Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3603

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-бабының 44) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберілсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 109 қаулысымен бекітілген 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық
портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі

      Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
      1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:
      1) Саудаға арналған қаржы құралдары;
      2) Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;
      3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен .

      2. Ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдары инвестициялық комитетінің (бұдан әрі - ұйым) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) шешімі негізінде қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздарды жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатқызу.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен .

      3. Бағалы қағаздарды қайталама нарығында сатып алу (сату) кезінде оларды сатып алу бойынша мәмілені тіркеу есебі күні ретінде немесе мәміле жасалған сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен немесе мәміле жасалған аумағында мемлекеттің заңдарына сәйкес бағалы қағаздарға төлем жасау (жеткізу) ретінде белгіленген күн пайдаланылады.

      4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша сыйақыны есептеу күн сайын жасалады және қаржы құралын есепке қойған күннен кейінгі күнінен басталады.
      Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары бойынша санатына белгіленген дисконт немесе сыйлықақы, қаржы құралдары деректерін сатып алған сәттен бастап оларды қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өтелген мерзімге дейін амортизацияланады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен .

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және екінші деңгейдегі банктер салымдарында орналастырылған активтердің ағымдағы құны банк салымның шартында көрсетілген кезеңіне сыйақы сомасын күн сайын есептеу арқылы белгіленеді.

      6. Егер сатып алған сәтіне дейін кезеңіне есептелген сыйақымен бағалы қағаздарды ұйымдар немесе қор сатып алса, онда оларды сатып алған күні сыйақы төлем жасау күнімен дәл келмегенде ұйым немесе қор сатушыға бағалы қағаздар құнынан басқа соңғы төлем сәтінен өткен кезеңіне тиесілі сыйақыны төлейді және оны жеке ескереді. Сыйақының төлемақы мерзімі кезегі келген кезде оны ұйым немесе қор барлық кезеңіне алады.

      7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы тармақпен белгіленген критерийлерге сай оларға қатысты белсенді рынок болғанда, Қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларының белсенді рыногының болу критерийлері ретінде мынадай көрсеткіштер көрсетіледі:
      1) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде маркет-мейкерлердің ешқайсысының да бағаланатын акциялары бойынша сұраныс пен ұсыныс арасындағы міндетті баға белгілеудің барынша төмен көлеміне қолдау көрсету және спрэд талаптары, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарымен осы акциялардың маркет-мейкерлері үшін белгіленген басқа міндетті талаптары бұзылған жоқ;
      2) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде бағаланатын акциялар бойынша ашық сауда әдісімен өткен сауда-саттық көлемі елу миллионнан кем емес теңгені немесе көрсетілген шамалардың қайсысы ең төменгі болып табылатынына байланысты эмитенттің жекеше капиталы мөлшерінің оннан бір пайызын құрайды;
      3) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.06.30 N 98 қ аулысымен .
      4) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде он мәміле жасалды;
      5) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде қор биржасының оннан кем емес мүшесі осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасады.
      Спрэд деп маркет-мейкерлер сатып алудың жарияланған бағасы мен өзі хабарлаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған қаржы құралдарын сатудың немесе баға белгілеу тәсілінің (тілегін білдіру) айырымы түсініледі, ол бойынша қор биржасының мүшесі қаржы құралдарының сатып алынатын бағасы мен жарияланған сатудың бағасы және қор биржа мүшесі жариялаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған сату бағасын көрсетеді.
      Маркет-мейкер деп маркет-мейкер ретінде қор биржасы таныған және өзіне әрдайым бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес хабарлауға және қолдауға міндеттеме алған қор биржасының мүшесі түсініледі.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы баппен анықталған критерийлерге сәйкес оларды сатып алған сәтте белсенді рынок болмағанда, осы Ереженің 9-бабына сәйкес әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңында жүзеге асырылады.
      Егер, бұрын белсенді рынок болмаған акциялар бойынша белсенді рынок белгіленген жағдайда, осы акциялар бұдан әрі әділ құны бойынша әр апта сайын бірінші жұмыс күннің соңындағы жағдай бойынша бағаланады.
      Осының алдында белсенді болған рыноктың белсенділігі болмаған кезеңдегі акциялар құны апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша егер акцияларға қатысты белсенді рынок пайда болған сәтке дейінгі осы акциялардың соңғы әділ құнмен салыстырғанда төмен шегі болып табылатын сатып алу құны сатып алу құны деңгейінен бес пайызға төмен ағымдағы акциялар құнын түзету жолымен аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы апта сайын анықталып отырады. Егер осы акциялардың сатып алу құны олардың соңғы әділ құнмен салыстырғанда артық шекте болып табылған жағдайда олар осы акцияларға қатысты белсенді рыноктың пайда болу сәтіне дейін ескерілетін болады.
      Қор биржасы осы Ереженің қосымшасына сәйкес апта сайын алматы уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей аптаның бірінші жұмыс күні Интернет желісіндегі сайтта Қазақстан Республикасының резидент ұйымдастырушыларының акцияларына қатысты белсенді рыноктың болуына немесе болмауына қатысты мәліметтерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес осының алдындағы аптаның соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша орналастырады.
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.10.27 N 227 қаулысымен, 1), 4) және 5) тармақшалар жаңа редакцияда жазылды, 2) тармақшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.06.30 N 98 қ аулысымен .

      7-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан өзге, қаржы құралдары деп есептелетін, саудаға арналған және саудада қолда бар бар қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен .

      7-2. Қаржы құралдары ретінде есептелетін саудаға арналған және сатуға белгіленген бағалы қағаздардың шетелдік ұйымдастыру рыноктарында айналыста жүрген қаржы құралдарын бағалау әділ құн бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен .
       7-3. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдерінің аясында шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту: 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 168 қаулысымен

      8. Тазартылған қымбат металдар Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша апта сайын есептелінеді.

      8-1. Хеджирлеу құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес белгіленген әділ құн бойынша, апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен.

      9. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары деп есептелетін бағалауды Әдістеме көздемеген қаржы құралдарының әділ құны:
      1) оның әділ құны анықталған күніне дейін сатып алу құны бойынша акциялардың;
      2) оның әділ құны анықталған күніне дейін бірінші жұмыс күні аяғындағы апта сайын дисконттау құны бойынша мемлекеттік емес облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздардың есебі арқылы жүзеге асырылады.
      Principal Protected Notes бағалау әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Principal Protected Notes әділ құны Reuters немесе Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен алынған ақпарат негізінде, немесе мұндай болмаған жағдайда, осы құралды бағалайтын қарсы әріптестер ұсынған баға белгілеудің орташа мәні ретінде белгіленеді. Reuters, Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен немесе қарсы әріптестерден ақпарат алу мүмкін болмаған кезде, бағалау мақсаты үшін эмитент белгілеген баға пайдаланылады.
      Ұйымдар мен қор аптаның бірінші жұмыс күнінде сатып алған қаржы құралдары кейінгі күннің аяғында қайта бағаланады.
      Ұйымдар мен қор аптаның екінші және соңғы жұмыс күні аралығында сатып алған қаржы құралдары есепке қойған күннен кейінгі жұмыс күні аяғында осы тармақтың бірінші-екінші абзацтарға ұқсас қайта бағаланады.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 , 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулыларымен.

      10. Әдістемеге сәйкес бағалауды жүзеге асыруға қажетті халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік мемлекеттерінің бағалы қағаздарына, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұраныс баға белгілеуді Агенттік қор биржасына алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінде Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей апта сайын ұсынады.

      11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарында белгіленген тәртіпте шешіледі.

                                          Жинақтаушы зейнетақы
                                        қорларының инвестициялық
                                        портфельдеріндегі қаржы
                                           құралдарын бағалау
                                            ережесіне қосымша

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен .

           20___ жылғы "___"________ жағдай бойынша
       Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының
    акцияларына қатынасты белсенді рыноктың болуы немесе
               болмауына қатысты мәліметтер

№ N

Акция (оның түрін
және эмитенттің атауын көрсетіп)

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі акцияның коды 

Белсенді рынок

бар/жоқ

1.