Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 01-08/181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5357 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 "Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы ", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Туризм және спорт министрінің
      міндетін атқарушы                               Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы 
Туризм және спорт   
министрінің міндетін 
атқарушының      
2008 жылғы 4 қазандағы 
       N 01-08/181 бұйрығымен 
бекітілген      

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау
және біліктілігін арттыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.
      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      білім беру ұйымдары - қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім беру саласында тиісті лицензиялары бар оқу орындары;
      тапсырыс берушілер - шаруашылық ететін субъектілер, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер.

2. Туристік қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау

      2. Туристік қызмет саласындағы мамандардың (бұдан әрі - мамандар) қайта даярлаудың мақсаты - жаңа кәсіпті немесе мамандықты алу үшін қажетті білім, ептілік және дағды алу болып табылады.
      3. Туристік қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсаты - теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңарту, сонымен қатар бұрын алынған білімін және дағдыларын одан әрі жетілдіру.
      4. Мамандардың біліктілігін арттыру барлық еңбек қызметінің уақытында 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
      5. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау техникалық және кәсіпшілік білім алатын бағдарламалар, орта білімнен кейін, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейін лайықты лицензия бар білім саласындағы және (немесе) туристік саладағы білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.
      6. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде туристік саладағы беруші жұмыс ұйыммен оқу шарты жасалынады.
      7. Мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымымен білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік шартқа сәйкес жасалған білім беру қызметін көрсету шарты жасалады.
      8. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыс оқу жоспарымен және бағдарламамен сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Бағдарламаның мазмұнына байланысты қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау күндізгі, кешкі, сырттай және экстернат үлгісімен жүзеге асырылады.
      10. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың ұзақтығы сәйкес бағдарламамен анықталады.
      11. Қайта даярлаудан өткен мамандарға "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1310 қаулысына сәйкес құжат беріледі.
      12. Біліктілігін арттырудан өткен мамандарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

                                         Туристік қызмет саласындағы
                                        мамандарды қайта даярлау және
                                       біліктілігін арттыру ережесіне
                                                    қосымша

                            Сертификат
_____________________________________________________________________
                        (аты-жөні, лауазымы)
берілді, өйткені ол________________________________________ мамандығы
бойынша біліктілігін арттыру курсын бітірді.

      Жетекші
_________________________                         М.О._______________
  (аты-жөні, лауазымы)                                     (қолы)

200__ жылғы "___"_________ берілді                Тіркеу N___________