"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстанның тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 62 қаулысының 1-қосымшасы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесiн жүргізу ережесі
Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»" Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " және " Инвестициялық қорлар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібін, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі - белгілі бір күнге бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы және осы ұстаушыларды бірегейлендіруге мүмкіндік жасайтын мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;
2) операциялық күн - тіркеушінің бұйрықтарды қабылдайтын, өңдейтін, жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;
3) ортақ өкілдің жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншікке қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот, ол бойынша меншіктеу құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылады;
4) пайлық инвестициялық қордың пайларды орналастыруды есепке алуға арналған жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі жеке шот, ол бойынша айналыста болып табылатын пайлық инвестициялық қордың орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылады;
5) тізілімдер жүйесіндегі операция - тіркеушінің тізілімдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
6) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
8) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот.
3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды меншіктенушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады. Орталық депозитарийдің жеке шоттарында оның меншік құқығына тиесілі, сондай-ақ оның клиенттерінде номиналды ұстауда болып табылатын бағалы қағаздар есепке алынады.
2-тарау. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру
4. Тіркеушінің тізілімдер жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттері эмитенттің және бағалы қағаздарды ұстаушының тізілімдер жүйесіне берген мәліметтерді қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден және енгізуден тұрады.
5. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:
1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;
5) эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) тіркеуші алған және тіркеуші шартты қолдану мерзімінде эмитентке жіберген құжаттар;
6) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерді бекіту туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмелері (мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы);
7) операцияларды тіркеу журналы;
8) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
9) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
10) сенімхаттарды есепке алу журналы;
11) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;
12) мұрағатты жүргізу журналы.
6. Тізілімдер жүйесінде:
1) эмитент, оның ішінде пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы және эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымдары туралы;
2) пайлық инвестициялық қордың атауы;
3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкілдері туралы;
4) жеке шоттарда есепке алынған бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру нөмірі туралы;
5) тізілімдер жүйесінде жүргізілген операциялар және оларды жүргізу негіздері туралы;
6) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы мәліметтер болады.
7. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;
3) орналасқан жері, почталық мекен-жайы;
4) телефон, факс және басқа байланыс құралдарының нөмірлері;
5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
7) заңды тұлға үшін кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіш (КҰЖЖ) коды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуішін - төлемдерді тағайындайтын бірыңғай жіктеуішті қолдану ережесіне сәйкес).
8. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;
2) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;
3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5) облигациялардың номиналдық құны;
6) облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;
7) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді берген күн (мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы).
Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің сәйкес құжаттарына оларды енгізген күннен бастап он күндік мерзімде эмитент тіркеушіге береді.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
9. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартты (бұдан әрі - шарт) жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент ұсынған құжаттар негізінде тіркеуші тізілімдер жүйесіне эмитент туралы мәліметтерді енгізеді және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.
Пайлық инвестициялық қордың пайларын есепке алу үшін тіркеуші пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотын ашады:
1) тіркеушіні сайлау және шарт жасау туралы басқарушы компания органының шешімі;
2) жарғының көшірмелері;
3) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
4) пайларды шығаруды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;
5) пайлық инвестициялық қор ережелерінің көшірмелері;
6) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;
7) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы статистикалық карточкасының көшірмесі;
8) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
тіркеушінің атауы;
пайлық инвестициялық қордың атауы;
құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
басқарушы компания өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
9) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
тіркеушінің атауы;
пайлық инвестициялық қордың атауы;
басқарушы компанияның атауы;
пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
кастодиан өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша барлық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.
10. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері мен бағалы қағаздарды шығару проспектісінің көшірмелері негізінде жүзеге асырады.
11. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотындағы пай санының өзгеруі кастодиан растаған пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында көрсетіледі.
Сатып алу немесе ауыстыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан шығарылады, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрінеді.
Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші жеке шотты ашуға берілген бұйрық пен жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат құжат негізінде жүзеге асырады.
13. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1) жеке шотты ашуға бұйрық;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;
3) статистикалық карточканың көшірмелері;
4) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
тіркеушінің атауы;
заңды тұлғаның атауы;
басқарушы компанияның атауы;
заңды тұлға өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша барлық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.
14. Бағалы қағаздарды ұстаушының өкіліне жеке шот ашылған жағдайда тіркеушіге өкілдің атына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат ұсынылады.
15. Осы Ереженің 9, 10, 12 және 13-тармақтарының талаптары тізілімдер жүйесін қалыптастыру кезінде жаңа тіркеуші эмитенттен немесе бұрынғы тіркеуші тізілімдер жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдаған жағдайда, сондай-ақ тіркеуші соттың орындау парағын орындау кезінде қолданылмайды.
16. Егер бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.
17. Жеке шотты ашуға бұйрыққа жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның өкілі, оның ішінде пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы қол қояды және мынадай мәліметтер болады:
1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты);
2) пайлық инвестициялық қордың атауы;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
4) жеке тұлғаның туған күні;
5) заңды тұлғаны (пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күні және нөмірі;
6) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почталық мекен-жайы;
7) жеке тұлғаның орналасқан жері, почталық мекен-жайы;
8) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
18. Эмитентті, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.
19. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта:
1) жеке шотты ашуға бұйрыққа сәйкес тіркелген тұлға;
2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
3) жүк артылған бағалы қағаздардың саны;
4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны;
5) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
6) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер болады.
20. Нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін орталық депозитарийдің жеке шотында осы Ереженің 19-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
21. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шотында пайлық инвестициялық қордың, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат болады және осы Ереженің 19-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмайды.
22. Пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы лицензиясының қолданысын тоқтатқан немесе қайтарып алған жағдайда пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарын басқару пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді және тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен пайлық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.
23. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) операцияның түрі;
2) оны жүргізген күн және уақыты;
3) операцияны жүргізудің негізі;
4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
5) оларға қатысты операция жүргізілген бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі.
23-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің әрбір жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін растайтын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу жүзеге асырылады. Бір түрі бойынша бағалы қағаздарды есепке алу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің әр түрлі жүйесінде жүзеге асырылмайды.
Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
3-тарау. Тізілімдер жүйесін жүргізу
24. Тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша сәйкес операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
25. Тіркеуші тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке шоттар бойынша операциялар;
2) ақпараттық операциялар.
26. Жеке шоттар операциялар бойынша операцияларға мыналар жатады:
1) жеке шот ашу;
2) тіркелген тұлға, пайлық инвестициялық қор туралы немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту;
3) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу;
4) жарғылық капиталдың мөлшерін өсірмей (акцияларды ұсақтау) орналастырылған акциялар санының өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санын өсіру туралы жазбаны енгізу;
5) бағалы қағаздарға жүк арту және жүк артуды алып тастау;
6) бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;
7) бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару және бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтату туралы жазбалар енгізу;
8) акциялар шығарылымын жою.
27. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;
2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;
3) есептер, хабарламалар және анықтамалар дайындау және беру.
28. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:
1) бұйрықтың нөмірі және күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) пайлық инвестициялық қордың атауы;
4) мәмілеге қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
5) мәмілеге қатысқан тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;
9) мәміле түрі;
10) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
Пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына пайларды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.
29. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды ұсақтау туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:
1) бұйрықтың нөмірі және күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлғаның жеке шоттарының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) акцияның ұсақталу пропорциясы;
7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8) акцияларды ұсақтауға нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Акцияларды ұсақтаған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу туралы бұйрыққа эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
30. Ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда тіркеушіге ортақ меншіктің барлық қатысушыларының операция жүргізуге жазбаша келісімі ұсынылады.
31. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінің деректеріне негізделіп, сәйкестігін тексереді және бұйрықтардағы қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған үлгілері бар құжатта, заңды тұлғаның мөр бедерлемесінде немесе мәміле тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
32. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шот бойынша осы Ереженің 26-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы өткен жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды қоспағанда) тіркелген тұлға осы Ереженің 12 және 13-тармақтарында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
33. Жеке шоттағы тіркелген тұлға, пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын тіркеуші тіркелген тұлғаның немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының ол туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және осы өзгерістерді растайтын құжаттар негізінде жүргізеді.
34. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу бойынша операцияларды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды және осы Ережеге және осы Ереженің 35-тармағында, 36-тармағының 1) және 3) тармақшалары мен 37-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті құжаттарды алған кезде жүргізеді.
Мәмілені жасау үшін тараптардың біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, тіркеуші осындай рұқсаттың болуын растайтын құжатқа сұраныс жасайды.
Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
35. Акцияларды ұсақтау жөніндегі операцияны тіркеуші эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері мен уәкілетті органның эмитентке берген, жарияланған акциялар санының өсуі орналастырылған акциялар санының өсуі есебінен жасалғандығына сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару арқылы акцияларды ұсақтаған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлуге эмитенттің бұйрығы негізінде жүргізеді.
Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша операциялар жүргізгеннен кейін тіркеуші бір сағаттың ішінде оған ілеспе хат, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан көшірмені береді.
36. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу бойынша операцияларды тіркеуші жүргізеді:
1) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі және жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және тіркелген тұлғалардың жеке шотына есепке алу арқылы тіркелген тұлғалардың жеке шоты бойынша қоғамдарды бөлу кезінде пайда болған жарияланған акцияларды бөлуге бұйрығы негізінде акционерлік қоғамды бөлген жағдайда;
2) акционерлік қоғам қосылу туралы шарт негізінде басқа қоғамға қосылған жағдайда және тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алуға қарама-қарсы бұйрықтар алған кезде;
3) акционерлердің жалпы жиналысының бөлу туралы шешімі және эмитенттің бөлуге бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару арқылы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша қоғамды бөлу кезінде пайда болған жарияланған акцияларды бөлген жағдайда;
4) бірігу туралы шарт негізінде және тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды алған кезде акционерлік қоғамдар біріккен жағдайда.
37. Бағалы қағаздарды мұраға алу жағдайында тіркеуші мұрагер және оның өкілі берген сәйкес бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің немесе оның өкілінің жеке шоты болмаған жағдайда, осы Ереженің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциясын жүргізеді.
Ескерту: 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
38. Бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына жүк артылған бағалы қағаздарды ұстаушының және пайдасына оларға жүк арту жүргізілетін тіркелген тұлғаның жүк арту туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүк арту операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға жүк артуды алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың жүк артуды алып тастау туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
39. Бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осындай құқықты иеленген мемлекеттік органдардың актілері негізінде жүргізеді.
40. Жеке шотқа бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімді басқарушының бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру туралы қарама-қарсы бұйрықтары және сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаларды жоюды тіркеуші сенімгерлік басқарушы мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайды қоспағанда, құрылтайшы сенімгерлік басқаруға және сенімгерлік басқарушыға берген бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару тоқтатылғаны туралы қарсы бұйрықтың негізінде жүргізеді:
1) сенімгерлік басқару азаматының қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты, - сенімгерлік басқару құрылтайшысының бұйрығы негізінде;
2) сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін еместігіне байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының бұйрығы негізінде;
3) сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін еместігіне байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде;
4) сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу жағдайында құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде;
5) сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, жүк артылған мүлікті басқаруға өткізу туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде.
Сенімгерлік басқарушы туралы енгізу немесе жою жөніндегі операцияны тіркеуші орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша жүргізбейді.
Ескерту: 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
41. Акциялар шығарылымын жою операциясын тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алғаннан кейін жүргізеді. Акциялар шығарылымын жою операциясын жүргізу тәртібі тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Заңды тұлғаны таратуға не қайта ұйымдастыруға байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жойған жағдайда тізілімдер жүйесін жүргізу тіркеуші мен эмитент арасында жасалған шарттың бұзылғанын растайтын құжат негізінде тоқтатылады. Тізілімдер жүйесін жүргізуді тоқтатқан кезде көрсетілген заңды тұлғаның акциялары ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылады.
42. Облигацияларды өтеу кезінде тіркеуші облигацияларды оларды ұстаушылардың жеке шотынан эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі жеке шотына аудару операциясын эмитенттің оның облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын хабарламасы негізінде жүргізеді.
43. Ақпараттық операцияны жүргізуді тіркеуші эмитенттің жазбаша өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы, пайлық инвестициялық қордың кастодианы немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.
44. Осы Ереженің 33, 36, 38, 40 және 43-тармақтарында көрсетілген бұйрықтардың нысаны және мазмұны тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
45. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды, акционерлердің жалпы жиналысын өткізуді, акциялардың он және одан көп процентін иеленген ұстаушылар туралы анықтамалары дайындауды тіркеуші эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасаудың өзге жағдайларында және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде тіркеушінің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.
46. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі осы Ереженің
1-қосымшасына
сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) пайлық инвестициялық қордың атауы;
3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны;
6) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
7) мынадай мәліметтері бар бағалы қағаздар ұстаушылар тізімі:
бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін көрсете отырып, атауы;
бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты;
жүк артылған және (немесе) оқшауланған бағалы қағаздардың санын көрсете отырып бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотындағы бағалы қағаздардың саны;
бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына проценттік арақатынасы;
8) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
9) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған күн және уақыт.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
47. Пайлық инвестициялық қордың пайларды ұстау тізілімінде осы Ереженің 46-тармағының 3) және 4) тармақшаларында атап көрсетілген мәліметтер көрсетілмейді.
48. Акционерлер тізімі осы Ереженің
2-қосымшасына
сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
3) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
4) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны;
5) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) акционер заңды тұлғалардың атауын, оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін;
акционер жеке тұлғалардың тегін, атын, болған жағдайда әкесінің атын және акционер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін;
жүк артылған және (немесе) оқшауланған бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акционерге тиесілі бағалы қағаздардың санын;
сол арқылы дауыс беру құқығы берілген, акционерге тиесілі жай акциялардың санын;
акционерге тиесілі артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып акционерлердің тізімі.
7) номиналды ұстауда болып табылатын және тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотында есепке алынған акциялар саны және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ меншік иесіне тиесілі мәліметтер;
8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
9) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
10) акционерлердің тізімі жасалған уақыт және күн;
11) эмитенттің өкіміне сәйкес өзге де мәліметтер.
Осы Ереженің
3-қосымшасына
сәйкес жасалған бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімінде акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтер қосымша болады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлердің тізімі осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жасалады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес акционерге ұсынылған акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтерден және жеңілдік бар екендігі туралы, салық салу жөніндегі мәліметтерден тұрады, бұл деректер тіркеушіде болған жағдайда.
Акционерлердің тізіміне тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін және бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар уәкілетті органның біліктілік куәлігі (бұдан әрі - екінші санатты біліктілік куәлігі) бар тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Ескерту: 48-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
49. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме осы Ереженің
4-қосымшасына
сәйкес жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1) жеке шоттың атауы мен нөмірі;
2) бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер;
оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаз ұстаушы заңды тұлғаның атауын;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаз ұстаушы жеке тұлғаның тегін, атын, болған жағдайда әкесінің атын;
3) эмитенттің атауы және орналасқан жері (пайлық инвестициялық қордың пайлары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде, эмитенттің нұсқауымен қатар, пайлық инвестициялық қордың атауы көрсетіледі);
4) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
5) облигацияларды өтеу күні;
6) жүк артылған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің саны;
7) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына арақатысы;
8) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
9) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыт және күн.
Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмеге тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін және бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді орындау және екінші санатты біліктілік куәлігі бар тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Ескерту: 49-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
50. Тіркеуші орталық депозитарийден және эмитенттен қажетті ақпаратты ақпараттық операцияны жүргізуге бұйрықты алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сұрайды. Орталық депозитарий және (немесе) эмитент тіркеуші ұсынған мәліметтерге аталған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, ұсынылған ақпарат тізілім жүйесін құрайтын мәліметтер негізінде құралды деген жазба енгізіледі.
Ескерту: 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
51. Тізілімдер жүйесіндегі операциялар жүргізу мерзімі тіркеуші немесе тіркеушіге трансфер-агенттік қызметтер көрсететін ұйым ұсынған құжаттар тіркелген сәттен бастап есептеледі.
52. Осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны үш күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
53. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілмеген жағдайда ол жасалған күннен бастап, жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлер тізімін беруді тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырады.
Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілген жағдайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізілімін беруді немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда болып табылатын акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсынуды тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма сегіз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Ескерту: 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
54. Тіркеуші бұйрықты алған кезден бастап үш мына күнтізбелік күн ішінде мынадай:
1) қол қою үлгілерінің бұйрықтағы нотариат куәландырған үлгілерге сәйкес еместігі;
2) операция жасауға бұйрық алған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде қарама-қарсы бұйрықты бермеген;
3) бұйрық деректемелерінің осы Ережемен белгіленген деректемелерге, немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес еместігі;
4) жеке шотта қажетті бағалы қағаздар санының болмауы;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасын бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жүйесі деректері негізінде мәмілені жасау нәтижесінде бұзу;
6) сәйкес мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімі болған;
7) бұйрықта көрсетілген жеке шот оқшауланған;
8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға жүк артылған;
9) тіркеушінің ішкі құжатында көзделген өзге жағдайларда оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығы бар уәкілетті органның біліктілік куәлігі (бұдан әрі - екінші санатты біліктілік куәлігі) бар тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Бұйрықты орындаудан бас тартуға тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін және екінші санатты біліктілік куәлігі бар тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Ескерту: 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
54-1. Шаруашылық серіктестіктің қатысушыларын қалыптастыру, жүргізу және сақтау тіркеушінің ішкі құжаттарына және шаруашылық серіктестіктің тіркеушімен жасалған шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 36
қаулысымен
.
4-тарау. Тіркеуші және уәкілетті органның
өзара іс-қимыл тәртібі
Ескерту: 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
55. Тіркеуші эмитент берген бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту жөніндегі хабарламалардың көшірмелері негізінде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді уәкілетті органға беру мерзімдерін дербес есептейді.
56. Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді уәкілетті органға беру мерзімі өткенге дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілген есептерді уәкілетті органға беру қажеттілігі туралы хабарламаны қызмет көрсетілетін эмитентке жібереді.
57. Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептің уәкілетті органға берілгендігін растайтын құжаттарды эмитенттен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін алмаған жағдайда тіркеуші келесі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы хабарлайды.
58. Тіркеуші әр айдың бірінші жұлдызындағы жағдай бойынша осы Ереженің
5-қосымшасының
нысаны бойынша ақпаратты уәкілетті органға береді.
Ақпарат электрондық почта арқылы есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұлдызына дейін ұсынылады.
Ескерту: 58-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
5-тарау. Тіркеушінің құжат айналымы. Тізілімдер жүйесін
құрайтын құжаттарды және электрондық деректерді сақтау
Ескерту: 6-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
59. Тіркеушіге келіп түскен құжаттар келіп түскен құжаттарды, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алуды, сенімхаттарды есепке алуды тіркеу журналдарында тіркеледі. Тіркеуші құжатты қабылдағаннан кейін өтініш білдірген тұлғаға қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған тіркеушінің қызметкерінің аты-жөнін көрсете отырып оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.
61. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтердегі өзгерістер тіркеушінің сәйкес ішкі есеп журналында тіркеледі.
62. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар тіркеушінің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.
63. Тізілімдер жүйесін құрайтын мынадай құжаттар кемінде бес жыл сақталады (мерзім бағалы қағаздарды ұстаушының осындай болуы тоқтаған немесе тіркеуші мен эмитент арасында жасалған шарт бұзылған күннен бастап есептеледі):
1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;
5) шарты қолдану кезеңінде эмитенттен тіркеуші (бұрынғы тіркеуші) алған және эмитентке тіркеуші жіберген құжаттар;
6) операцияларды тіркеу журналы;
7) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
9) сенімхаттарды есепке алу журналы;
10) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;
11) мұрағатты жүргізу журналы.
64. Тіркеуші мынадай талаптарды сақтай отырып тізілімдер жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшіруді және сақтауды жүзеге асырады:
1) резервтік көшірме айына кем дегенде бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте резервтік көшірмелер ақпаратқа санкцияланбаған енуден қорғалады;
2) резервтік көшірмелерді сақтау сейф операцияларына лицензиясы бар ұйымда жүзеге асырылады;
3) резервтік көшірмелер олар жаңартылған резервтік көшірмелерге ауыстырылғанға дейін сақталады.
Сейф операцияларын жүзеге асыратын ұйыммен шарт жасасқан (бұзған) кезден бастап он күнтізбелік күн ішінде резервтік көшірмелерді сақтау үшін тіркеуші шарт жасасқан (бұзған) ұйымның атауын, сонымен қатар шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған шартта уәкілетті органға:
1) резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге;
2) лицензияны тоқтата тұрған, кері шақырып алған жағдайда тіркеушіден бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмесін қайтып алуға, эмитет бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу жөнінде жаңа шартты жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беруге мүмкіндік беретін талаптар көзделу қажет.
Ескерту: 64-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
65. Тізілімдер жүйесін құрайтын, электрондық тасымалдағыштардағы (қағазға басылған) мәліметтер жоғалған немесе жоғалтып алған жағдайда тіркеуші:
1) эмитентке және уәкілетті органға құжаттардың жоғалғаны немесе жоғалтып алғаны туралы бір күн ішінде хабарлайды;
2) тізілімдер жүйесін құрайтын деректерді қалпына келтіру мақсатында баспасөз басылымында мүдделі тұлғалардың құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы ақпарат жариялайды;
3) деректерді олар жоғалған немесе жоғалтып алған күннен бастап екі апта ішінде қалпына келтіреді.
6-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін
және тізілімдер жүйесін құрайтын өзге құжаттарды өткізу
Ескерту: 7-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
66. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрі - лицензия) қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда тіркеуші уәкілетті органның бұл туралы хабарламасын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған күні ондағы шарт жасалған бағалы қағаздар эмитенттеріне жазбаша хабарлама жібереді.
Лицензия қайтарылып алынған жағдайда тіркеуші үш күнтізбелік күн ішінде лицензия қайтарып алынған күні шарт жасалған бағалы қағаздар эмитенттеріне лицензияны қайтарып алу туралы және олармен шарттарды бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
67. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда тіркеуші эмитенттің жазбаша хабарламасында көрсетілген жаңа тіркеушіге осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша мынадай құжаттарды өткізеді:
1) жаңа тіркеушіден немесе эмитенттен алынған бағалы қағаздарды ұстаушылардың бастапқы тізілімін және шарттарды бұзған күнге бұрынғы тіркеушілер эмитентпен жасаған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін;
2) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, операцияларды тіркеу, сенімхаттарды есепке алу жорналдарын;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылар бұйрықтарының және эмитенттің өкімдерінің көшірмелері, сондай-ақ олардың орындалуы/орындалмауы туралы есептер;
4) операциялар жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар;
5) өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса шарт жасау кезінде тіркеушіге эмитент ұсынған құжаттар;
6) шартты бұзған күні жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі;
7) тіркеушінің және эмитенттің бірінші басшылары қол қойған шартты бұзу туралы актінің көшірмесі.
Тіркеушіден лицензия қайтарып алынған жағдайда эмитентпен шарт жасасқан тіркеушіге осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары беріледі.
68. Осы Ереженің 67-тармағында көрсетілген құжаттар қағазға басып және (немесе) электрондық нысанда ұсынылуы мүмкін.
69. Қағазға басылып жасалған және осы Ереженің 67-тармағына сәйкес жаңа тіркеушіге өткізілген құжаттар тігілуі, нөмірленуі және соңғы парақта бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі параққа қойылу тиіс мөр таңбасы қойылатын және құжаттарды өткізген тараптың бірінші басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз пломбамен бекітіледі.
70. Құжаттарды өткізу тіркеушілердің бірінші басшылары қол қоятын және олардың мөрлерімен бекітілетін қабылдау-өткізу актісін жасау арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту: 8-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
71. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешіледі.
72. Қазақстан Республикасының банк заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға сату жөніндегі мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесінің 1-қосымшасы
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
_________________________________________________________________
200__жылғы ___ __________, _______ уақыттағы жағдай бойынша
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі
_________________________________________________________________
Тізілімді жасаған күн Уақыты
Эмитент туралы мәліметтер:
Эмитенттің (пайлық инвестициялық қордың)
|
|
Эмитенттің орналасқан жері |
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
|
|
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі |
|
Бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтер:
Жарияланған бағалы қағаздар саны |
|
Орналастырылған бағалы қағаздар саны |
|
Эмитент сатып алған бағалы қағаздар саны |
|
N |
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы
|
Бағалы қағаздарды
|
||
жалпы
|
алынып тасталды
|
жүк
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Бағалы қағаздарды
|
алынып тасталды
|
Бағалы
|
Қосымша
|
||
оқшау.
|
сенімгерлік
|
орна-
|
дауыс
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын
(тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын
қызметін көрсете отырып) ____________________
Мөрдің орны
____________________________
Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті
жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факсы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесінің 2-қосымшасы
Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
__________________________________________________________________
200__жылғы___ _______жағдай бойынша_______акционерлерінің тізімі
эмитенттің атауы уақыты күні
Акционерлер тізімін жасаудың мақсаты: акционерлердің жалпы
жиналысын өткізу
__________________________________________________________________
Эмитент туралы мәліметтер:
Эмитенттің мемлекеттік тілдегі атауы |
|
Эмитенттің орыс тіліндегі атауы |
|
Эмитенттің орналасқан жері |
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
|
|
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі |
|
Акциялар шығарылымы туралы мәліметтер:
Жарияланған акциялар саны, оның ішінде: |
жай |
артықшылықты |
Орналастырылған акциялар саны,
|
жай |
артықшылықты |
Эмитент сатып алған акциялар саны,
|
жай |
артықшылықты |
N |
Акционер
|
Жеке
|
Бағалы
|
Акционерге тиесілі
|
|||
жай акциялар |
|||||||
акция-
|
алынып тасталды
|
жүк
|
дауыс
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Акционерге тиесілі акциялардың саны |
Қосымша
|
||
артықшылықты акциялар |
|||
акциялардың
|
жүк ауыртпалы.
|
жүк ауыртпалығын.
|
|
|
|
|
|
Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын
(тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын
қызметін көрсете отырып) ____________________
Мөрдің орны
____________________________
Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті
жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факсы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесінің 3-қосымшасы
Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
__________________________________________________________________
200__жылғы____ _________жағдай бойынша_______акционерлерінің тізімі
эмитенттің атауы уақыты күні
Акционерлер тізімін жасаудың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша
кірістерді есептеу
___________________________________________________________________
Эмитент туралы мәліметтер:
Эмитенттің мемлекеттік тілдегі атауы |
|
Эмитенттің орыс тіліндегі атауы |
|
Эмитенттің орналасқан жері |
|
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта
|
|
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі |
|
Акциялар шығарылымы туралы мәліметтер:
Жарияланған акциялар саны |
|
Орналастырылған акциялар саны |
|
Эмитент сатып алған акциялар саны |
|
N |
Акци-
|
Жеке
|
Акцио-
|
Акция-
|
Акционерге
|
Салық
|
Қос.
|
|
жай |
артық
|
_________________
1
Бағандар эмитент сұратқан ақпаратқа қатысты толтырылады
2
"Салық жеңілдіктері мен артықшылықтардың болуы туралы
мәлімет бағанасындағы ақпарат" бұл мәліметтер тіркеушіде болған
жағдайда толтырылады
"Бағалы
|
Банктік
|
Акция-
|
Номиналды ұстауда
|
Қосымша
|
|
жай |
артықшы.
|
Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын
(тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын
қызметін көрсете отырып) _____________________
Мөрдің орны
____________________________
Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті
жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факсы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесінің 4-қосымшасы
Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 148
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
__________________________________________________________________
200__ жылғы ___ _________жағдай бойынша __ N___ бағалы қағаздарды
ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме
__________________________________________________________________
Үзінді-көшірмені жасаған күн Уақыты
Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:
Бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы,
|
|
Бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке басын
|
|
Жеке шоттың атауы |
|
N |
Эми-
|
Эми-
|
Баға-
|
Обли-
|
Бағалы қағаздар
|
Бағалы
|
Қо-
|
||||
жал-
|
алынып тасталды
|
жүк
|
сенім-
|
ор-
|
дау-
|
Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын
(тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын
қызметін көрсете отырып) ____________________
Мөрдің орны
________________________
Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті
жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факсы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесінің 5-қосымшасы
Ескерту: 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі,
оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсі
Мәліметтер 200__жылғы _____ __________ жағдай бойынша беріліп отыр, уақыты ______
N
|
Эмитент туралы мәліметтер: |
Жай атаулы акциялар шығарылымы
|
|||||||
Эмитент
|
Эмитент.
|
Заңды
|
Салық
|
Акция.
|
Жария.
|
Орна.
|
Эми.
|
Дауыс
|
Жауапты тіркеуші адамның аты-жөні,
атқарып отырған лауазымы
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 62 қаулысының 2-қосымшасы
Күші жойылған деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2750 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы қазан, N 19, 116-бет).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2750 тіркелген, Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3103 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3577 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы тамыз, N 17, 143-бет).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3730 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 336 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3855 тіркелген).