"Автокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Қазақстан Республикасы Әд

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 722 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2651. Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен.

       Ескерту:   Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы   N 263   бұйрығымен .
____________________________________

       Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында  бұйырамын :

      1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587  бұйрығына  (бұдан әрi мәтiн бойынша - Бұйрық) (тiркелген нөмiрi 990) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Бұйрықта:
      2-тармақтың 6-шы тармақшасындағы "Жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "жоғары дайындығы бар жол полициясы қызметкерлерiнiң iшiнен" деген сөздермен, "ұсыныс енгiзiлсiн" деген сөздер "жұмыс тобы құрылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген, автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқаудан жүргiзудiң Тәртiбiнде:
      9-тармақтың 3 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшем аспаптары, олардың жарамдылығы, метрологиялық аттестациядан өту уақыты мен кезеңдерi, соңғы тексерiлген уақыты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес болуы керек";
      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Транспорт құралдарының техникалық жағдайын мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында диагностикалау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты (ҚР СТ 1086-2003) "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi техникалық диагностикалау. Жұмыс жүргiзу технологиясына жалпы техникалық талаптар." талаптарына сәйкес жүзеге асырылады";
      41 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан қолдануға енгiзiледi.

      Министр