Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 25 маусым N 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1612. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41 (V064180) қаулысымен.

      1997 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы Z990021_ келісімді іске асыру және Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының дамуына көрсететін ресми көмегін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанында техникалық көмек жөніндегі жобалық келісімдердің (бұдан әрі - жобалық келісімдер) мынадай жобалары мақұлдансын:
      "Реформалау процесінде ауыл шаруашылығы жоғарғы оқу орындары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының арасындағы мамандандырылған ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету";
      "Еңбек және жұмыспен қамту рыногын қамтамасыз ету саясаты";
      "Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің (ASPR) Шетелдік көмекті

 

үйлестіру жөніндегі департаментіне (DEAC) техникалық-ұйымдық көмек

көрсету";

     "Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы білімін және консультациялар

беру";

     "Жаңа бастаған кәсіпкерлерге жәрдемдесу мен шағын және орта бизнеске

көмек көрсету".

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ноталар алмасу

жолымен жоғарыда көрсетілген жобалық келісімдерді жасассын.

     3.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.