Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2295

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 48, 49-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296
      1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне жүктeлcін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.27. N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен
бекітілген

  Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi және нысаны

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 47, 48-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша: Қараңыз.K100296
      1) Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар Номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес жiктелуiне;
      2)  алынып тасталды - 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықпен.
      3) тауарлардың шыққан елiн анықтауға қатысты алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрлендi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Кеден бекеттерi мен Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бақылау өткiзу пункттерiн қоспағанда уәкiлеттi орган және аумақтық кеден органдары (бұдан әрi - кеден органдары) алдын ала шешiм қабылдайды.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  2. Алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi

      3. Алдын ала шешiмдi мүдделi тұлғаның (декларанттың) белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiшi бойынша (1-қосымша) кеден органдары қабылдайды.

      4. СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемеге қатысты алдын ала шешiм қабылдау кезiнде өтiнiште тауар туралы алдын-ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтер қамтылуы тиiс. Өтiнiш берумен бiр мезгiлде тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi тауардың сынамалары (үлгiлерi), оның сипаттамасы, фото суреттерi, сызбалары, коммерциялық, техникалық не өзге де құжаттар ұсынылады. Мүмкiндiгiнше алдын ала шешiм қабылданатын тауардың сынамалары немесе үлгiлерi де ұсынылады.

      5. Осы Ереже белгiлi бiр мерзiм iшiнде бiрдей дайындаушы бiрдей ұйымда өндiрудiң бiрдей технологиясын пайдалана отырып шығарылған тауарлардың шыққан елi туралы алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындайды.
      Кеден органы алдын ала шешiмдi тауарлардың шыққан елiн анықтау тәртiбiне қатысты халықаралық актiлермен немесе Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес нақты бiр елде толық шығарылғандығы немесе жеткiлiктi түрде қайта өңделгендiгi туралы ақпараттың негiзiнде қабылдайды.

      5-1.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Өтiнiштi кеден органы қарайды және егер, өзге де ақпараттар не сараптама жүргiзу талап етiлмесе өтiнiш тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде алдын-ала шешiм бередi.

      7. Егер, өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтер алдын-ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса кеден органы белгiленген мерзiмде қосымша мәлiметтердi ұсыну қажеттiгi туралы тұлғаны хабардар етедi. Егер, деректер белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алдын-ала шешiм қабылдау туралы өтінiш қабылданбайды. Дәлелдеме ұсынудың жалпы мерзiмi өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар еткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

      8. Алдын ала-шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабылданбаған жағдайда кеден органы қажетті құжаттарды ұсыну мерзiмi аяқталған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бастартуды жiберуге мiндеттi.
      Өтiнiштi қабылдамау, өтiнiш берушiнiң өтiнiштi қабылдамау үшiн негiз болған себептердi жоюы шартымен қайтадан алдын-ала шешiм қабылдау туралы жүгiнуiне кедергi болмайды.

      9. Тауардың жіктемесіне, шығу елін айқындауға қатысты алдын ала шешім нақты тауарға қатысты беріледі.
      Алдын ала шешім белгіленген нысандағы бланкте ресімделеді (2-қосымша) және оған кеден органының басшысы не осы бағытты басқаратын оның орынбасары қол қояды.
      Алдын ала шешім бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады, олардың баспаханалық әдіспен жасалған реттік нөмірлері бар.
      Алдын ала шешімнің бірінші данасы кеден органының таңбалық мөрімен расталады және ілеспе хатпен бірге өтініш берушінің мекен-жайына жіберіледі, немесе жүк кеден декларациясымен бірге одан әрі ұсыну үшін өтініш берушінің қолына беріледі, екінші дана (ілеспе хаттың екінші данасымен бірге) оны берген кеден органында сақталады. Кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
      Егер мұндай шешім декларант берген толық емес немесе сенімсіз ақпараттың негізінде қабылданса, алдын ала шешімнің күшін жою жүргізіледі. Күшін жою жаңа алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Кеден органдарының алдын ала шешімі ол қабылданған сәттен бастап үш жыл бойы күшінде болады. Алдын ала шешімге өзгеріс енгізу оның қолданылу мерзімін ұзартпайды.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003.12.24.  N 579 , өзгерту енгізілді - 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      10. Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
      Егер келiсiм-шарттың, тасымалдаудың, қозғалыс маршрутының және т.б. шарттары бойынша сол бiр тауарды жеткiзу әртүрлi уақытта және/немесе әртүрлi кеден органдарының қызмет аймағында партиялармен жүзеге асырылған жағдайда алдын ала шешiмдi тауардың бiрiншi партиясын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл ретте, осы келiсiм-шарт бойынша ұқсас тауардың одан кейiнгi партияларын ресiмдеу үшiн осындай шешiм қабылдаған кеден органы ресми растаған алдын ала шешiмнiң көшiрмесiн пайдалануға болады.

  3. Алдын ала шешiм қабылдау үшiн төлемақы

      11. Алдын ала шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген мөлшерде төлем алынады.

      12. Алдын ала шешiм қабылдаған үшiн төлемақыны мүдделi тұлға енгізедi.
      Алдын aлa шешiм қабылдағаны үшiн төлемақының енгізiлгенін куәландыратын төлем құжаты өтiнiшпен бiрге кеден органына беріледi.

  4. Қабылданған алдын ала шешiмдердiң есебiн жүргізу

      13. Кеден органдары қабылдаған алдын ала шешiмдердiң есебiн жүргiзу мақсатында белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) Кеден органының алдын ала шешiмдерiнiң есебiн жүргiзу журналын жүргiзу қажет. Журнал нөмiрленген, бауланған және кеден органының мөрiмен және басшының қолымен куәландырылған болуы тиiс. Әрбiр қабылданған алдын ала шешiмге мынадай түрдегi тiркеу нөмiрi берiледi: ________ жылғы __________ дағы XXXXX/XXXX, мұнда бiрiншi блоктағы XXXXX кеден органының коды көрсетiлсе, екiншi блок XXXX алдын ала шешiмiнiң реттiк нөмiрi.

  6. Қорытынды ережелер

      14. Кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мақсаттары үшiн алдын ала шешiмнiң түпнұсқасы не осындай шешiмдi берген кеден органы растаған көшiрмесi пайдаланылады.

      15. Алдын-ала шешiм кеден органына жүк кедендiк декларациясымен және кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiр мезгiлде ұсынылады.

      16. Тауарлардың жiктемесi, тауардың шығу елін айқындау жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда соңғы шешiмдi уәкiлеттi орган шығарады.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                                          Қазақстан Республикасының
                                          Кедендiк бақылау агенттiгi
                                                 төрағасының
                                           2003 жылғы 15 мамырдағы
                                         N 210 бұйрығымен бекiтiлген
                                         Алдын ала шешiмдi қабылдау
                                            тәртiбi мен нысанына
                                                  1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

_____________________ КБ (кеденнiң) бастығы
____________________________________________
(Т.Е.Ә., арнайы атағы)         

               Алдын ала шешiм қабылдау туралы
                         сұрау салу

мәлiмдеушiнің T.Е.Ә. (жеке тұлға үшiн)_____________________________
толық пошталық мекен-жайы (жеке тұлға үшiн)________________________
толық заңды және пошталық мекен-жайы (заңды тұлға  үшiн)___________
CTH (заңды және жеке тұлғалар үшiн)________________________________
төлқұжатының N, сериясы, кiм және қашан берiлдi (жеке тұлға үшiн)__
___________________________________________________________________

      Төменде көрсетiлген тауарға ((СЭҚ ТН сәйкес жiктелуi бойынша,
шыққан елiн айқындау бойынша) алдын ала шешім берудi өтiнемiн.
      Тауардың егжей-тегжейлi сипаттамасы және қоса берiлген құжаттар.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (Толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауардың негiзгi сандық және сапалық параметрлерiн (белгiленген, стандарты, сорты, маркасы, моделi, артикулi, орамы (жазу, орам оның салмағы мен мөлшерi)) айқындайтын негiзгi техникалық және коммерциялық сипаттамасы, сынау хаттамасы, ТПП сараптама немесе басқа сараптама ұйымдарының актiлерi, сәйкестiк, сапасының, шыққан елiнiң сертификаттары, кеден зертханаларының анықтамалары мен куәлiктерi, тауардың сынамалары (үлгiлерi), сыртқы сауда шарты (қолда бар жағдайда), тауарға iлеспе құжаттар (шот-фактуралар, (инвойстар), жапсырма қағаздар) және басқа да құжаттар)

      Күні ________ ________________________________
                       (мәлiмдеушiнiң қолы, мөрi)

Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының        
2003 жылғы 15 мамырдағы   
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына  
2-қосымша       

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579   бұйрығымен .

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына
сәйкес тауардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім

____________________________________________________________________
1. Алдын ала шешiмдi берген   |   2. СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды 
   кеден органының атауы      |      және атауы
____________________________________________________________________
3. Тiркеу нөмiрi              |   4. Берiлген күнi (күнi, айы, жылы)
____________________________________________________________________
5. Тауардың атауы             |   6. СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды
                              |      (ұсынылған код)
____________________________________________________________________
7. Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы
____________________________________________________________________
8. Ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, есептер және т.б.
____________________________________________________________________
9. Қызметтік белгілер үшін (кеден органының шешіміне, СЭҚ ТН тиісті түсіндірмесіне сілтеме және т.б.)
____________________________________________________________________

Орындаушы (орындаушылар) ___________________________________________
                  Т.А.Ә., лауазымы, бөлім (қызмет), басқарма   қолы
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының 
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының        
2003 жылғы 15 мамырдағы  
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына   
3-қосымша          

____________________________________________________________________
р/б|Алдын |СЭҚ-қа | СТН, |Қабылдан.|Тауар.|СЭҚ ТН |Алдын  | Төлем
   | ала  |қатысу.|заңды |ған күні | дың  |бойынша| ала   |құжатының
   |шешім.|шының  |мекен-|  және   |атауы |тауар  |шешім  | нөмірі
   | нің  |атауы  |жайы  | сұрау   |      |коды   |үшін   |(төлем
   |түрі  |       |      | салуға  |      |       |төлем. | тапсыр.
   |      |       |      |арналған |      |       | нің   | масының,
   |      |       |      |жауаптың |      |       |сомасы,| кіріс-
   |      |       |      | тіркеу  |      |       |теңге. |кассалық
   |      |       |      | нөмірі  |      |       | мен   | ордері.
   |      |       |      |         |      |       |       |   нің)
____________________________________________________________________
1    2       3      4       5        6       7      8        9
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының     
Кедендік бақылау агенттігі    
төрағасының          
2003 жылғы 15 мамырдағы     
N 210 бұйрығымен бекітілген  
Алдын ала шешімдер қабылдаудың 
тәртібі мен нысанына 4-қосымша 

       Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2007.12.27.  N 486 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.