"Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5275 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының І съезінде берген тапсырмасына сәйкес дайындалды.
      Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Оның негізгі міндеттері жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру мен іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ жастар арасындағы ахуал туралы Президентті хабардар етіп отыру және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау болып табылады.
      Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес Президентке мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізетін, жастар мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ресми құжаттарын дайындауға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылауға қатысатын, өз жұмысына мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартатын және өзара іс-қимыл жасайтын, сондай-ақ жастар саясаты саласында халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
      Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және сол секілді өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары, жастар ұйымдары мен жұртшылық өкілдері қатарынан құрылады.

      Президент Әкімшілігінің
      Ішкі саясат бөлімі