Өкiмдердің нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 27 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы N 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5585 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына, сондай-ақ «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.12.2013 № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 25.12.2013 № 291 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Өкімдердің мынадай нысандары бекітілсін:
      осы бұйрықтың және қаулының 1-қосымшасына сәйкес салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
      осы бұйрықтың және қаулының 2-қосымшасына сәйкес салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
      осы бұйрықтың және қаулының 3-қосымшасына сәйкес салық органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 441 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.11.01 N 86 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3644 тіркелген, 2005 жылғы 23 қыркүйекте "Заң газеті" газетінің N 175-176 (909-910) нөмірлерінде жарияланған) ;
      2) "Өкімдер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуiрдегi N 49 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi
Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 175 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 42 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4680 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымда "Заң газеті" газетінің N 90 (1293) нөмірінде жарияланған) .
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және оларды кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық пен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                 Ұлттық Банкiнің Төрағасы
      Б. Жәмішев                     Г. Марченко

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                1-қосымша

      Нысан

Салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің),
кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы
өкімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.12.2013 № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 25.12.2013 № 291 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

20 ___ жылғы «___»_____________                             № _______
                 (жазба күні)
_____________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
_____________________________________________________________________
      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
___________________________________________________________ ұсынылды.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабына/«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына және _____ жылғы «___» ___________ № _______
            (хабарламаны табыс ету күні)
хабарламасына сәйкес
_____________________________________________________________________
     (салық (кеден) органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,
_____________________________________________________________________
жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,
_____________________________________________________________________
            сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
_____________________________________________________________________
                     (жеке сәйкестендіру коды)
      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында/«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексі 162-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X тиісті торкөзінде көрсету керек):
___________________________________________ теңге сомасы шегінде
          (сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары
_____________________________________________________________________
                       (тоқтатыла тұрудың себебі)

Мөрдің орны
_____________________________________________________________________
            (Салық (кеден) органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкім ________ жылғы «___» ________________ табыс етілді.

*Салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органымен көрсетіледі

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                2-қосымша

Нысан        

Салық органының агенттiң банк шоттары бойынша
шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
өкімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.12.2013 № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 25.12.2013 № 291 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

20 __ жылғы «___» ______________                             № ______
               (жазба күнi)
____________________________________________________________________
     (банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
____________________________________________________________________
      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
_________________________________________________________ ұсынылды.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы _____ жылғы «___» ____________ № _________
(хабарламаны табыс ету күні)

хабарламасына сәйкес
_____________________________________________________________________
          (салық органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,
_____________________________________________________________________
жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,
_____________________________________________________________________
      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
_____________________________________________________________________
                    (жеке сәйкестендіру коды)
      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X тиісті торкөзінде көрсету керек):

_____________________________________________ теңге сомасы шегінде
       (сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары

Мөрдің орны _________________________________________________________
                    (Салық органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкiм ______ жылғы «___» ____________ табыс етiлдi.

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                         2009 жылғы 23 қаңтардағы
                                           N 27 бұйрығына және
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2009 жылғы 27 ақпандағы
                                              N 16 қаулысына
                                                3-қосымша

Нысан        

Салық органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары
бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
өкімі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 12.12.2013 № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 25.12.2013 № 291 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

20 __ жылғы «___» _______________                           № _______
                  (жазба күні)
_____________________________________________________________________
     (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
_____________________________________________________________________
      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
___________________________________________________________ ұсынылды.
      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына, сондай-ақ
_____________________________________________________________________
      (салық органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
      салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін беру туралы
_____ жылғы «___»___________ № _____ хабарламасына сәйкес
(хабарламаны табыс ету күні)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,
_____________________________________________________________________
жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,
_____________________________________________________________________
      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
_____________________________________________________________________
                 (жеке сәйкестендіру коды)
      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, басқа барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.

Мөрдің орны ____________________________________________________
                  (Салық органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкім ________ жылғы «___» ________________ табыс етілді.