Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3603

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-бабының 44) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберілсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 109 қаулысымен бекітілген 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық
портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесі

      Осы Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
      1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының портфелі үш санатқа бөлінеді:
      1) саудаға арналған қаржы құралдары;
      2) өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары;
      3) сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары.
      Мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының ағымдағы құны жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерін құрайды.
      Қаржы құралын "өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары" санатынан "сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары" санатына ауыстырған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі бірлесіп – ұйым деп аталады), ауыстыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органға осындай шешім қабылдауының себептерін көрсете отырып, ауыстыру туралы хабарлама жібереді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Сатып алынған бағалы қағаздарды жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатқызу ұйымның инвестициялық комитеті шешімінің негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       3. Жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен. 

      4. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша сыйақыны есептеу күн сайын жасалады және қаржы құралын есепке қойған күннен кейінгі күнінен басталады.
      Өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары бойынша санатына белгіленген дисконт немесе сыйлықақы, қаржы құралдары деректерін сатып алған сәттен бастап оларды қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өтелген мерзімге дейін амортизацияланады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.10.29 390 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және екінші деңгейдегі банктер салымдарында орналастырылған активтердің ағымдағы құны банк салымның шартында көрсетілген кезеңіне сыйақы сомасын күн сайын есептеу арқылы белгіленеді.

      6. Егер сатып алған сәтіне дейін кезеңіне есептелген сыйақымен бағалы қағаздарды ұйымдар немесе қор сатып алса, онда оларды сатып алған күні сыйақы төлем жасау күнімен дәл келмегенде ұйым сатушыға бағалы қағаздар құнынан басқа соңғы төлем сәтінен өткен кезеңіне тиесілі сыйақыны төлейді және оны жеке ескереді. Сыйақының төлемақы мерзімі кезегі келген кезде оны ұйым немесе қор барлық кезеңіне алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы тармақпен белгіленген критерийлерге сай оларға қатысты белсенді рынок болғанда, Қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларының белсенді рыногының болу критерийлері ретінде мынадай көрсеткіштер көрсетіледі:
      1) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде маркет-мейкерлердің ешқайсысының да бағаланатын акциялары бойынша сұраныс пен ұсыныс арасындағы міндетті баға белгілеудің барынша төмен көлеміне қолдау көрсету және спрэд талаптары, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарымен осы акциялардың маркет-мейкерлері үшін белгіленген басқа міндетті талаптары бұзылған жоқ;
      2) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде бағаланатын акциялар бойынша ашық сауда әдісімен өткен сауда-саттық көлемі елу миллионнан кем емес теңгені немесе көрсетілген шамалардың қайсысы ең төменгі болып табылатынына байланысты эмитенттің жекеше капиталы мөлшерінің оннан бір пайызын құрайды;
      3) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.06.30 N 98 қаулысымен.
      4) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде он мәміле жасалды;
      5) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде қор биржасының оннан кем емес мүшесі осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен мәмілелер жасады.
      Спрэд деп маркет-мейкерлер сатып алудың жарияланған бағасы мен өзі хабарлаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған қаржы құралдарын сатудың немесе баға белгілеу тәсілінің (тілегін білдіру) айырымы түсініледі, ол бойынша қор биржасының мүшесі қаржы құралдарының сатып алынатын бағасы мен жарияланған сатудың бағасы және қор биржа мүшесі жариялаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған сату бағасын көрсетеді.
      Маркет-мейкер деп маркет-мейкер ретінде қор биржасы таныған және өзіне әрдайым бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес хабарлауға және қолдауға міндеттеме алған қор биржасының мүшесі түсініледі.
      Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы баппен анықталған критерийлерге сәйкес оларды сатып алған сәтте белсенді рынок болмағанда, осы Ереженің 9-бабына сәйкес анықталатын сәйкестендірілген құнын анықтау күніне дейінгі сатып алынатын құны бойынша әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңында жүзеге асырылады.
      Егер, бұрын белсенді рынок болмаған акциялар бойынша белсенді рынок белгіленген жағдайда, осы акциялар бұдан әрі Әдістемеге сәйкес әр апта сайын бірінші жұмыс күннің соңындағы жағдай бойынша бағаланады.
      Белсенді нарығы болмаған кезеңінде, бұрын белсенді нарығы болған акциялардың құны осы Ереженің 9-тармағына сәйкес анықталатын сәйкестендірілген құны бойынша әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында анықталады.
      Қор биржасы осы Ереженің қосымшасына сәйкес апта сайын алматы уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей аптаның бірінші жұмыс күні Интернет желісіндегі сайтта Қазақстан Республикасының резидент ұйымдастырушыларының акцияларына қатысты белсенді рыноктың болуына немесе болмауына қатысты мәліметтерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес осының алдындағы аптаның соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша орналастырады.
      Ұйым 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады. Ұйым 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алған акциялар баланстық құны бойынша есепке алынады.
      Осы қаулының мақсаттары үшін баланстық құны деп эмитенттің қаржылық есептілігі негізінде анықталатын акциялардың құны танылады. 
       Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.10.27 N 227, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.06.30 N 98, 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      7-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан өзге, қаржы құралдары деп есептелетін, саудаға арналған және саудада қолда бар бар қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен.

       7-2. Тек халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында ғана айналыста болатын саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының бағалауы әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің орташа мөлшерленген бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің, шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы аумағында айналыста болатын борыштық бағалы қағаздардың бағалауы Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің сұраныс пен ұсыныстың соңғы бағаларының арасындағы орташа мәні бойынша жүзеге асырылады.
      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде бағаланатын қаржы құралдары бойынша ақпарат болмаған жағдайда бағалауы осы құралын бағалауды жүзеге асыратын кем дегенде үш қарсы әріптес ұсынған баға белгілеулерінің орташа мәні бойынша жүзеге асырылады.
      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде бағаланатын қаржы құралдары бойынша ақпарат болмаған жағдайда және қарсы әріптестен бағаланатын қаржы құралының баға белгілеуін жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоғы туралы хабарлама алған кезде бағалау мақсаттары үшін номиналды құнына дейінгі амортизациясын ескере  отырып, ағымдағы жиынтық құны қолданылады.
      Осы қаулының мақсаттары үшін қарсы әріптес деп Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәміле жасасуға құқығы бар заңды тұлға танылады.
      Ескерту. 7-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Ескерту. 7-3-тармаққа өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
       7-3. <*>
       Ескерту: 7-3-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      8. Тазартылған қымбат металдар Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша апта сайын есептелінеді.

      8-1. Хеджирлеу құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес белгіленген әділ құн бойынша, апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен.

      9. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар қаржы құралдары ретінде есепке алынатын, оларға қатысты осы Ереженің 7-тармағында айқындалған критерийлерге сәйкес белсенді нарығы жоқ және (немесе) бағалауы Әдістемеде көзделмеген қаржы құралдарының әділ құны мыналарды есепке алу арқылы анықталады:
      1) акцияларды, сәйкестендірілген құнын анықтау күніне дейінгі сатып алу құны бойынша. Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде мынадай сәйкестендіру кезеңдерін ескере отырып, анықталатын баланстық құнына қарай акциялардың ағымдағы құнының біркелкі өзгерту арқылы анықталады:
      егер ағымдағы құны баланстық құнынан ауытқуы 1-1,5 есе болса, он екі ай ішінде;
      егер ауытқуы 1,5 - 2 есе болса, жиырма төрт ай ішінде;
      егер ауытқуы 2 еседен көп болса, отыз алты ай ішінде;
      2) мемлекеттік емес облигацияларды және мемлекеттік бағалы қағаздарды, әр апта сайын бірінші жұмыс күнінің соңында, оның әділ бағасын анықтау күніне дейін дисконтталған құны бойынша;
      3) пайларды, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған соңғы есептелген құны бойынша.
      Ұйымның аптаның бірінші жұмыс күні сатып алынған қаржы құралдары келесі күнінің соңында қайта бағаланады.
      Ұйымның аптаның екінші және соңғы жұмыс күнін қоса алғандағы аралықта сатып алынған қаржы құралдары осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес есепке алған күнінен кейін келетін жұмыс күнінің соңында қайта бағаланады.
      Principal Protected Notes бағалауы әділ құны бойынша жүзеге асырылады. Principal Protected Notes әділ құны Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күніндегі сұраныстың және ұсыныстардың соңғы бағалары арасындағы орташа мәні бойынша немесе деректер болмаған жағдайда осы құралдың бағалауын жүзеге асыратын қарсы әріптес ұсынатын баға белгілеудің орташа мәні ретінде анықталады. Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің ақпаратын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда немесе қарсы әріптестерден бағаланатын қаржы құралының баға белгілеуін жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоғы туралы хабарлама алған жағдайда бағалау мақсаттары үшін алдыңғы қайта бағалау деректері не ол болмаған жағдайда сатып алу бағасы қолданылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      10. Әдістемеге сәйкес бағалауды жүзеге асыруға қажетті халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік мемлекеттерінің бағалы қағаздарына, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұраныс баға белгілеуді Агенттік қор биржасына алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні аяғындағы жағдай бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінде Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей апта сайын ұсынады.

      11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарында белгіленген тәртіпте шешіледі.

                                          Жинақтаушы зейнетақы
                                        қорларының инвестициялық
                                        портфельдеріндегі қаржы
                                           құралдарын бағалау
                                            ережесіне қосымша

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен .

           20___ жылғы "___"________ жағдай бойынша
       Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының
    акцияларына қатынасты белсенді рыноктың болуы немесе
               болмауына қатысты мәліметтер

№ N

Акция (оның түрін
және эмитенттің атауын көрсетіп)

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі акцияның коды 

Белсенді рынок

бар/жоқ

1.