Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакция – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасын қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілерді сынау көлемі:
1) 008/2011 "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті, 017/2011 "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті, 025/2012 "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті үшін жүз пайыз;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген "Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысымен бекітілген "Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен бекітілген "Металл конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті үшін жетпіс пайыз;
3) осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларына енгізілмеген техникалық регламенттер үшін елу пайыз мөлшерінде белгіленсін;
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласының меншікті сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін сынақ жабдығы қажет объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |