Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы За ң ының 12-бабының 8-тармағ ына с ә йкес , Б Ұ ЙЫРАМЫН:
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.
2. Есептеу барысында объектілердің соңғысының аккредиттелуіне сәйкес, нормативтік құжаттарда белгіленген, сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласымен қарастырылған барлық міндетті сипаттамалары (көрсеткіштері) ескерілсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник