Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 36 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4599 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148  Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына (әділет органдарында 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 1578 мемлекеттік тіркеу, 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газеті) мынадай өзгертулер мен қосымшалар енгізілсін:
      1) атаулы қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесінде:
      1 тармақтағы "жергілікті маңыздағы" сөздері "санаторийлер мен пансионаттардағы" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) N 2 қосымшадағы "профилакторийдің" сөзінен кейін»"санаторийдің, пансионаттың" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен соң күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Қала әкімі