Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4848 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қаржы ұйымдардың есептілікті беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 40, 707-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2578 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 22 қаңтарда N 12 жарияланған);
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2003 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 381 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3409 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушысына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстандық Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      5. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 25  
маусымдағы N 173 қаулысына   
қосымша             

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2133 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 13, 825-құжат) Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2133 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2862 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 20, 187-құжат), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.";

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2854 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 29 мамырдағы N 117-118 (24427-24428) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.";

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "осы Ереженің 1-4-қосымшаларына" деген сөздер "осы Ереженің 2-4-қосымшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік айдан кейінгі айдың әр бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында жасасқан Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен орындалмаған мәмілелер туралы есепті электрондық тасымалдағышта осы Ереженің 4-1-қосымшасына сәйкес осы Ереженің 3-тармағының екінші абзацымен белгіленген тәртіпте уәкілетті органға береді.";

      2-қосымша осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшада:
________________  ________________________ дейінгі кезең ішінде
бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалған, бағалы қағаздармен болатын мәмілелер туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы) "Мәміленің күні 1" деген бағаннан кейін»"Шарттың күні және нөмірі" деген бағанмен толықтырылсын;

      осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      3) Агенттік Басқармасының "Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар
рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2817 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 11 қарашада N 209-210 (943-944) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттық ұйымдастырушылар-
дың есеп беру Ережесінде:

      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      4) Агенттік Басқармасының "Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2941 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодианның есеп беру Ережесінде:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес кастодианның клиенттер саны туралы есепті береді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Есептер қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде беріледі.
      Есептер кастодианның басшысы қол қойған, еркін түрде жасалған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға жіберіледі.
      Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.";

      осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

      5) Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 11 қарашада N 209-210 (943-944) жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.";

      6) Агенттік Басқармасының "Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3700 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.".

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқтық актілеріне  
қаржы рыногы мен қаржылық      
ұйымдарды реттеу мен қадағалау 
мәселелері бойынша енгізілетін 
өзгерістер мен толықтырулардың 
тізбесіне 1-қосымша      

"Қазақстан Республикасының     
бағалы қағаздар рыногында      
брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыруға лицензиялары бар
ұйымдардың есеп беру ережесіне 
2-қосымша             

___________ _________дейінгі кезең ішінде (бағалы қағаздар нарығында
   брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар
         ұйымның атауы) филиалдары туралы мәліметтер
 

N

Филиалдың атауы

Филиалдың орналасқан орны




Басшы          (қолы)         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Бас бухгалтер  (қолы)         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Мөр орны
Орындаушы      (қолы,         тегі, аты, бар болса - әкесінің аты"
             телефон нөмірі)

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқтық актілеріне  
қаржы рыногы мен қаржылық      
ұйымдарды реттеу мен қадағалау 
мәселелері бойынша енгізілетін 
өзгерістер мен толықтырулардың 
тізбесіне 2-қосымша      

"Қазақстан Республикасының     
бағалы қағаздар рыногында      
брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыруға лицензиялары бар
ұйымдардың есеп беру ережесіне 
4-1-қосымша          

_________бастап_________ дейінгі кезеңде (бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы) ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен жасасқан, орындалмаған мәмілелері туралы
ЕСЕП

N

Бірегейлен-
діру коды

Шарттың күні
және нөмірі

Бағалы қағаздың
ұлттық бірегейлен-
діру нөмірі

Мәмі-
ленің түрі

Бағалы қағаздар-
дың саны







  кестенің жалғасы

Бір бағалы
қағаздың бағасы
(теңге)

Контрагент-
тің бірегей-
лендіру коды

Кім
ретінде
қатысты

Орындал-
мау себебі

Орналасты-
ру






        Кестені толтыру бойынша түсіндірме

1. Символдық белгілер латын әліпбиінің жазбаша (бас) әріптерімен көрсетіледі.
2. "Бірегейлендіру коды",»"Контрагенттің бірегейлендіру коды" бағандарын толтырғанда бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушысының уәкілетті орган берген бірегейлендіру коды көрсетіледі.
3. "Шарттың күні және нөмірі" бағанын толтырғанда "күні, айы, жылы" форматтағы күн көрсетіледі.
4. "Мәміленің түрі" бағанын толтырғанда мынадай символдар пайдаланылады:
"B" - сатып алу;
"S" - сату.
5. "Кім ретінде қатысты" бағанын толтырғанда мынадай символдар пайдаланылады:
"В" - брокер;
"D" - дилер.
6. "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)" бағанын толтырғанда деректер мәміле жасалған күнге көрсетіледі.
7. "Орналастыру" бағанын толтыру кезінде мынадай символдар пайдаланылады:
"1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
"2" - бағалы қағаздарды екінші рет орналастыру."

                                   Қазақстан Республикасының кейбір
                                   нормативтік құқықтық актілеріне
                                 қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
                                   реттеу мен қадағалау мәселелері
                                   бойынша енгізілетін өзгерістер
                                   мен толықтырулардың тізбесіне
                                   3-қосымша

                                   "Кастодианның есеп беру
                                   ережесіне 3-қосымша

      ___________бастап___________дейінгі кезеңде кастодиан
       (кастодианның атауы) клиенттерінің саны туралы есеп

N

Клиенттің
атауы

Резидент-
тіктің
белгісі

Клиенттер саны

Уәкілетті органның
лицензиясына сәйкес
жүзеге асырылатын
қызмет түрін көрсе-
тіп, қаржы рыногы
лицензиаттарының
саны

Басқа
заңды
тұлғалар
саны

Басқа
жеке
тұлғалар
саны







  Басшы            (қолы)        тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Бас бухгалтер    (қолы)        тегі, аты, бар болса - әкесінің аты

Мөр орны
Орындаушы        (қолы,        тегі, аты, бар болса - әкесінің аты"
                телефон нөмірі)