Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 3 желтоқсанда N 990 болып тiркелген "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелерді мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнi

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 528 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3138. Бұйрықтың күші жойылды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Iзет" фирмасы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі "Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы N 862  қаулысында көзделген қаражат шегiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудің ақпараттық жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және әзiрлеу үшін маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi беруші болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі