Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген

Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтары көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі.

      3. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау үшін көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы беріледі.

2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібі

      4. "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы:

      1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;

      2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;

      3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша өткізуі: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;

      4) репертуарында отандық және шетелдік өнері шығармаларының, халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылықтың үздік үлгілерінің, халықтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін шығармаларының бар болуы, сонымен қатар орындаушылық шеберлікті жетілдіруі;

      5) мәдени іс-шараларға (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар, фестивальдерге) қатысқаны үшін жүлделі орындардың болуы;

      6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы өңірлік және/немесе республикалық деңгейлерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес) кезінде беріледі.

      5. Осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау (бұдан әрі – өтінім) тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған өтінімдерді қарау, көркемөнерпаздар ұжымдарының осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін айқындау үшін, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссия құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанрлар бойынша мамандар кіреді.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және төрағадан, мүшелер мен хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссия отырыстары жергілікті атқарушы органдарға өтінімдердің түсуіне қарай өткізіледі (кемінде 5 өтінім) және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      9. Ұсынылған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру немесе көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруден бас тарту туралы шешімді Комиссия ұсынылған өтінімдерде мәліметтер дұрыс болмаған немесе осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.

      11. Комиссияның шешімдері Комиссияға қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      12. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және төраға мен Комиссияның қатысқан мүшелері қол қоюға тиіс.

      13. Комиссияның оң шешімі негізінде уәкілетті орган оның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын береді.

3-тарау. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      14. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Өтінім жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қаралады.

      17. Өтінімді жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, қабылданған күні, уақыты және кіріс өтінімдерінің нөмірі қамтылған жергілікті атқарушы органның мөртаңбасы қойылады. Портал арқылы жүгінген кезде ұжым басшысының "жеке кабинетінде" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      18. Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері өтінімді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны ол түскен күні жергілікті атқарушы органның басшысына жауапты орындаушыны анықтау үшін береді.

      Ұжым басшысы кеңсеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жергілікті атқарушы органның басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға өтінім жібереді.

      20. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы өтінімді қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат (бұдан әрі – қабылдау туралы қолхат) немесе осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – бас тарту туралы қолхат) дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына жібереді.

      21. Жергілікті атқарушы органның басшысы қабылдау туралы қолхатқа немесе бас тарту туралы қолхатқа қол қояды. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұжым басшысына ол кеңсеге жүгінген жағдайда қағаз тасығышта немесе ол порталға жүгінген жағдайда электрондық нысанда жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен расталады.

      Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      23. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Мәдениет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      26. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) мәдениет саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік қызметті берушінің интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
порталға:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
ұжымның концерттік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
қатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмесі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың электрондық көшірмесі болуы (3 мақаладан кем емес).

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

Өтінімді қабылдаудан бас тарту себебі - көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы.

10

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары мәдениет саласындағы уәкілетті органның ресми www.msm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына: 1414, 8 800 080 7777 жүгіну арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Көркемөнерпаздар
ұжымдарына "Халықтық"
немесе "Үлгілі" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Астана, Алматы, Шымкент
қалаларының, облыстық
жергілікті атқарушы органдары
________________________
  көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі,
аты, жөні (болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________________________________________

      (атауы)

      көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге

      өтінім қабылдауды сұраймын.

      Қосымша: ___ парақ.

      ("Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын

      беруге өтінімдерді қабылдау"

      мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің

      8-қосымшасына сәйкес құжаттар

      қосылады)

      Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты

      пайдалануға келісемін

      Өтінімнің толтырылған күні __________________

      Қолы ____________________________

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  _______________________
  көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі, аты, жөні
(болған жағдайда)
  _______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы арқылы _________________________________ (атауы) көркемөнерпаздар

      ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын

      беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының,

      облыстық жергілікті атқарушы органынан

      уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр үшін орын ______________ (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _______________________
  көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі, аты, жөні
(болған жағдайда)
  _______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы

      органдарының атауы

      Құжаттардың толық болмауына байланысты ____________________________

      (атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын

      беруге өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      атауы:

      1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы

      органынан уәкілетті лауазымды тұлға ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр үшін орын ______________

      (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл