Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желиоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3236

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) <*>
       Ескерту: 1) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің резерв капиталының ең төменгі мөлшері туралы" 2000 жылғы 26-ақпандағы N 70  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1169 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 19-маусым-2-шілдесі аралығында N 13 (184) жарияланған):
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23-мамырдағы N 218 қаулысымен бекітілген "Банк активтерінің жіктелімі және шартты міндеттемелері және олар бойынша провизиялар есебі туралы Ережесімен (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 15-қыркүйектегі N 351, 1997 жылғы 15-қазандағы N 375 қаулыларымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 24-мамырдағы N 243  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1180 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 3-16 шілдедегі N 14 (185) жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2314 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21-сәуірдегі N 129  қаулысымен  бекітілген өзгерістері бар):

      Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және осы аталған қаулымен бекітілген оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және таратуға арналған шешімдерді беру тәртібі туралы Ережеге:

      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен", "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарын ерікті қайта ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3-наурыздағы N 54  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1475 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдедегі N 14(211) жарияланған); Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2145 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29-желтоқсандағы N 525  қаулысымен  бекітілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

      аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті қайта ұйымдастыру Ережесінде:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3-маусымдағы N 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебін ұсыну тізбесі, нысаны және мерзімі туралы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25-шілдедегі N 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебін ұсыну тізбесі, нысаны және мерзімі туралы Нұсқаулықтың  1-қосымшасының  1-нысаны бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қосымшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері туралы" 2001 жылғы 2-маусымдағы N 190  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 16-29 шілдедегі N 15(212) жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16-сәуірдегі  N 118  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген), 2003 жылғы 4-шілдедегі  N 220  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2415 тіркелген) қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есептер және мәліметтер ұсыну Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 25-маусымдағы N 256  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1612 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 27-тамыз-9-қыркүйекте N 18(215) жарияланған):

      осы қаулымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есептер және мәліметтер ұсыну Ережесінде:
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3, 6, 7 тармақтардағы "Ұлттық Банк" сөздері "уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;

      7) <*>
       Ескерту: 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне күн сайынғы және ай сайынғы баланстарды беру мерзімі туралы" 2002 жылғы 29-желтоқсандағы N 532  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2166 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23-ақпанында N 4 жарияланған):

      атауындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қадағалау бөлімшесі (бұдан әрі - қаржылық қадағалау бөлімшесі)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздер "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "қаржылық қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің құрылтайшысы немесе акционерлері болып табылатын, Қазақстан Республикасының ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) еншілес ұйымдарын құрушы, иеленуші және аталған рейтингті иеленуші рейтинг агенттіктерінің тізбесі бар Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидент еместерінің рейтингіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2003 жылғы 4-шілдедегі N 222  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2417 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 28-шілде-10-тамыз аралығында N 16 жарияланған):

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді. 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.) осы қаулыны алған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) Заң департаментімен бірлесіп (Байсынов М.Б.) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті (Р.Р. Несіпбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға