ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 356-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакция – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.04.2021 № 277-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласының меншікті сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін сынақ жабдығы қажет объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.12.2019 № 144 (31.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |