"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы N 204-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4355. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-4-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 15) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-HҚ  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2373 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шiлдеде N 29 нөмiрiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiк қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-HҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiк қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 2 наурыздағы N 99-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ  бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiнде:
      1-тармақта:
      6) тармақшада "табиғи монополия субъектiсi коммуналдық меншiкте болған жағдайда," деген сөздер "су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн субъектiлер үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларында қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";

      мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) стратегиялық тауарларды өндiрушiлер - стартегиялық тауарларды өндiрушi не оларды шетел өндiрушiсiнiң атынан Қазақстан Республикасының аумағына тiкелей сататын жеке және заңды тұлға;

      16) мерзiмi өткен берешек - шартта не өтеу кестесiнде белгiленген мерзiмде төленбеген берешек;

      17) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектiлерi жылу энергиясын өндiру үшiн отын ретiнде пайдаланатын көмiр, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiнiң салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн электр энергиясы.";

      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылатын тiзбе тiгiлуге және нөмiрленуге, соңғы бетi тапсырысшының бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және тапсырысшының мөрiмен расталуға тиiс.";

      екiншi бөлiк мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тiзбеге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Тiзбеде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс және оларды қабылдаған сәттен бастап 10 күннен кешiктiрмей құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Табиғи монополия субъектiсi:
      электр энергиясы мен қуаттықтың орталықтандырылған сауда рыногына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, тиiстi тауар рыногында электр энергиясының тапшылығы болу;
      газдың тапшылығы болған жағдайда, оның импортын жүзеге асыратын ұйымнан газды сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарлардың өндiрушiлерiнен тiкелей сатып алуды жүзеге асырады.";

      6-тармақта ", сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын кепiлдiктердi, заемдар мен кредиттердi тарту" деген сөздер алынып тасталсын; 

      8-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қайталама тендердi өткiзу кезiнде тапсырысшы оны өткiзгенге дейiн жетi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етедi.";

      8-1-тармақта:
      "тендерлерге" деген сөзден кейiн "байқаушы ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы уәкiлеттi органға тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссиясы хатшысының (хатшылығының), техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасауға құқылы.";

      9-тармақта:
      "негiзгi құралдарға жатпайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
      "соманың" деген сөз алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
      "9-2. Табиғи монополиялар субъектiлерi мазут және (немесе) дизель отынының түрiндегi стратегиялық тауарларды көрсетiлген мұнай өнiмдерiнiң меншiк иелерi болып табылатын мұнайдың меншiк иелерiнен немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi аптасына үш реттен жиi емес шығатын мерзiмдi баспасөз басылымда, ал Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi аптасына үш реттен жиi емес шығатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымда тендер өткiзу туралы хабарламаны жария етедi.";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қажет болған жағдайда, тапсырысшыға тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналы және тендерлiк өтiнiмдердi және тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналы тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы бетi бiрiншi басшының қолымен және тапсырысшының мөрiмен расталуға тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Тендерлiк комиссияның осы Ереженiң нормаларын бұза отырып қабылданған шешiмдер заңсыз деп танылады.";

      23-тармақтың 13) тармақшасындағы "қайтарып алу құқығын" деген сөздерден кейiн "және тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылықтың) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-қимылдарына әлеуеттi жеткiзушiнiң шағымдану құқығын" деген сөздермен толықтырылсын;

      33-тармақтың 2) тармақшасында:
      оныншы абзацтағы "Қазақстан Республикасы бойынша" деген сөздердiң алдынан "тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашқан күнге дейiн үш айдан кешiктiрмей берiлген" деген сөздермен толықтырылсын;

      он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "банк (банктер) алдында әлеуеттi жеткiзушiнiң мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тендерлік өтінімдерімен конверттерді ашу күнінің алдындағы үш ай бұрын банктiң (банктердiң) анықтамасы. Егер әлеуеттi жеткiзушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, осындай анықтама банктiң (банктердiң) мөрi басылған бiрiншi басшысының қолымен немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен мұндай банктердiң әрқайсысынан берiледi.
      Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтамамен осындай анықтамаға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен берiлуге тиiс;";

      34-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "банк (банктер) алдында әлеуеттi жеткiзушiнiң мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай бұрын банктiң (банктердiң) анықтамасы. Егер ықтимал өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, осындай анықтама банктiң (банктердiң) мөрi басылған бiрiншi басшысының қолымен немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен мұндай банктердiң әрқайсысынан берiледi.
      Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтамамен осындай анықтамаға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен берiлуге тиiс;
      тендерлiк өтiнiмдерiмен конверттердi ашқан күнге дейiн үш айдан бұрын болмайтын Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық орган белгiлеген нысандағы анықтама;";

