Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 01-08/181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5357 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.12.2018 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.10.2015 № 1001 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 "Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризм нұсқаушыларының барлық түрі, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесін бекіту туралы ", (N 2738 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, 2004 ж., N 19-20, 920б "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2008 жылғы 4 қазандағы
№ 01-08/181 бұйрығымен
бекітілген

Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.12.2018 № 378 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мамандар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      2) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      3) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      4) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      5) өтініш беруші – туристік қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

      6) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымында оқитын адам.

2-тарау. Туристік қызмет саласындағы мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).

      4. Білім беру ұйымдары мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10500 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 бұйрығымен бекітілген Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптармен (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес жүзеге асырады.

      5. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру курс нысандарында өтетін, сабақтар түрінде өткізіледі.

      6. Курстардың ұзақтығы оқу бағдарламаларымен анықталады.

      7. Білім беру ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді және Талаптарда көрсетілген құжаттармен қоса Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.

      8. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

      9. Қайта даярлау және олардын біліктілікті арттырудан өту үшін өтініш беруші білім беру ұйымына осы Қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жолдайды.

      10. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен тыңдаушыларға осы Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
Қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға
үшін - аты, жөні, тегі
(ол болған жағдайда);
заңды тұлға үшін - толық атауы)

ӨТІНІМ

      Туристік қызмет саласындағы мамандарды

      ________________________________________________________________________

                        (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)

      өту үшін:

Р/с №

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






___________________________________
(жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда), мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы; (жеке тұлға үшін – қолы; заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

______________________________ (жеке және заңды тұлға үшін – қолы)

  Туристік қызмет саласындағы
мамандарды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру
Қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)

Сертификат №___

      Осы сертификат ______________________________________________ берілді,

                        (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол туристік қызмет саласындағы

      _______________________________________________________________________

      (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)

      бойынша курстан

      "___" __________________ бастап "___" ______________________________ дейін

      ___________________________________________________________________

      ____________ сағат көлемінде өтті.

      ________________________________                               __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                                     (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы)

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________                         Мөр орны

                                                                  (Болған жағдайда)