Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген

Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтары көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі.

      3. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау үшін көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы беріледі.

2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру тәртібі

      4. "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы:

      1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;

      2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;

      3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша өткізуі: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;

      4) репертуарында отандық және шетелдік өнері шығармаларының, халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылықтың үздік үлгілерінің, халықтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін шығармаларының бар болуы, сонымен қатар орындаушылық шеберлікті жетілдіруі;

      5) мәдени іс-шараларға (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар, фестивальдерге) қатысқаны үшін жүлделі орындардың болуы;

      6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы өңірлік және/немесе республикалық деңгейлерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес) кезінде беріледі.

      5. Осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау (бұдан әрі – өтінім) тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ұсынылған өтінімдерді қарау, көркемөнерпаздар ұжымдарының осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін айқындау үшін, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      7. Комиссия құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанрлар бойынша мамандар кіреді.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және төрағадан, мүшелер мен хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссия отырыстары жергілікті атқарушы органдарға өтінімдердің түсуіне қарай өткізіледі (кемінде 5 өтінім) және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      9. Ұсынылған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру немесе көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруден бас тарту туралы шешімді Комиссия ұсынылған өтінімдерде мәліметтер дұрыс болмаған немесе осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.

      11. Комиссияның шешімдері Комиссияға қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      12. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және төраға мен Комиссияның қатысқан мүшелері қол қоюға тиіс.

      13. Комиссияның оң шешімі негізінде уәкілетті орган оның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын береді.

3-тарау. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      14. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету стандартында (бұдан әрі – стандарт) мазмұндалған.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      16. Өтінім жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қаралады.

      17. Өтінімді жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, қабылданған күні, уақыты және кіріс өтінімдерінің нөмірі қамтылған жергілікті атқарушы органның мөртаңбасы қойылады. Портал арқылы жүгінген кезде ұжым басшысының "жеке кабинетінде" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      18. Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері өтінімді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны ол түскен күні жергілікті атқарушы органның басшысына жауапты орындаушыны анықтау үшін береді.

      Ұжым басшысы кеңсеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      19. Жергілікті атқарушы органның басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға өтінім жібереді.

      20. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы өтінімді қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат (бұдан әрі – қабылдау туралы қолхат) немесе осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – бас тарту туралы қолхат) дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына жібереді.

      21. Жергілікті атқарушы органның басшысы қабылдау туралы қолхатқа немесе бас тарту туралы қолхатқа қол қояды. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұжым басшысына ол кеңсеге жүгінген жағдайда қағаз тасығышта немесе ол порталға жүгінген жағдайда электрондық нысанда жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      22. Қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен расталады.

      Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      23. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда: шағым мәдениет саласындағы уәкілетті органның www.mсs.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін" қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша жергілікті атқарушы органдар басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша түрде, портал арқылы немесе қолма-қол жергілікті атқарушы органдардың кеңсесі арқылы беріледі.

      Ұжымының басшысы қол қойылған шағымда жеке тұлға үшін тегі, аты, жөні (болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Шағымның жергілікті атқарушы органдар кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына келіп түскен ұжымы басшысының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап ұжымының басшысына пошта арқылы жіберіледі немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдары қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде ұжым басшысының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдармен өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ұжымының басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі мәдениет саласындағы уәкілетті органның мекенжайына ұжымының басшысынан келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      25. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, ұжымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
1-қосымша

"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар

2.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары:
1) мәдениет саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында;
2) мемлекеттік қызметті берушінің интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;
3) келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
порталға:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім;
2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:
жетекшілер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
ұжымның концерттік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
қатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмесі;
4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың электрондық көшірмесі болуы (3 мақаладан кем емес).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

Өтінімді қабылдаудан бас тарту себебі - көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы.

10.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мен орындары мәдениет саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында www.mсs.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін" қызметтер" бөлімінде және порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның интернет-ресурсында www.mсs.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент
қалаларының, облыстық
жергілікті атқарушы органдары
________________________
көркемөнерпаздар
ұжымы басшысының тегі,
аты, жөні (болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім

      __________________________________________________________

      (атауы) көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі"

      атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.

      Қосымша: ___ парақ.

      ("Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады)

      Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісемін

      Өтінімнің толтырылған күні __________________

      Қолы _____________________________________

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ________________________
көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі, аты, жөні
(болған жағдайда)
_______________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат

      Осы арқылы _____________________________________ (атауы)

      көркемөнерпаздар ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес "Халықтық"

      немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      _________________________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________
(тегі, атауы, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр үшін орын ______________
(болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл

  Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" немесе "Үлгілі"
атағын беруге өтінімдерді
қабылдау бойынша
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
көркемөнерпаздар ұжымы
басшысының тегі, аты, жөні
(болған жағдайда)
____________________________
(мекен жайы)

Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      ____________________________________________________________________

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы

      органдарының атауы

      Құжаттардың толық болмауына байланысты

      ______________________________________________________________ (атауы)

      көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге

      өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      атауы:

      1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);

      3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға _____________________________________
(тегі, атауы, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр үшін орын ______________
(болған жағдайда)

      Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл