Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген

Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы
қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, эр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын берудің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Халықтық" атағы мәдени-демалыс ұйымдары және өзге де мәдениет ұйымдарында құрылған көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі, "Үлгілі" атағы мәдени-демалыс ұйымдары, оқу орындарында және өзге де мәдениет ұйымдарында құрылған (бұдан әрі - көркемөнерпаздар ұжымдары) мынадай талаптарға сай келетін көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі:

      1) 5 жылдан кем емес үздіксіз қызмет атқаратын;

      2) жоғарғы орындаушылық шеберлікке ие;

      3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша белсенді айналысатын: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;

      4) халықты рухани-эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыратын халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылық туындыларымен, отандық және шетел өнерінің үздік үлгілерімен байытылған, ұжымдардың репертуарлық, көркемдік-маңыздық деңгейін көтеретін;

      5) мәдениет саласындағы іс-шараларға (облыстық, республикалық және халықаралық маңыздағы конкурстар, фестивальдерге) қатысуы және жүлделі орындарының болуы;

      6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес);

      4. "Халықтық" (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымдары мәдениет саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ЖАО) мына құжаттарды жібереді:

      1) көркемөнерпаз ұжымы басшысының "Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы жазбаша қолдау хаты;

      2) көркемөнерпаз үжымының шешімі;

      3) "Халықтық" (үлгілі) атаққа үміткерлер ұжымына шығармашылық мінездеме, онда мына ақпараттар көрсетілуі тиіс:

      жетекшісі туралы мәлімет;

      репертуары және ағымдағы жылға оку-тәрбиелік жұмыс жоспары;

      ұжымның концерттік бағдарламасы;

      қатысушылар құрамының тізімі.

      марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Халықтық" (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, ЖАО құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ЖАО құжаттарды түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралды. ЖАО өтініштерді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органды Комиссия мәжілісінің өткізілетіні туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссияның құрамын ЖАО бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссия отырыстары ЖАО-ға құжаттардың түсуіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия көркемөнерпаздар ұжымдарының осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкестігін тексереді.

      10. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      11. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

      12. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған барлық Комиссия мүшелері қол қоюға тиіс. Комиссия хаттамасына сәйкес уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын береді немесе бас тартады.

      13. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруден тас тартуға мыналар негіз болады:

      1) көркемөнерпаз ұжымның шығармашылық қызметінің осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жолдаған құжаттардың толық болмауы.