      36-тармақтың екiншi бөлiгi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, егер техникалық ерекшелiк және (немесе) банктiк кепiлдiк тендерлiк өтiнiммен бiрге тiгiлсе, онда ол осы тендерлiк өтiнiмнен бас тартуға негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда банктiк кепiлдiктiң түпнұсқасы әлеуеттi жеткiзушiге қайтарылмайды.";

      39-тармақта:
      "үш процентi мөлшерiнде" деген сөздер алынып тасталсын;

      "құнының" деген сөзден кейiн "бiрден үш процентке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдар болып табылатын әлеуеттi жеткiзушiлер тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiл мен шарттар нысанда олардың тендерлiк өтiнiмдерiнде ұсынылған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң құнынан бiрден бiр жарым процентке дейiн мөлшерде тендерлiк өтiнiмнiң кепiлдiктi қамтамасыз етуiн енгiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
      "44-1. Әлеуеттi жеткiзушiлер, егер:
      1) шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылса және тұтастай тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштен алты мың есе мөлшерден аспаса;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдар болып табылса, тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштен он сегiз мың есе мөлшерден аспаса;
      3) екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып тендердiң бiрiншi кезеңiне қатысса тендерлiк өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн енгiзбейдi.";

      46-тармақтың екiншi бөлiгiнде "әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге" деген сөздерден кейiн "алған күнi мен уақытын көрсете отырып, қолдарын қойғызып" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
      "48-1. Тендерлiк комиссия бас тартқан тендерлiк өтiнiм бағалауға және тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруға қабылдана алмайды.";

      51-тармақтың бiрiншi абзацындағы "тендерге қатысу үшiн түскен" деген сөздер "тендерлiк комиссия бас тартпаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "54. Тапсырысшы жетi жұмыс күнi iшiнде тендердiң (бiр көзден сатып алу) қорытындыларын шығарған күнiнен бастап барлық қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында тендердiң атауын, жеңiмпазды, тендер жеңiмпазы ұсынған тауардың, жұмыстың және қызметтiң атауы мен бағасын көрсете отырып, тендердiң нәтижелерiн жариялау арқылы хабардар етедi.";

      55-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 57-1 және 57-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "57-1. Әлеуеттi жеткiзiп берушi уәкiлеттi органға тапсырысшының, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-қимылдарына шағымдануға құқылы.

      57-2. Тапсырысшы тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы күнiне дейiн уәкiлеттi органға осы Ереженiң 6-қосымшасына сай нысан бойынша жасалған өткiзiлген сатып алу туралы ақпаратты ұсынады.";

      65-тармақтағы "негiзгi құралдарға жатпайтын," деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
      "67-1. Әрбiр әлеуеттi жеткiзiп берушi бiр ғана баға ұсыныстарын ұсынады, ол жазбаша түрде (төлеуге арналған шот, web-сайттың ақпаратты және басқа да) ресiмделуге тиiс. Жеке тұлғалардың баға ұсынысы жеке куәлiгiнiң нөмiрiн және банктiк деректемелерiн, eгep олар болса, көрсете отырып, тапсырысшы басшысының атына өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
      Егер сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуға және жеткiзуге арналған қызмет мiндеттi лицензиялауға жататын болған жағдайда, тапсырысшы осындай лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн сұратады.";

      68-тармақта:
      3) тармақшадағы "тауарлар", "тауарларға" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", жұмыстар, қызметтер", "жұмыстарға, қызметтерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) тендер әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден өтiнiмдер болмауына байланысты өтпедi деп танылса;";

      5) тармақша алынып тасталсын;

      68-1-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      2) тармақшадағы "және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң көлемдерiн (санын), сондай-ақ сатып алу сомасын көрсете отырып, тапсырысшының осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу қажеттiгi туралы құзыреттi органның қорытындысы" деген сөздер ", сәйкестендiру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сандық және құндық көрiнiсiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң көлемдерiн көрсете отырып, тапсырысшының осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу қажеттiгi туралы құзыреттi органның қорытындысы, сондай-ақ техникалық ерекшелiктiң және (немесе) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен стандарттау, сәйкестендiру және сыйысымдылығын қамтамасыз ету қажеттiгiн растайтын өзге де құжаттың";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ашық тендер өткiзген кезде әлеуеттi жеткiзушiлерден тендерлiк өтiнiмдер болмауына байланысты сатып алудың қажеттiгiн растау үшiн - осы тендер бойынша - мынадай құжаттардың: тендерлiк комиссия құру туралы бұйрықтың, тендерлiк құжаттаманың, тендердiң қорытындылары туралы хаттаманың, мерзiмдi баспасөз басылымында жариялау күнiмен тендердi өткiзу туралы хабарландырудың көшiрмелерiн, бұл ретте ден қою шараларын келiсуден және қабылдаудан бас тарту үшiн тендерлiк рәсiмдердi бұзу негiз болып табылады.";

