"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 және "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішікі істер министрінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4115

Қолданыстағы

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және техникалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 990 болып тіркелген, Ішкі істер министрінің N 1349 болып тіркелген 2001 жылғы 30 қазандағы  N 571 ; N 1699 болып тіркелген 2001 жылғы 12 қарашадағы  N 787 ; N 2092 болып тіркелген 2002 жылғы 10 желтоқсандағы  N 775 ; N 2651 болып тіркелген 2003 жылғы 13 желтоқсандағы  N 722 ; N 3138 болып тіркелген 2004 жылғы 14 қыркүйектегі  N 528 ; N 3582 болып тіркелген 2005 жылғы 16 наурыздағы  N 168 ; N 3893 болып тіркелген 2005 жылғы 15 қыркүйектегі  N 548 ; N 3974 болып тіркелген 2005 жылғы 23 қарашадағы  N 651  бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақтағы "Қалалық ішкі істер басқармаларының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде:
      7-тармақтағы "бақылау пункттерінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      32-тармақтағы "бақылауымен" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғалардың әрбір техникалық құралын техникалық байқаудың нәтижесі диагностикалық картада тіркеледі (4-қосымша). Одан кейін екі данада көлік құралдарын техникалық байқау актісі (5-қосымша) рәсімделеді, оның біреуі қалалардың (аудандардың) қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына (бөлімдеріне), екіншісі - Жол полициясына жіберіледі. Көшірмесі көлік иесі - заңды тұлғаға беріледі. Диагностикалық карталардың деректері Жол полициясының көлік құралдарын және олардың техникалық жай-күйі туралы деректер базасына енгізіледі. Жеке адамдардың көлік құралдарын техникалық байқаудың нәтижелері диагностикалық картаға тіркеледі және Жол полициясының көлік құралдары мен олардың техникалық жай-күйі туралы деректер базасына енгізіледі, сондай-ақ қалалардың (аудандардың) қорғаныс істер жөніндегі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі. Техникалық байқаудың нәтижелері туралы деректерді өңдеуге және сақтауға арналған компьютерлік техникамен жабдықталған Жол полициясы бөлімшелерінде журнал толтырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 343  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 679 болып тіркелген, Ішкі істер министрінің N 1341 болып тіркелген 2000 жылы 20 қарашадағы  N 614 ; N 1458 болып тіркелген 2001 жылғы 25 наурыздағы  N 249 ; N 1663 болып тіркелген 2001 жылғы 28 қазандағы  N 762 ; N 2038 болып тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы  N 632 ; N 3641 болып тіркелген 2005 жылғы 26 сәуірдегі  N 249 ; N 3974 болып тіркелген 2005 жылғы 23 қарашадағы  N 651  бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Жеке адамдардың жеңіл көлік құралдары мен мотоциклдерін қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару қалалардың (аудандардың) қорғаныс істер жөніндегі тиісті басқармаларын (бөлімдерін) жазбаша хабарлағаннан кейін ғана жүргізіледі.".

      3. Жол полициясы департаменті (Ө.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      2006 жылғы 2 наурыз