"Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3512. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-4-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің 11-тармағының 15) тармақшасына және  18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 19 шілдедегі N 29 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 99-НҚ  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     1) бұйрықтың атауындағы және 1-тармақтағы "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін  қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін  қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесіндегі:

     Атауындағы және одан әрі мәтін бойынша "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін  қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын және бұдан әрі мәтін бойынша;

     барлық мәтін бойынша "(жұмыстарды, қызметтерді)", "материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтер көрсетуді" деген сөздер тиісінше "жұмыстарды, қызметтерді", "тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
     алғысөздегі үшінші абзац алынып тасталсын;

     1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
     "1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

     1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) тапсырыс берушінің қосылма тұлғасы - (оның қызметін берілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне, ауызша шартты қоса, немесе өзге мәмілелерге әсер ету мүмкіндігі бар тұлға, сондай-ақ табиғи монополия субъектісіне қатысты осындай құқығы бар кез келген тұлға;
     2) ықтимал өнім берушінің қосылма тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама анықтауға  және (немесе) осы ықтимал өнім беруші қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың күшіне немесе өзге мәмілеге әсер ету құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ осы ықтимал өнім берушіге қатысты осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
     3) тендерлік өтінімді кепілді қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші ұсынған ақша кепілзаты немесе банк кепілдігі;
     4) тапсырыс беруші - сатып алуды осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісі;
     5) сатып алу - тапсырыс берушінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тапсырыс берушінің осы Ережеде белгіленген тәртіппен және тәсілмен сатып алуы;
     6) құзыретті орган - салалық министрлік (ведомство) және оның аумақтық органдары немесе табиғи монополия субъектісі коммуналдық меншікте болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган;
     7) бір тектес тауарлар, жұмыстар, қызметтер -  бірыңғай болып табылмайтын, ұқсас сипаттамасы бар және оларға сол бір функцияны орындауға және өзара алмасатындай болуға мүмкіндік беретін ұқсас құраластардан тұратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер;
     8) табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) - бір жылдың ішінде табиғи монополия субъектісі сатып алатын шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өлшем бірліктерін, көлемдерін, мерзімдерін, сондай-ақ бір жылдың ішінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрбір түрін сатып алуға жұмсалған сомалардың ең жоғары мөлшері көрсетілген номенклатурасы;
     9) ықтимал өнім беруші - заңды, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер;
     10) тендер - ықтимал өнім берушілердің арасындағы бәсекелестікті көздейтін және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсілі;
     11) тендерлік құжаттама - тапсырыс берушінің тендер өткізу шарты мен тәртібін қамтитын тендерлік өтінім дайындау үшін ықтимал өнім берушіге ұсынатын құжаты;
     12) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған ықтимал өнім берушінің тендерлік ұсынысы;
     13) тендерлік комиссия - осы Ережеде белгіленген жағдайларда және тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші қызметкерлердің ішінен  қалыптасатын комиссия;
     14) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзырет шектеріндегі облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.";

     2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу процесін құқықтық реттеу қағидаттары";

     3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
     "3-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің, сатып алынатын, шығындары олар көрсететін  қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарлардың,  жұмыстардың және қызметтердің тізбесін қалыптастыру
     3. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын, 1 қаңтарға дейінгі мерзімде келесі күнтізбелік жылға, бірінші басшының бұйрығымен бекітілген қолы мөрмен расталған Тізбені қалыптастырады және құзыретті және уәкілетті органдарға мәлімет үшін жібереді.
     Табиғи монополия субъектісі Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
     4. Сатып алу процесі:
     1) Тізбе жасауды;
     2) жеткізушіні таңдауды, олармен шарт жасасуды;
     3) шарттың атқарылуын қамтиды.

4-тарау. Сатып алу тәсілдері

     5. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы осы Ереженің 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында және Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен бірге, сатып алу бір күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
     6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектісінің сатып алуды жабық конкурс (тендер), бір көзден сатып алу (осы Ереженің 68-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуларды қоспағанда), сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын кепілдіктерді, заемдар мен кредиттерді тарту тәсілімен жүзеге асыруға келіседі. Уәкілетті органның сатып алудың көрсетілген тәсілдермен келісуі осы Ереженің 68-1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
     7. Ашық және жабық тендерлер екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, өткізілуі мүмкін.
     8. Ашық немесе жабық тендер өткізілгенге дейін 15 күн бұрын, тапсырыс беруші оның жүзеге асырылу тәсіліне қарамастан, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
     Уәкілетті орган өз өкілін ашық және жабық тендер тәсілдерімен өткізілетін сатып алу рәсіміне қатысу үшін байқаушы ретінде жібере алады.
     Уәкілетті органның өкілі тендер комиссиясының құрамына енгізіле алмайды және тендер комиссиясы шешім қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
     9. Табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарға жатпайтын, егер сатып алудың құндық көрінісінің жылдық көлемі осы Ереженің 65-тармағында белгілеген соманың шекті мөлшерінен аспаған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тендер өткізбестен сатып алуды жүзеге асырады.
     9-1. Табиғи монополия субъектісі өздерінің қосылма тұлғалары үшін тендерді бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде көрінуге құқылы.";

     18-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;

     20-тармақтағы "барлық" деген сөз "жалпы санның кем дегенде үштен екі" деген сөздермен ауыстырылсын;";

     24-тармақтағы, 33-тармақтың 2) тармақшасындағы және 49-тармақтың 2) тармақшасындағы "материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер ұғымына кіретін" деген сөздер алынып тасталсын;

     33-тармақтың 2) тармақшасы:
     төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлік теңгерімді;";
     жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін;
     егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, онда статистикалық карточканың нотариалды расталған көшірмесін ұсыну талап етілмейді;";
     тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "белгіленген нысанда тиісті салық органның ықтимал өнім берушінің бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер төлеуі және жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар туралы мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы осы салық органның  мөрі бар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу алдындағы күннен үш ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдер мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бірінші басшының немесе тиісті растауы болған жағдайда, оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған анықтама;";
     мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
     "ықтимал өнім берушінің тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш ай бұрын, банктің (банктердің) алдында мерзімі өткен берешектерінің болмауы туралы (егер ықтимал өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше көптеген банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) бірінші басшының немесе тиісті оң растауы болған жағдайда, оны алмастыратын тұлғаның және бас бухгалтердің қолы мен банктің (банктердің) мөрі бар банктің (банктердің) анықтамасы;
     егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы салық органының осы ықтимал өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес екендігі және салық есебінде тұрмайтындығы туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады;
     қалған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын ықтимал өнім берушіге осы тармақта көзделген ұсынылуға тиісті құжаттар ұсынылмаса, онда бұл өнім беруші жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар ұсынылады.";

     40-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
     "3) Тапсырыс берушінің кассасына ақша қаражаттарын енгізу.".

     49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "49. Тендерлік комиссия тендерді немесе сатып алуды лот бойынша мынадай жағдайда өткерілмеген деп таниды, егер:
     1) тендерге қатысуға біліктілік талаптарын қанағаттандыратын кем дегенде екі ықтимал өнім берушіден тендерлік өтінім түскен жағдайда;
     2) ұсынылған барлық тендерлік ұсынымдар тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермегендік ретінде қабылданбаған жағдайда;
     3) тендерге қатысуға бір ғана ықтимал жеткізуші өтінім берген жағдайда. Тендерлік өтінімі бар конверт ықтимал өнім берушіге ашылмастан қайтарылады.";

     51-тармақ:
     1) тармақшадағы "материалдық ресурстарды" деген сөз алынып тасталсын;
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізіп беру мерзімі;";
     5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "5) тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге арналған кепілдіктердің шарттары;";

     мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
     "51-1. Конверттер ашылғаннан және тендерлік ұсыныстар бағаланғаннан кейін тендерлік комиссия бес күннен аспайтын мерзімде ұсынылған бағаларды одан әрі төмендету жөнінде тендердің қатысушыларымен ашық келіссөздер өткізу туралы шешім қабылдай алады.";

     55-тармақта:
     "үш жұмыс күні" деген сөздер "он күнтізбелік күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4) тармақшасында:
     "және қорытындысы" деген сөздер алынып тасталсын;

     56-тармақта:
     10) тармақшада:
     "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
     "12) тапсырыс беруші Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлген сома.";

     64-тармақтағы "материалдық ресурстар" деген сөздер "тауарлар, жұмыстар және қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

     65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "65. Құнды ұсыныстар сұрату, егер негізгі құралдарға жатпайтын, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алудың жылдық көлемі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - екі мың айлық есептік көрсеткіштен; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілері үшін - бір мың айлық есептік көрсеткіштерден аспаған жағдайда ғана пайдаланылады.";

     66-тармақта "материалдық ресурстар" деген сөздер "тауарлар" деген сөзбен ауыстырылсын;

     68-тармақта:
     1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер табиғи монополия субъектісі болып табылатын ықтимал өнім берушіде ғана болады немесе рыноктың қандай да бір субъектісі тауардың, жұмыстардың және қызметтердің тиісті түрінің бір ғана ықтимал өнім берушісі болып табылады, немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер үлесі осындай рынокта бір жүз пайызға тең келетін белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінде ғана болады;";
     2) тармақшада:
     "жарияланған" деген сөз  "туындаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "апаттар кезіндегі," деген сөздерден кейінгі "төтенше" деген сөз "сондай-ақ апатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) қандай да бір өнім берушіден тауарлар сатып алған тапсырыс берушіде бір ізге салу, стандарттау немесе сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сол бір жеткізушіден осы тауарларға деген сатып алу қажеттігі туындайды;";
     4) тармақшадағы "көзделген" деген сөздің алдынан "1) және (немесе) 2) тармақшаларда" деген сөздермен толықтырылсын;
     5) тармақшадағы "тарту" деген сөздің алдынан "кепілдіктерді" деген сөзбен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Сонымен бірге табиғи монополия субъектісінен немесе белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, үлесі  осындай рынокта жүз пайызға тең рынок субъектісінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға уәкілетті органның келісімін талап етпейді.";

     68-1-тармақ:
     2) тармақшада:
     "қызметтерді" деген сөзден кейін "және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің көлемдерін (санын), сондай-ақ сатып алу сомасын көрсете отырып, тапсырысшының осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қажеттігі туралы құзыретті органның қорытындысы;" деген сөздермен толықтырылсын;
     3) тармақшада:
     "өткізу туралы" деген сөздерден кейінгі "және қорытындылары туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
     "жарияланымдар күндерімен" деген сөздерден кейін ", сонымен бірге, ден қою шараларын келісуден және қолданудан бас тарту үшін тендерлік рәсімдерді бұзушылық негіз болып табылады;";
     4) тармақшада:
     "тарту" және "заемды" деген сөздердің алдынан "кепілдіктерді,"
деген сөзбен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "Уәкілетті орган осы Ереженің жоғарыда көрсетілген талаптарын бұзу кезінде, сондай-ақ тендерлік рәсімдердің бұрмалаушылықтары анықталған кезде сатып алуға келісім беруден бас тартады.
     Ұсынылған құжаттарда осы Ереженің талаптарының бұзылғандығы анықталған жағдайда және (немесе) сатып алу жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.";

     73-тармақта:
     "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.

     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (F.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

     5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төрағаның
     міндетін атқарушысы