"Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 1001 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қарашада № 12330 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі;
      2) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
      3) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
      4) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      4-1) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлға;
      5) мүлiктiк жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – су шаруашылығы құрылыстарын, жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).
      Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;
      6) тендер – бұл жалға беруші өзі ұсынған бастапқы шарттар негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
      7) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
      8) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – Тізілім);
      9) Ұлттық почта операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысына сәйкес құрылған заңды тұлға;
      10) шарт – мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты;
      11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдеріне және халыққа қызмет көрсету орталықтарының теңгеріміндегі үй-жайларды жалдауға (жалға алуға) беру берілетін объектінің ауданына қарамастан тендер негізінде жүргізіледі.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Объектіні тендер өткізбей мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша өтінімнің негізінде (бұдан әрі – өтінім) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылады.
      Өтінім мынадай құжаттарды:
      1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың) және жарғының көшірмелерін;
      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін) көшірмелерін, тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қоса бере отырып;
      шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорт немесе құрылтай құжаттарын, не көрсетілген құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен электрондық нысанда тізілімнің веб-порталында ресімделеді.»;
      14-тармақтың 6) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Тендер комиссиясының құрамына жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледі. Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Жалға берушiнiң өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссияның құрамын жалға берушi бекiтедi.
      Тендер комиссиясының хатшысы жалға берушiнiң өкiлi болып табылады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссияның хатшысы тендерді өткізу күні веб-порталда тендер нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және оны оған комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін жариялайды.»;
      18-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, жалға берушінің шотына тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Қатысушыларды тiркеу тізілімнің веб-порталында тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін екі сағат бұрын аяқталады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға өтінімді тіркеу қажет.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қатысушылар Тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты тендерге қатысуға өтінімді тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.
      Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспортының немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.»;
      2728 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Қатысушының осы Қағидалардың 23 және 25-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      28. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
      Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
      29. Қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарна енгiзедi.
      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді.
      Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.
      Жылжымайтын мүлік объектісі берілген кезде, тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарнаны тендер комиссиясы мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объект үшін жалға алушының қызмет түрі мен жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттерді ескермей есептелген айлық жалдау төлемі мөлшерінде белгілейді. Өзге мүлік берілген кезде, кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор кепілді жарнаны мынадай:
      1) тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда жеңімпазға;
      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда жеңімпазға қайтармайды.
      Осы Қағидалардың 46-тармағын қоспағанда, қалған барлық жағдайларда кепілді жарналарды мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тендер өткізілгеннен үш жұмыс күні өткен соң тендерге қатысушы өтінімде көрсеткен деректемелерге қайтарады.»;
      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
      Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады.
      Егер тендер өтпеді деп танылған жағдайда, тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ашу жүргізілмейді және тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде жалға беруші ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге қол қояды.
      36. Тендер тізілімнің веб-порталында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.
      Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Тендердi өткiзу кезінде ұсынысы объект үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп жарияланады.
      Қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда тендерге қатысу туралы өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Тендер нәтижелері туралы хаттама комиссияның хатшысымен тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады және ол өткізілген күні жалға беруші мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент;
      Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam/100 х Кп
      мұнда:
      Ап – жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде – 0,5 мөлшерінде).
      Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзегеасырылады:
      Ач = Ап/12/Д/24,
      мұнда:
      Ач – сағатына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.
      Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігі ескерілуі қажет.
      Түскі ас залдары бар орта білім беретін мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, жалдау есебіне түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалға берілмейтіндіктен, тек тағам блогының алаңы мен қосалқы үй-жайлар қосылады.
      Орта білім беретін мемлекеттік заңды тұлғалардағы мүліктік жалдауға (жалға алу) берілетін үй-жайларды жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде бір оқу жылына жүргізіледі.»;
      Қағидаларға берілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Қағидаларға берілген 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Қағидалар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес берілген 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                    Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 8 қазан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 679 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
1-қосымша

нысан

Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша
ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған
мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы
хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға
алуға) беру қағидаларымен танысып,
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған
жағдайда) төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.
Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (-лері) туралы мәліметтер:

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің теңгерім ұстаушысының атауы және деректемелері





      Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі ____________________ үшін
қажет.        (объектіге қажеттілік негіздемелері көрсетіледі)

      2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы _______________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      Шарт жасасу үшін банк деректемелері:

ЖСК _________________________________________________________________
БСК _________________________________________________________________
Банктің атауы _______________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________

Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) ______________________________________________ қоса беріледі.

Жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):
_____________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Паспорт деректері ___________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________
Банк деректемелері:

ЖСК _________________________________________________________________
БСК _________________________________________________________________
Банктің атауы _______________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)_____________________________________________________қоса беріледі.
________ ____________________________________________________________
(қолы)    (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе
сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты
(болған жағдайда) 20__ ж. «___»____________.
      М.О.
      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы
      20__ ж. «___»____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылдады.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 679 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға)  
беру қағидаларына    
2-қосымша         
нысан            

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну бойынша тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
туралы жарияланған хабарламаны қарап және мемлекеттік мүлікті
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған
жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің
веб-порталында ___________20____жылғы «___»_______ _____________
болатын тендерге қатысуға ниет білдіреді.
      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке
алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы
сомасы ____ (______________) теңге
      (саны) (жазбаша сомасы цифрмен)
      ____ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к).»;
     (саны)

      Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу)
объектілері туралы мәлімет:

Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге








Жиыны


Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:

р/с

Кепілдік жарнасының белгіленуі және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге












Жиыны




      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім
(із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан
айырылуымен, мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама
және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты
жарамсыз деп танылуымен келісемін (із).
      4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда
өзімізге тендер нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою
және тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік
мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қою
міндеттемелерін аламыз.
      5. Мынадай:
      1) тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға
қол қоймаған;
      2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен
(біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және жалға
берушіде қалатынына келісемін (-міз).
      6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге
мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты
жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы _______________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік реквизиттер:
ЖСК _________________________________________________________________
БСК _________________________________________________________________
Банктің атауы _______________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН Кбе
_____________________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) ___________________________________________________ қоса беріледі.
Жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):
_____________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Паспорт деректері ___________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік реквизиттер:
ЖСК__________________________________________________________________
БСК _________________________________________________________________
Банктің атауы _______________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН Кбе
_____________________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) ____________________________________________________________
2)_____________________________________________________________
3)______________________________________________ қоса беріледі.
(жеке тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған
жағдайда) 20__ ж. «___»____________.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 679 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға) беру
қағидаларына 3-қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі,
аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының
ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің
қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері

Базалық мөлшерлемелер


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1

Астана және Алматы қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2

ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар, спорттық алаңдар)

0,7


1.5 басқа құрылыстар (ғимараттар)

0,9

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6


2.5 басқа (шатыр, шатырдағы жай, тамбур, мансарда, лоджия, ашық спорттық құрылыстар және басқа)

0,7

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

республикалық меншік үшін - 3;
коммуналдық меншік үшін - 3

4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін

2

4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудан орталықтары үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):



5.1 банктердің, Ұлттық почта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, төлеу терминалдары (мультикассалар) үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады)

2,5

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін қызметтерін ұйымдастыру үшін, сату автоматтары үшін

2,5

5.4 қылмыстық-атқарушылық жүйенің ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін

1,9

5.5 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін (асхана, буфет)

1,5

5.6 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім және қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру

1,1
0,9
0,8

5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында қызмет ету үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)

5,0

5.9 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету

0,5

5.10 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорттық мектептерде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін

0,5

5.11. 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):



6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9


6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8


6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5


6.4 қалғандары үшін

1,0