Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 01-08/181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5357 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 "Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы ", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2008 жылғы 4 қазандағы
№ 01-08/181 бұйрығымен
бекітілген

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасында туризмнің іс-әрекеті "Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленеді және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      білім беру ұйымдары - меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер;

      тапсырыс берушілер - шаруашылық субъектілері, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Туристік қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау

      2. Туристік қызмет саласындағы мамандардың (бұдан әрі - мамандар) қайта даярлаудың мақсаты - жаңа кәсіпті немесе мамандықты алу үшін қажетті білім, ептілік және дағды алу болып табылады.

      3. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсаты теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңарту, сондай-ақ бұрын алынған білімдерін және дағдыларын одан әрі жетілдіру болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мамандардың біліктілігін арттыру барлық еңбек қызметінің уақытында 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      5. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарымен және (немесе) туристік саладағы ұйымдармен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде жұмыс беруші - туристік ұйыммен оқу шарты жасалынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымымен "Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жасалған білім беру қызметін көрсету шарты жасалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.12.2017 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыс оқу жоспарымен және бағдарламамен сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Бағдарламаның мазмұнына байланысты қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау күндізгі, кешкі, сырттай және экстернат үлгісімен жүзеге асырылады.

      10. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың ұзақтығы сәйкес бағдарламамен анықталады.

      11. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы қағидаларының қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру қағидаларына
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Сертификат

      ____________________________________________________________________

      (аты-жөні, лауазымы)

      берілді, өйткені ол_______________________________________ мамандығы

      бойынша біліктілігін арттыру курсын бітірді.

      Жетекші

      _________________________ М.О._______________

      (аты-жөні, лауазымы) (қолы)

      200__ жылғы "___"_________ берілді Тіркеу N___________