Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1580 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына толықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 14 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2270. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.11.30.  N 257  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 16-29 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.";

      2) 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "(Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы