Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3603

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  55-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы  ереженің  15-бабының 44) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберілсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының         
2005 жылғы 26 наурыздағы    
N 109 қаулысымен бекітілген  

  Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық
портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі

      Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
      1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:
      1) Саудаға арналған қаржы құралдары; 
      2) Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;
      3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390   қаулысымен .

      2. Ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдары инвестициялық комитетінің (бұдан әрі - ұйым) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) шешімі негізінде қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздарды жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатқызу.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390   қаулысымен .

      3. Бағалы қағаздарды қайталама нарығында сатып алу (сату) кезінде оларды сатып алу бойынша мәмілені тіркеу есебі күні ретінде немесе мәміле жасалған сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен немесе мәміле жасалған аумағында мемлекеттің заңдарына сәйкес бағалы қағаздарға төлем жасау (жеткізу) ретінде белгіленген күн пайдаланылады.

      4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша сыйақыны есептеу күн сайын жасалады және қаржы құралын есепке қойған күннен кейінгі күнінен басталады.
      Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары бойынша санатына белгіленген дисконт немесе сыйлықақы, қаржы құралдары деректерін сатып алған сәттен бастап оларды қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өтелген мерзімге дейін амортизацияланады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390   қаулысымен .

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және екінші деңгейдегі банктер салымдарында орналастырылған активтердің ағымдағы құны банк салымның шартында көрсетілген кезеңіне сыйақы сомасын күн сайын есептеу арқылы белгіленеді.

      6. Егер сатып алған сәтіне дейін кезеңіне есептелген сыйақымен бағалы қағаздарды ұйымдар немесе қор сатып алса, онда оларды сатып алған күні сыйақы төлем жасау күнімен дәл келмегенде ұйым немесе қор сатушыға бағалы қағаздар құнынан басқа соңғы төлем сәтінен өткен кезеңіне тиесілі сыйақыны төлейді және оны жеке ескереді. Сыйақының төлемақы мерзімі кезегі келген кезде оны ұйым немесе қор барлық кезеңіне алады.

      7. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары деп есептелетін қаржы құралдарын бағалау Қор биржасының қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес аптаның бірінші жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 390   қаулысымен .

      8. Тазартылған қымбат металдар Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша апта сайын есептелінеді.

      8-1. Хеджирлеу құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес белгіленген әділ құн бойынша, апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 152  қаулысымен.

      9. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары деп есептелетін бағалауды Әдістеме көздемеген қаржы құралдарының әділ құны:
      1) оның әділ құны анықталған күніне дейін сатып алу құны бойынша акциялардың;
      2) оның әділ құны анықталған күніне дейін бірінші жұмыс күні аяғындағы апта сайын дисконттау құны бойынша мемлекеттік емес облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздардың есебі арқылы жүзеге асырылады.
      Principal Protected Notes бағалау әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Principal Protected Notes әділ құны Reuters немесе Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен алынған ақпарат негізінде, немесе мұндай болмаған жағдайда, осы құралды бағалайтын қарсы әріптестер ұсынған баға белгілеудің орташа мәні ретінде белгіленеді. Reuters, Bloomberg ақпараттық-талдау жүйелерінен немесе қарсы әріптестерден ақпарат алу мүмкін болмаған кезде, бағалау мақсаты үшін эмитент белгілеген баға пайдаланылады.
      Ұйымдар мен қор аптаның бірінші жұмыс күнінде сатып алған қаржы құралдары кейінгі күннің аяғында қайта бағаланады.
      Ұйымдар мен қор аптаның екінші және соңғы жұмыс күні аралығында сатып алған қаржы құралдары есепке қойған күннен кейінгі жұмыс күні аяғында осы тармақтың бірінші-екінші абзацтарға ұқсас қайта бағаланады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы  N 390 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 152  қаулыларымен.

      10. Әдістемеге сәйкес бағалауды жүзеге асыруға қажетті халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік мемлекеттерінің бағалы қағаздарына, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұраныс баға белгілеуді Агенттік қор биржасына алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінде Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей апта сайын ұсынады.

      11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарында белгіленген тәртіпте шешіледі.