша
         шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
                          өкімі

20__ж. "___"_____________                                  N ______
           (жазба күнi)
__________________________________________________________________
      (банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн
                     жүзеге асыратын ұйымның атауы,
__________________________________________________________________
       салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________ ұсынылды.
     (ЖСН/БСН) (бар болған жағдайда), орналасқан орны)
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 22-4-бабына , "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына, сондай-ақ ____________________________
__________________________________________________________________
     (салық органының атауы, салық төлеушінің тiркеу нөмiрi,
__________________________________________________________________
       сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда))
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы ____ жылғы "__"____ N _____ хабарламасына сәйкес                      (хабарламаны жiберу күнi)
__________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы
немесе жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың аты-жөні.
__________________________________________________________________
  салық төлеушінің тiркеу нөмiрi, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)
__________________________________________________________________
               (бар болған жағдайда), орналасқан орны)
__________________________________________________________________
    банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
__________________________________________________________________
                     (жеке сәйкестендіру коды)
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, басқа барлық шығыс операциялары т оқтатыла тұрсын.
__________________________________________________________________
               (Салық органы басшысының аты-жөнi)

      Мөрдiң орны

      Осы өкiм ____ жылғы "___" _____________________ табыс етiлдi.

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                3-қосымша

Салық органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары
       бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
                            өкімі

20__ ж. "___" _______________                              N ______
               (жазба күні)

__________________________________________________________________
     (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
               жүзеге асыратын ұйымның атауы,
__________________________________________________________________
        салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________
          (ЖСН/БСН) (бар болған жағдайда), орналасқан орны)
__________________________________________________________ ұсынылды.
      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына , "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына, сондай-ақ
__________________________________________________________________
     (салық органының атауы, салық төлеушінің тiркеу нөмiрi,
__________________________________________________________________
      сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда))
салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін беру туралы______ жылғы "___"_________ N _____ хабарламасына сәйкес                (хабарламаны жiберу күнi)
__________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы
немесе жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың аты-жөні,
                салық төлеушінің тiркеу нөмiрi,
__________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда), орналасқан
                             орны)
__________________________________________________________________
  банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
__________________________________________________________________
                     (жеке сәйкестендіру коды)
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, басқа барлық шығыс операциялары т оқтатыла тұрсын.
__________________________________________________________________
                (Салық органы басшысының аты-жөнi)

      Мөрдiң орны

      Осы өкiм ______ жылғы "___" ___________________ табыс етiлдi.