Қазақстан Республикасының " Мәдениет туралы " Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Көркемөнерпаз ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру Ережесі бекітілсін.
2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2007 жылғы 28 наурызындағы
N 93 бұйрығымен
бекітілген
Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы"
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру мен тәртібін айқындайтын осы Ереже (бұдан былай - Ереже) әзірленді.
2. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында жүзеге асыралады.
Көркемөнерпаздар ұжымдарына
"Халықтық" (үлгілі) атағын берудің тәртіптері
3. "Халықтық" (үлгілі) атағы мәдени-демалыс мекемелерінде, мектептерде және мектептен тыс мекемелерде, жоғарғы және орта оқу орындарында тұрақты жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымдарына, меншік нысанына қарамайтын басқа да ұйымдарда құрылған мынадай:
1) орындаушылық шеберлікке және жоғарғы көркемдік-маңызды репертуарға ие, халық шығармашылығын насихаттау жөніндегі белсенді қызметті іске асыратын халықтың барлық өскелең мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыратын;
2) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша белсенді айналысатын: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;
3) халықты рухани-эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыратын халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылық туындыларымен, отандық және шет ел өнерінің жақсы үлгілерімен байытылған, ұжымдардың репертуарлық, көркемдік-маңыздық деңгейін көтеретін;
4) көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарлары ең алдымен көпұлтты Қазақстан авторларының хореография және музыка, драматургия шығармашылығынан, сонымен қатар қазіргі заманғы халықтық шығармашылық және фольклорлық, әлемдік классикалық үздік үлгілерден қалыптасқан ұжымдарға беріледі.
4. "Халықтық" (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет департаменттері (басқармалары) құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін комиссия құрылады.
5. «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен беріледi.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 2011.05.26 № 84 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6. Мәдениет саласындағы уәкілетті органға мына құжаттар жіберіледі:
1) облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет департаменттерінің (басқармаларының) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы жазбаша қолдау хаты;
2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет департаменттерінің (басқармаларының) алқа шешімі;
3) "Халықтық" (үлгілі) атаққа үміткерлер ұжымына шығармашылық мінездеме, онда мына ақпараттар көрсетілуі тиіс:
ұжымның материалдық-техникалық базасының ахуалы;
жетекшісі туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі.
7. Уәкілетті орган құжаттарды түскен күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарауға тиіс.
8. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган қараған құжаттардың қорытындысы бойынша "Халықтық" (үлгілі) атағын көркемөнерпаздар ұжымдарына береді немесе осы Ереженің 3-тармақтың талабына сай келмеген жағдайда шығармашылық деңгейі төмен ұжымдарға атақ беруден бас тартады.
9. Балалар ұжымдарына "Үлгілі" атағы "Халықтық" атағын беру тәртібі бойынша беріледі.
10. Үш жылда бір рет "Халықтық" (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары осы Ереженің 3-тармағының талабына сәйкес мәдениет саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен рәсімделіп бекітіледі.
11. "Халықтық" (үлгілі) атағын бекіту тәртібі осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарға, сонымен қоса Ережеге 2-қосымшаға сай "Халықтық" (үлгілі) атағын алған көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметкерлерінің тізімін ұсынады және Ереженің 7-тармағы бойынша қарастырылады.
12. Атағы бар "Халықтық" (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымдары жыл сайын:
драмалық театрлар мен қуыршақ театры, біреуден кем емес көп актілі және бір актілі спектакль қойылымымен қамтамасыз етілуі керек;
хорлар, вокалды ұжымдар, оркестрлер, ән би ансамбльдері, цирктік ұжымдар репертуарларының төрттен бірінен кем емес жаңартулармен, екі бөлімді концерттік бағдарламаны ұсынады;
үгіт бригадалары, мәнерлеп оқу театры, эстрадалық миниатюрлер бір қойылым-бағдарламасын дайындайды;
фото-студия бір көрме жұмысын ұйымдастырады;
қолданбалы-безендіру және бейнелеу студиясы бір көрме жұмысын ұйымдастырады, мәдени-демалыс мекемелерін көркемдік безендіруге көмек көрсетеді;
шығармашылық есебін өткізеді, ұжымның шығармашылық қызметін айқындайтын көрме-жарнамалар, оқу-тәрбиелік, альбомдар және басқа да материалдарымен қатар конкурстарға, фестивальдерге, байқаулар мен көрмелерге басқа да шығармашылық іс-шараларға қатысады, тәртібі мен талаптарын ұйымдастырушылар өздері айқындайды.
13. Көркемөнерпаздар ұжымдары осы Ереженің "Халықтық" (үлгілі) атағын бекіту талаптарына сәйкес келмесе, комиссия шығармашылық деңгейін көтеру және орындау шеберлігін арттыру үшін ұжымның дайындалуына алты айдан артық емес уақыт белгілейді.
14. Осы Ереженiң талабына сай болмаған жағдайда көркемөнерпаздар ұжымдарының «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен алынып тасталады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 2011.05.26 № 84 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Көркемөнерпаздар
ұжымдарына
"Халықтық" (үлгілі)
атағын беру
Ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көркемөнерпаздар шығармашылығына қосқан үлесі және жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін "Халықтық" (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымы" атағын беру туралы
№ КУӘЛІК
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мәдениет министрінің 2011.05.26 № 84 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Көркемөнерпаздар
ұжымдарына
"Халықтық" (үлгілі)
атағын беру
Ережесіне 2-қосымша
"Халықтық" (үлгілі) атағын иеленген ұжым
қызметкерлерінің лауазымдық
ТІЗБЕСІ Театр, театр-студиясы
Жетекшісі
Қоюшы-режиссер
Үгіт ұжымы, үгіт театры
Жетекші-режиссер
Сүйемелдеуші-концертмейстер
Бал биі студиясы
Балетмейстер
Қоюшы-суретші - көркемдік бөлім меңгерушісі
Сүйемелдеуші-концертмейстер
Оркестрлер
Көркемдік жетекші (дирижер)
Сүйемелдеуші-концертмейстер
Би ансамблі
(халықтық, классикалық, балдық)
Балетмейстер (жетекші)
Хореограф
Хор (вокалды ұжым)
Хормейстер
Концертмейстер
Ән би ансамблі
Хормейстер
Қоюшы-балетмейстер
Сүйемелдеуші
Бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері студиясы
Студия жетекшісі
Суретші-техник
Цирк ұжымы
Жетекші
Қоюшы-балетмейстер
Фото студия
Фотограф, суретші-студия жетекшісі
Техник-зертханашы
Ансамбльдер
(фольклорлық, отбасылық, балалар)
Көркемдік жетекші
Сүйемелдеуші
Вокалды-аспаптық ансамбльдер
және әртүрлі топтар
Көркемдік жетекші
Техник-дыбыс операторы