Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ер

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 160 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шіледеде тіркелді. Тіркеу N 3709. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес және банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 333  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3350 тіркелген, 2005 жылы N 2(14) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесінде:
      кіріспеде "Ұлттық почта операторын" деген сөздерден кейін ", Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамын" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті органға есеп беру тендерге қатысуға берілген кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді және ақшамен қамтамасыз етіліп берілген кепілдіктерді қоспағанда, барлық өтелмеген заемдар және шартты міндеттемелер бойынша (оның ішінде баланстан есептен шығарылған) ұсынылады.".
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға