Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткіз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13227 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны;

      2) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартының нысаны;

      3) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шартының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрі
А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын

      __________________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      атынан басшысы

      __________________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)

      бір жағынан және екінші жағынан

      ________________________________________________________________

      (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуі

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20883 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерді қабылдауды іске асыруға;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 29031 болып тіркелді) бектілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8275 тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      4) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мекепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;

      5) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;

      6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ - _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;

      7) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде баланың орнын сақтауға;

      8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;

      9) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;

      10) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін шығаруға;

      11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 23469 болып тіркелді) сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарын сақтауға;

      12) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрмет көрсетуге міндетті;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсету;

      ата-аналардың (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда).

      2.2. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс күндері және демалыс күндері тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетуге;

      2) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылғанда, тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген, дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;

      3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;

      5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;

      6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.

      2.3. Ата-ана:

      1) Жарғымен анықталған ережелерді орындауға, осы шарттың талаптарын сақтауға;

      2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;

      3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар жақын туысқандарына баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;

      5) мектепке дейінгі ұйымды баланың бармайтыны туралы алдын ала уақытында хабардар етуге;

      6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;

      7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш және одан астам уақыт болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген медициналық анықтаманы ұсынуға;

      8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;

      9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара іс-қимыл жасауға;

      10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;

      11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:

      әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге;

      кибермәдениет пен кибергигиенаға тәрбиелеуге;

      12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;

      13) баласының мектепке дейінгі ұйымға баруын қатамасыз етуге міндетті.

      2.4. Ата-ана:

      1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;

      2) баланың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;

      3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;

      4) осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;

      5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі

      Баланың тамақтануы үшін _________ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Дауларды шешу тәртібі

      1) осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді;

      2) тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      6. Форс-мажор

      1) су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды;

      2) билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады;

      3) Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарынының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

      7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      1) шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

      2) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.

      3) шарттың әрекет ету мерзімі ______________бастап _________дейін.

      4) Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайы және қолы:

Мектепке дейінгі ұйым
_____________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
Мекенжайы:__________________
Мектепке дейінгі ұйым басшысы
_____________________
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда)) Қолы________________________
Мөр (мемлекеттк ұйымдарға),
(жеке меншік ұйымдарға -
болған жағдайда)

Ата-ана:
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
Мекенжайы:_____________________
Төлқұжат деректері: ______________
________________________________
Жұмыс орны: ____________________
Лауазымы: ______________________
Байланыс деректері _______________
Қолы___________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
2-қосымша
  Нысаны

Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Білім беру ұйымдары ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы)

      мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты

      реттеу мақсатында білім беру ұйымының директоры атынан, ___________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________бекітілген

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

      білім беру ұйымының Жарғысы негізінде қызмет ететін_________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      бір жағынан және көрсетілген мекен жай бойынша тұратын:

      ________________________________________________________________________________

      білім алушының _________________________________________________________________

      (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты туған күні, ЖСН)

      ата-анасы (немесе заңды өкілі)______________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))

      екінші жақтан, төмендегілер туралы _________________________________________________

      осы шартты жасады.

1. Шарттың мәні

      1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.

2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері

      2. Орта білім беру ұйымы:

      1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;

      2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;

      3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;

      4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;

      5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.

      3. Орта білім беру ұйымы:

      1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиямен, білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесімен және оның қызметін регламенттейтін актілермен таныстыруға;

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушыны білім, білік, дағдыларды алуды қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне қойылатын санитариялық және гигиеналық талаптарды сақтауға;

      4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі - міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);

      5) оқу процесі және мектептен тыс, мектептік және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу барысында мектеп аумағында білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;

      ата-аналарының (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен білім алушыларға психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге;

      білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамгершілігін, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;

      6) білім алушының ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрметпен қарауға;

      7) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;

      8) білім алушының, ата-анасының (заңды өкілінің) келісімінсіз және оқу процесіне залал келтірмей, білім алушыны тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге;

      9) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысан бойынша білім туралы құжатты беруге міндетті;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетуге.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері

      4. Ата-ана (заңды өкілі):

      1) баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;

      2) Қазақстан Республикасықолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға;

      3) ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;

      4) ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;

      5) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;

      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;

      7) қосымша (ақылы және / немесе тегін) қызметтерді алуға (үйірмелер, спорт клубтары) құқылы.

      5. Ата-ана (немесе заңды өкілі):

      1) білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;

      2) ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие үдерісі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе педагогтердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;

      3) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларына құрмет қөрсетуге;

      4) Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;

      5) сабақтарда баланың болмау себебі туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;

      6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсінен келтірілген материалдық залалды өтеуге;

      7) мектеп аумағынан тыс (мектепке дейін және мектептен кейін) білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік алуға, құқығы мен еркіндігін қорғауға;

      8) педагогтермен білім алушыны тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша байланыста болуға, кері байланысты жүзеге асыруға;

      9) баланы, оның қызығушылықтарын ескере келе:

      әдептілікке, төзімділікке, академиялық адалдыққа және ұлтаралық келісімге;

      кибермәдениетке және кибергигиенаға тәрбиелеуге;

      10) баланың қажеттіліктерін ескере отырып мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;

      11) қашықтан оқыту арқылы оқытудың нұсқаулықтарын, бағдарламаларын іске асыру және орнату бойынша білім алушыға қолдау көрсетуге міндетті.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Дауларды шешу тәртібі

      7. Осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді.

      8. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. Форс-мажор

      9. Соғыс, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар сияқты форс-мажорлы жағдайында, сондай-ақ Тараптардың бақылауына негізделмеген және шарт жасасқаннан кейін болған кез келген басқа жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі орын алмайды.

      10. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      11. Осы шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және оның толық орындалуына дейін жарамды. Жаңа шарт жасаған кезде жаңа келісім жасасу кезінде белгіленген шарттар қолданыста болады.

      12. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.

      13. Тараптар арасындағы шарттық қатынастарды тоқтату білім беру ұйымының басшысының тиісті бұйрығын жариялау мерзімі болып табылады.

      14. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен екі данада, ал тапсырыс берушінің қатысуымен үш данада жасалады, бір данадан әр тарапқа беріледі.

      15. Осы Шарттың тараптары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында және тараптардың - білім беру ұйымдары мен ата-аналардың (заңды өкілдері) келісімі бойынша бекітілген білім беру ұйымдарындағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды.

Осы шартқа қол қойған тараптар

Білім беру ұйымы______________
______________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Мекен-жайы:
______________________________
Білім беру ұйымының басшысы
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Қолы_________________________
Мөр (мемлекеттік ұйымдар үшін), (жеке
ұйымдарға - бар болған жағдайда)


Ата-ана (заңды өкілі)
____________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Мекен-жайы: __________________
______________________________
Паспорт мәліметтері: ____________
жұмыс орны: ___________________
лауазымы: _____________________
Байланыс мәліметтері ___________
_______________________________
Қолы_____________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
3 қосымша
  Нысаны

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________ негізінде әрекет етуші (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) ____________________________________________________________атынан, (білім беру ұйымның атауы, білім беру қызметімен айналысу үшін мемлекеттік лицензияның №) бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты) бір жағынан және бұдан әрі "білім алушы" (немесе заңды өкілі) деп аталатын __________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) ______________________________________________________екінші жақтан, немесе _______________________________________________ негізінде және (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) азамат(ша) _________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) мүддесі үшін әрекет етуші __________________________________________________________________ (заңды тұлғасы басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, ___________________________________________________________________ әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)) атынан, бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп алатын _________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы) екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.

      1. Шарттың мәні

      1. Тапсырыс беруші немесе білім алушы (немесе заңды өкілі) тапсырады және төлейді, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы білім алушыға тиісті мамандық оқыту нысаны бойынша білім беру ұйымының оқу жоспарларына сәйкес білім алушы үшін оқу процесін ұйымдастыруды және білім алушыға білім беру қызметтерін алу мүмкіндігін ұсынуды өз міндетіне алады.

