Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3893. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желілiк кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 62-жолдың 62.2.1-тармағының 3-бағанындағы "қауiпсiздiк органдары, құқық қорғау органдары және ОАЫҰ елдерiнiң шекарасын қорғау жөнiндегi құрылымдар басшыларының кеңесiн өткiзу, Тiзбе мен Тiзiмдi бекiту" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҰҚК (Н.Н.Дүтбаев), 2005 жылғы қараша".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі