Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар е

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4365. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық кесімдерді "Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы "2006 жылғы  25 ақпандағы N 62  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4175 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін енгізу ережесінде:
     8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1) бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;";

     11-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
     "Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында көрсетіледі.
      Сатып алу немесе ауыстыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан шығарылады, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрінеді.";

      37-тармақта "тіркелген тұлғалардың" деген сөздер "мұрагердің немесе оның өкілінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-тармақтың бірінші сөйлемі "және сенімгерлік басқару шарты" деген сөздермен толықтырылсын;

      48-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлердің тізімі осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жасалады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес акционерге ұсынылған акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтерден және жеңілдік бар екендігі туралы, салық салу жөніндегі мәліметтерден тұрады, бұл деректер тіркеушіде болған жағдайда.";

       49-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
       "1) жеке шоттың атауы мен нөмірі;";

       50-тармақта ", не жеке шоттың көшірмесі" деген сөздер алып тасталсын;

       53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       "53. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізімін беруді, акционерлердің жалпы жиналысын өткізуді тіркеуші егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға өткізілмеген жағдайда оны жасаған күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады.
       Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілген жағдайда, бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлердің тізімін беруді тіркеуші оны жасаған күннен бастап жиырма сегіз күнтізбелік күннен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады.   
       Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілген жағдайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе бағалы қағаздар бойынша акционерлер тізімін беруді, акционерлердің жалпы жиналысын өткізуді немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда болып табылатын акционерлер туралы өзге де ақпарат беруді тіркеуші оны жасаған күннен бастап жиырма сегіз күнтізбелік күннен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады.";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-тарау. Тіркеуші және уәкілетті органның өзара іс-қимыл тәртібі";

      58-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ақпарат электрондық почта арқылы есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұлдызына дейін ұсынылады.";

      6, 7, 8-тараулардың атауындағы "6", "7" және "8" деген сандар тиісінше "5", "6" және "7" деген сандармен ауыстырылсын;

      64-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы-сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған шартта уәкілетті органға:
      1) резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге;
      2) лицензияны тоқтата тұрған, кері шақырып алған жағдайда тіркеушіден бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмесін қайтып алуға, эмитет бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу жөнінде жаңа шартты жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беруге мүмкіндік беретін талаптар көзделу қажет.";

      1-қосымшаның үшінші кестесінде:
      "акциялардың жалпы саны" деген бағанда "акциялар" деген сөз алып тасталсын;

      "жүк ауыртпалығынан бостары" және "Эмитенттің жеке шоттағы бағалы қағаздарының барлығы" деген бағандар алып тасталсын;

      2-қосымшада:
      үшінші кестедегі "жүк ауыртпалығынан бостары" деген баған алып тасталсын;

      3-қосымшада:
      үшінші кестедегі "Салық жеңілдіктері мен артықшылықтардың болуы туралы мәлімет" деген бағанда "артықшылықтардың 2 " деген сөзбен және белгімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Салық жеңілдіктері мен артықшылықтардың болуы туралы мәлімет бағанасындағы ақпарат 2" бұл мәліметтер тіркеушіде болған жағдайда толтырылады";

      4-қосымшада:
      бірінші кестедегі "Бағалы қағаздарды ұстаушының шотының түрі" деген жол "Жеке шоттың атауы" деген жолмен ауыстырылсын;

      екінші кестенің "жүк ауыртпалығынан" деген бағаны алып тасталсын;

      5-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                         агенттігі Басқармасының 
                                         2006 жылғы 12 тамыздағы
                                        N 148 қаулысына 1-қосымша 

                                      "Бағалы қағаздарды ұстаушылар
                                      тізілімдерінің жүйесін жүргізу
                                          ережесіне N 5-қосымша 

       Тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби
      қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі,
            оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсі 

Мәліметтер 200__жылғы     _____    __________ жағдай бойынша беріліп отыр, уақыты ______

Эмитент туралы мәліметтер:

Жай атаулы акциялар шығарылымы туралы мәліметтер:

Эмитенттің толық ресми атауы

Эмитенттің тұрған жері

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу (тіркеу) нөмірі және күні

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Акцияның түрі мен ұлттық біріздендіру нөмірі

Жарияланған акциялардың саны

Орналастырылған акциялардың саны

Эмитент сатып алған акциялардың саны

Дауыс беруші акциялардың саны

Жауапты тіркеуші адамның аты-жөні, 
атқарып отырған лауазымы".