      2. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері

      2. Білім беру ұйымы:

      1) осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге;

      2) білім алушыға ішкі тәртіп қағидаларында, білім беру ұйымының жарғысында және осы Шарттың талаптарында көзделген міндеттерін бұзғаны үшін ақшалай баламада көрсетілген санкциялардан басқа тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;

      3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүлігіне мұқият қарауды, компьютермен және басқа жабдықпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен келтірілген материалдық залал болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оны қалпына келтіруге жұмсалған шығындар үшін өтемақы талап етуге;

      4) білім алушыны білім беру, ғылыми және шығармашылық қызметте табысқа жеткені үшін марапаттауға және ынталандыруға;

      5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларында (бұдан әрі - ағымды бақылауды жүргізу қағидалары) көрсетілген себептер бойынша, сондай-ақ білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда Шартты біржақты тәртіпте тоқтатуға құқылы;

      3. Білім беру ұйымы:

      1) білім алушы білім беру ұйымының Жарғысымен, ішкі тәртіп қағидаларымен, оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім алушыны оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) қабылдау емтихандарының (сұхбаттасу) қорытындылары бойынша (немесе академиялық қарыз жабылған жағдайда басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы) білім ұйымының студенттері қатарына жыл сайынғы төлемнің ____% мөлшерін ол немесе тапсырыс беруші (уәкіл) төлеген жағдайда білім алушыны қабылдауға;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес оқу жүктемесінің көлемін анықтауға;

      5) білім ұйымдарының кітапхана ресурстарына (оқулықтарға, оқу-

      әдістемелік кешендерге және оқу-әдістемелік құралдарға) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      6) білім алушыларға білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу

      бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін компьютерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік беруге;

      7) білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру ұйымының оқу

      жоспарына сәйкес білім алушының кәсіби практикадан өтуін ұйымдастыруға;

      8) білім алушының өтініші негізінде бір мамандықтан келесі мамандыққа немесе бір оқу нысанынан басқасына, сондай-ақ, қатар басқа білім беру ұйымына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 (бұдан әрі – ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 тіркелген) бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету

      қағидаларына (бұдан әрі – білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) сәйкес ауыстыруға және қайта қабылдауға;

      9) Шарт бұзылған жағдайда білім алушыға бұйрық шығарылған сәттен бастап, ағымдағы оқу жылының шығындарын есептей отырып, төленген соманы қайтаруға;

      10) білім алушыға ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық шараларына қатысуына мүмкіндік беруге;

      11) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 тіркелген) тиісті нысанда білім туралы құжат беруге;

      12) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, білім алушыларды басқа білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыру үшін ауыстыру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсетуге;

      ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) жазбаша түрдегі келісімімен білім алушылармен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.06.2024 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Білім алушының құқықтары мен міндеттері

      4. Білім алушы:

      1) ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында белгіленген тәртіппен, бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауысуға және қайта оқуға қабылдануға, бір мамандықтан басқа мамандыққа, ақылы оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысуға немесе бір оқыту нысанынан басқасына ауысуға;

      2) оқу ақысын кезең-кезеңімен төлеуге, бұл ретте оқу шығыстары нақты ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жылына бір реттен артық емес төлемақы мөлшері өзгеруі мүмкін;

      3) мемлекеттік емес жалпыға міндетті білім беру стандартының қосымша білім беру (ақылы және тегін) қызметтерін алуға;

      4) кітапхана мен оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қолжеткізуге және пайдалануға;

      5) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға құқылы;

      5. Білім алушы:

      1) білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп қағидаларын және білім беру ұйымының қызметін регламеттейтін білім беру актілерін орындауға;

      2) білім беру ұйымының мүлкін күтіп ұстауға және орынды пайдалануға, оқуда және жатақханада тұру кезінде қолайлы жағдай жасауға қатысуға (егер ұсынылса);

      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 тіркелген) Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес әскери есепке алу қағидаларын сақтауға;

      4) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларына құрмет көрсетуге;

      5) білім беру ұйымында болмаған күннен бастап бір апта ішінде жазбаша түрде сабақта болмаған жағдайда білім беру ұйымын хабарлауға;

      6) отбасылық мәртебесі және байланыс ақпараты өзгерген жағдайда білім беру ұйымына есеп беруге (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электронды пошта және т.б.);

      7) амбулаториялық немесе стационарлық ем қабылдаған жағдайда растайтын құжаттарды табыс ете отырып, білім беру ұйымына хабарлауға міндетті.

      4. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

      6. Тапсырыс беруші (тапсырыс болған жағдайда):

      1) ұсынылатын білім беру қызметтері үшін уақытылы ақы төлеуге міндетті;

      7. Тапсырыс беруші (тапсырыс болған жағдайда):

      1) осы Шартқа сәйкес білім алушыдан өз міндеттерін және адал тиісті түрде орындауды талап етуге құқылы.

      5. Тараптардың жауапкершіліктері

      8. Осы Келісімде көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      6. Дауларды шешу тәртібі

      9. Осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар өзара тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында тараптармен тікелей шешіледі.

      10. Тараптардың келіссөздер жолымен шешілмеген мәселелер, өзара тиімді шешімдерді әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      11. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

      12. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

      13. Осы шарт үш данада жасалады мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және әрбір тарапқа бір данадан беріледі.

      14. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:

Білім беру ұйымы:

Білім алушы (заңды тұлға немесе тапсырыс беруші):

_________________________________
(Білім беру ұйымының атауы)
_________________________________
_________________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________________
_________________________________
(байланыс телефон нөмірі)
Білім беру ұйымының басшысы
_________________________________
_________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр (мемлекеттік ұйымдары үшін),
(жеке ұйымдар үшін – бар болған жағдайда)

_________________________________
Білім алушының, заңды өкілінің,
тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
_________________________________
(туған күні, айы, жылы, ЖСН, жеке куәлігінің
№, қай мерзімде және кіммен берілді)
_________________________________
(үй мекенжайы, білім алушы немесе
заңды тұлғаның байланыс телефоны)
_________________________________
(қолы)
_________________________________
(Тапсырыс берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_________________________________
(туған күні, айы, жылы, ЖСН, жеке куәлігінің
№, қай мерзімде және кіммен берілді)
_________________________________
(үй мекенжайы, байланыс телефоны)
_________________________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
4-қосымша
  Нысаны

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарт

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.05.2024 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      ______________ қаласы                                    20 ____ жылғы "___"________

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет етуші

      (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру ұйымның атауы)

      бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын ___________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан,

      (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

      (бар болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________ бір жағынан,

      _____________________________________________________________ негізінде әрекет етуші

      (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)

      _________________________________________________________________________атынан,

      ________________________________________________________________________________

      (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

      (бар болған жағдайда))

      бұдан әрі "кәсіпорын (ұйым)" деп аталатын _________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның атауы)

      деп аталатын екінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес

      төмендегілер туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Білім беру ұйымы 20___ жылы түскен ______________________________________

      (мамандықтың коды және атауы) мамандығының (біліктіліктің)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламаның атауы)

      білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыны оқытуды жүзеге асырады.

      2. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың базасымен қамтамасыз етеді.

      Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындар (ұйымдар) өндірістік практикадан өту кезінде білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке ақы төлеуді жүзеге асыра алады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Білім беру ұйымы:

      1) осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп

      қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім

      алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.

      4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:

      1) ____________________________ оқу нысаны бойынша _________________________

      (мамандықтың коды және атауы)

      __________________________________________________________________________

      мамандық бойынша оқитын білім алушыны оқу үдерісінің кестесіне сәйкес

      _______________________ практикадан өту үшін кәсіпорынға жіберу; (практика түрі);

      2) білім алушыны осы Шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;

      3) кәсіптік практиканың бағдарламасын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;

      4) кәсіпорынға (ұйымға) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;

      5) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;

      6) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушымен сақталуын қамтамасыз ету;

      7) білім беру бағдарламасы мен оқу процесінің тізбесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикаданөтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;

      8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;

      9) қажеттілігіне қарай кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;

      10) егер олар практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен жазатайым оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;

      11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды (ұйымды) хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.

Кәсіпорынның (ұйымның) міндеттері мен құқықтары

      5. Кәсіпорын:

      1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

      2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;

      3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;

      4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға;

      5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.

      6. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:

      1) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының қауіпсіз еңбекті әдістеріне оқытуды жүргізу;

      2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде алған мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін түлектің кандидатурасын қарастыру;

      3) білім беру ұйымына оқу процессінің кестесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;

      4) осы шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтар бойынша кәсіби практикаға жолдамаға сай білім алушыны қабылдау;

      5) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;

      6) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушының кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуді қамтамасыз ету;

      7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша, өндірістік оқыту немесе кәсіптік практика бағдарламалары бойынша үлгірмеуі, сонымен қатар физикалық және психологиялық жағдайдың сәйкес келмеуі барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;

      8) білім алушының кәсіби практиканың бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарында қажетті жағдай жасау;

      9) кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және кәсіби практикадан өту сапасын бағалау.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Тараптар осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

4. Дауларды шешудің тәртібі

      8. Осы Келісімді орындау үдерісінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.

      9. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

5. Келісімнің әрекет ету мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі

      10. Осы Келісім тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

      11. Осы Келісімнің ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып, өзгертілуі мүмкін.

      12. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі.

      13. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:

Білім беру ұйымы:
_______________________
(білім беру ұйымның атауы)
_______________________
_______________________
(заңды мекен-жайы)
_______________________
______________________
(қала коды көрсетілген байланыс
телефоны, факс нөмірі)
Білім беру ұйымның басшысы
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
Мөр (мемлекеттік мекемелер үшін),
(жеке меншік мекемелерде болған жағдайда)

Кәсіпорын (ұйым):
______________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның
және тағы басқа тауы)
______________________
___________________
(заңды мекен-жайы)
______________________
____________________
(қала коды көрсетілген байланыс
телефоны, факс нөмірі)
Басшы
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Мөр (мемлекеттік мекемелер үшін),
(жеке меншік мекемелерде болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
5-қосымша
  Нысаны

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарт

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.08.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


______________ қаласы (аудан, ауыл)

20 ____ жылғы "___"_____

      __________________________________________________________________, __________________________________________________________ негізінде әрекет етуші (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) атынан, ____________________________________________________________ (білім беру ұйымның атауы) ___________________________________________________________________ бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын ___________________________________________________________________ бір жағынан, _______________________________________________________ (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)) негізінде әрекет етуші ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері) ____________________________________________________________ атынан, (басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) бұдан әрі "кәсіпорын (ұйым)" деп аталатын ___________________________________________________________________ (кәсіпорынның атауы) ___________________________________________________________________ Жеке төлқұжаттың/туу туралы куәліктің ЖСН___________, _____ жылғы "__"_______, _______________ берген, бұдан әрі "білім алушы" аталатын және оның заңды өкілімен (білім алушы кәмелетке толмаған жағдайда) ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Жеке төлқұжаттың ЖСН ____________, _____жылғы "__"_____________, __________________ ерген, үшінші жақтан, бірге "Тараптар" деп аталатын осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы осы Шарт жасасты.

      1. Дуальды оқыту туралы шарттың мәні

      1. Осы дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 119 - бабымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 тіркелген) бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына және кәсіпорын (ұйымның) жарғысының ______ тармағына сәйкес жасалды.

      2. Оқу орны 20___ жылы түскен

      ___________________________________________________________________ (мамандықтың коды және атауы) мамандығының _____________________________________________________ (біліктіліктің) ___________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламасының атауы) білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын жүзеге асырады.

      3. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

      4. Білім алушы өндірістік, еңбек функцияларын және тапсырмаларды білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікке ие болу үшін білім беру бағдарламаларын меңгереді.

      2. Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі

      5. Дуальды оқыту туралы шарттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оқу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      Кәсіпорын (ұйым) осы дуальды оқыту туралы, білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаны толтырады.

      Дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.

      6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы дуальды оқыту туралы шарттың негізінде шығарылатын басшысының бұйрығымен немесе кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.

      3. Білім алушының құқықтары және міндеттері

      7. Білім алушы:

      1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;

      4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 тіркелген" нысанға сәйкес алуға құқылы.

      8. Білім алушы:

      1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;

      2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;

      3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;

      4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;

      5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

      6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге немесе практика жетекшісіне орындаған жұмыс туралы есеп беруге;

      7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге;

      8) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін кәсіпорын (ұйым) ұйымдастыратын кіріспе және өндірістік нұсқаулықтан өтуге;

      9) оқу процесінің кестесіне сәйкес өндірістік оқудан және кәсіби практикадан уақтылы өтуге міндетті.

      4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері

      9. Кәсіпорын:

      1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

      2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;

      3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;

      4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға құқылы.

      10. Кәсіпорын:

      1) тәлімгерді бекітуге – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.

      2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, оқу процесінің жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;

      3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізуге;

      5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;

      6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеуге;

      7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;

      8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беруге;

      9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалауға;

      10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыруға;

      11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарауға;

      12) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін білім алушыға кіріспе және (немесе) өндірістік нұсқама өткізуге;

      13) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.

      11. Тәлімгер:

      1) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытуға;

      2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыруға;

      3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылауға;

      4) білім алушыларға жіберілген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;

      5) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға;

      6) білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;

      7) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етуге;

      8) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізуге;

      9) білім алушыға пікір жазуға;

      10) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.

      5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері:

      12. Оқу орны осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.

      13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:

      1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберуге;

      2) білім алушыны осы дуальды оқыту туралы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыруға;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтібелік кестесін кәсіпорынның мен өкілімен бірге әзірлеуге және келісуге;

      4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындауға;

      5) білім алушылардың осы кәсіпорынның (ұйымның) қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауына ықпал етуге;

      6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауға;

      7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетуге;

      8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беруге;

      9) жазатайым оқиғаларды, егер өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен болған жағдайда тергеуге қатысу;

      10) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тәлімгерге ақы төлеуді жүргізу міндетті.

      6. Өтемақы төлемдерін төлеу

      14. Білім алушыға өтемақы төлемін кәсіпорын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика кезеңі үшін жүзеге асырады.

      15. Өтемақы төлеу көлемі кәсіпорынның (ұйымның) ұйғаруы бойынша белгіленеді.

      7. Еңбекті қорғау

      16. Кәсіпорын (ұйым) оқушыны қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етеді.

      17. Кəсіпорын (ұйым) оқыту, нұсқау, қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімін тексереді, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде меншікті жəне тартылған қаражат есебінен өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені қауіпсіз жүргізу бойынша материалдармен қамтамасыз етеді.

      18. Білім алушы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

      8. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Тараптарға осы Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптылық жүктеледі.

      9. Дауларды шешудің тәртібі

      20. Осы шартты орындау процесінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешу мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.

      21. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      10. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      22. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.

      23. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі.

      24. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік реквизиттері:

Білім беру ұйымы:

Білім алушы:

Кәсіпорын (ұйым):

_________________________
(білім беру ұйымның атауы)
_________________________
_________________________
(заңды мекен-жайы)
_________________________
_________________________
(байланыс телефонының нөмірі)
Білім беру ұйымның басшысы
_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
Мөр (мемлекеттік мекемелер үшін),
(жеке меншік мекемелерде - болған жағдайда)

_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
_________________________
(Туған күні, ЖСН; куәлік №,
қашан және кіммен берілді)
_________________________
(Тұрғылықты мекен-жайы, телефон)
_________________________
(қолы) Заңды өкілі (ата-анасы)
_____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
_________________________
(Туған күні, ЖСН; куәлік №,
қашан және кіммен берілді)
_________________________
(Тұрғылықты мекен-жай, телефон)
_________________________
(қолы)

_________________________
(Кәсіпорынның, мекеменің,
ұйымның және тағы басқа)
_________________________
_________________________
(заңды мекен-жайы)
_________________________
_________________________
(байланыс телефонының нөмірі)
Басшы
_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
Мөр (мемлекеттік мекемелер үшін),
(жеке меншік мекемелерде –болған жағдайда)

  Техникалық және кәсіптік орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін дуальды оқыту
туралы шартқа
Қосымша
№ _________________________
(күні, айы, жылы)
  ____________________________
  (кәсіпорынның (ұйымның) атауы)

      _________________________________________________________ білім алушы (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ____________________________________________________________________ (оқу орнының атауы) _____ курс __________________________________________________ бойынша(мамандық және біліктілік атауы)базасында өндірістік оқудан және кәсіби практикадан өтті _____________________________________________________________________ (кәсіпорынның немесе ұйымның атауы)бойынша ____________________________________________________________ (өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың басталу және аяқталу күні, айы, жылы практиканың әрбір кезеңіне толтырылады)

      және функционалдық міндеттерін атқарды ______________________________ _____________________________________________________________________ (лауазым атауы)

      Келісілді:Тәлімгер _________________________________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Кәсіпорын (ұйым) басшысы ________________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

      Білім алушы _____________________________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5053 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 13 (1413) санында жарияланған);

      2) "Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5070 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1412) санында жарияланған);

      3) "Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 396 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7918 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 696-701 (27773) санында жарияланған).