      4)-тармақша алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "3)" деген саннан кейiн ", 3-1)" деген санмен толықтырылсын;

      73-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      көрсетiлген Ережеге берiлген 1-қосымша осы бұйрыққа берiлген 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      көрсетiлген Ережеге берiлген 6-қосымша осы бұйрыққа берiлген 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Заң департаментi (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды    
реттеу агенттiгiнiң     
2006 жылғы 14 тамыздағы   
N 204-НҚ бұйрығына     
қосымша            

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң   
шығындары реттелiп көрсетiлетiн    
қызметтерге тарифтер (бағалар, алым  
ставкаларын) немесе олардың шектi    
деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту
кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар
мен қызметтердi сатып алу ережесiне   
1-қосымша                

Алда тұрған тендер туралы хабарландыру нысаны

____________________________________________________________________
                 (тапсырысшының толық атауы)

мынадай тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi: (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау); (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырысшы сiлтеме жасауға құқылы) сатып алу жөнiнде ашық (қайталама) тендер өткiзу туралы хабарлайды.
      Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткiзiлуге (орындалуға/көрсетiлуге) тиiс:

____________________________________________________________________
   (тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер
____________________________________________________________________
      көрсетiлетiн орынды көрсету)

      Жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) талап етiлген мерзiмi.
      Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-HҚ бұйрығымен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiнiң  13-тармағында көрсетiлген, бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледi.
      Тендерлiк құжаттама пакетiн_____ жылғы "___" ________________ сағат____ минөтке дейiнгi мерзiмдi қоса (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат iшiнде уақыты мен күнiн көрсету)___________________, мекен-жай бойынша N___ бөлмеден_______ сағаттан ______ сағатқа дейiн алуға болады.
      Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны___ теңгенi құрайды және____ шотына (тапсырыс берушiнiң тиiстi шотын көрсету) не бухгалтерияға енгiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi жасап отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдарға тендерлiк құжаттама тегiн берiледi (егер тендерлiк құжаттаманы бергенi үшiн ақы өндiрiп алу хабарландыруда көзделмеген жағдайда, тендерлiк құжаттаманың тегiн берiлетiндiгiн көрсеткен жөн).
      Тендерге қатысуға арналған, конвертке салынған тендерлiк өтiнiмдердi
____________________________________________________________________
                      (тапсырысшының толық атауы)
ықтимал өнiм берушiлер______________________________________________
N___ бөлме мекен-жайы бойынша ұсынады.
      Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi ____жылғы "___" ________________сағат______ минутқа дейiн.
      Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi мына мекен-жай бойынша:
______________________N_____ бөлмеде ______ жылғы "___" _________ ___ сағат минутте тендерлiк комиссия ашатын болады.
      Ықтимал өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын,  жұмыстарын) тұтынушылар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жөнiнде (тапсырысшының атауы) өткiзетiн тендерге байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.
      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы: (қаланың коды мен телефон нөмiрiн көрсету қажет) алуға болады.

                                           Қазақстан Республикасы   
                                           Табиғи монополияларды
                                            реттеу агенттiгiнiң
                                          2006 жылғы 14 тамыздағы
                                            N 204-НҚ бұйрығына
                                                 қосымша

                                 Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
                                  шығындары реттелiп көрсетiлетiн
                                қызметтерге тарифтер (бағалар, алым
                                 ставкаларын) немесе олардың шектi
                                 деңгейлерi мен тарифтiк сметалар
                              бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды,
                                 жұмыстар мен қызметтердi сатып алу
                                               ережесiне
                                               6-қосымша           

          ____жылғы ____тоқсан кезеңдегi сатып алуды 
                   өткiзу туралы ақпарат

Сатып алудың тәсілі

Тауардың атауы және Тізбедегі ұстаным

Тауардың, жұмыстардың және қызметтердің бірлігі

Сатып алуға бөлінген сомасы (мың теңге)

Сатып алудың өткізу мерзімі

Шарттың нөмiрi, мезгiлi және сомасы (немесе сатып алу болған жағдайда)

Жеткiзушiнiң атауы және оның деректемелері

Ескерту, сондай-ақ
уәкiлеттi органымен келiсу туралы ақпарат

























   Тапсырысшының (ұйымдастырушының) бiрiншi басшысының қолы немесе
оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолы және тегi, аты, әкесiнiң аты,
тапсырысшының мөрi.