Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желиоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3236

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1)  <*>
       Ескерту: 1) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен

      2) <*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 196 қаулысымен.

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 24-мамырдағы N 243  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1180 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 3-16 шілдедегі N 14 (185) жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2314 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21-сәуірдегі N 129  қаулысымен бекітілген өзгерістері бар):

      Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және осы аталған қаулымен бекітілген оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және таратуға арналған шешімдерді беру тәртібі туралы Ережеге:

      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен", "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымдарын ерікті қайта ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3-наурыздағы N 54  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1475 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдедегі N 14(211) жарияланған); Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2145 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 29-желтоқсандағы N 525  қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулары бар):

      аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті қайта ұйымдастыру Ережесінде:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1915 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3-маусымдағы N 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебін ұсыну тізбесі, нысаны және мерзімі туралы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25-шілдедегі N 241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебін ұсыну тізбесі, нысаны және мерзімі туралы Нұсқаулықтың  1-қосымшасының 1-нысаны бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қосымшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5)  Ескерту: 5) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.11.30.  N 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6) <*>
      Ескерту: 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41   қаулысымен .

      7) <*>
       Ескерту: 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4   қаулысымен

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне күн сайынғы және ай сайынғы баланстарды беру мерзімі туралы" 2002 жылғы 29-желтоқсандағы N 532  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2166 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 10-23-ақпанында N 4 жарияланған):

      атауындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қадағалау бөлімшесі (бұдан әрі - қаржылық қадағалау бөлімшесі)" деген сөздер "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздер "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "қаржылық қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) <*>
       Ескерту: 9) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55  қаулысымен

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді. 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.) осы қаулыны алған күннен бастап жеті күндік мерзімде:
      1) Заң департаментімен бірлесіп (Байсынов М.Б.) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті (Р.Р. Несіпбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға