Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 165 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5386 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген ) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4401 тіркелген, 2006 жылғы 13 қазанда "Заң газеті " газетінің N 182 (988) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының  "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4490 тіркелген ), Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 30 маусымдағы N 98 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5275 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында N 9 санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 7-3-тармақпен толықтырылсын:
      "7-3. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдерінің аясында шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                  Е. Бахмутова