Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін матери

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 99-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2772. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 70-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс.";
      7-тармақта "мүдделі мемлекеттiк органдардан" деген сөздерден кейiн ", ұйымдардан және өзге де тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың 4) тармақшасында "министрлiктер мен ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келiсiмi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.";
      14-тармақтың 5) тармақшасында "органдар" деген сөзден кейiн "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі