"Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қараша N 787 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1699. Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжаттар):
      28-баптың екiншi бөлiгi "iшкi iстер органдарының" деген сөздердiң

алдынан "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  

Z970204_

  
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің 
Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат):
     мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
     "29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу 
     Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу 
Қазақстан Республикасының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 
құқықтық жағдайы туралы заңдарында белгiленетiн жағдайларда және тәртiппен 
жүзеге асырылады".

     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.