"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 3 наурыздағы N 63-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4123. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 7-7-57-06 наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 101 қаулысына (тіркеу нөмірі 2212, 2005 жылғы 26 наурызда "Рудный Алтай", 2005 жылғы 26 наурызда "Дидар" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия туралы ережедегі:

      1) 5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) 11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссия отырыстарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау және алу".

      Облыс әкімі