"Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесiн

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4014. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  185-қосымшада :
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.";
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жаңадан құрылатын Еуразия даму банкінің атына ашылған уақытша жинақтау шотына аудару.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталындағы үлесінің 20 пайызын төлеу үшін ақша қаражатын қамтамасыз ету.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі