Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2578. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiн ұйымдастыру және жұмысының тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 905 тіркелген, 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 905 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2368 тіркелген) бекітілген өзгерістерімен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесінде:

      4-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) пайдаланушының дебеттік кезегі - осы пайдаланушының басқа пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) пайдаланушының кредиттік кезегі - басқа пайдаланушының осы пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;";
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) электрондық дебеттік хабар - алушының пайдаланушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талабы бар төлем хабары;";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "18-1. Алушы жүйеге белгілі бір пайдаланушының пайдасына кемінде екі операциялық күн төлем күні бар электрондық дебеттік хабар жібереді. Алушының электрондық дебеттік хабарды ұсыну құқығы алушы мен пайдаланушының арасындағы шартта көзделеді.
      Осындай шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пайдаланушы Орталыққа мынадай мәліметтерді жібереді:
      1) пайдаланушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
      2) алушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
      3) шарттың нөмірі және күні, оны қолдану мерзімі;
      4) бенефициардың атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
      5) тараптар келіскен өзге мәліметтер.
      Электрондық дебеттік хабар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының пайдасына жіберілмейді.

      18-2. Орталыққа жіберілген кемінде екі операциялық күн төлем күні бар электрондық дебеттік хабар автоматты түрде алушының кредиттік кезегіне және осы төлемді орындау күні белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талап қойылатын пайдаланушының дебеттік кезегіне түседі.
      Электрондық дебеттік хабарды Орталыққа осындай нұсқау жіберген алушы ғана қайтарып алады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2003 жылғы ______