Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2295 болып тіркелген "Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығына өзгерістер мен т

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу  N 2693. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен 2004 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде, өзіне астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының жұмыс істеу ережесін және оларға астық қабылдау кәсіпорындарының қатысу шарттарын астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктер алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесін қамтитын, "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары екі ай мерзімде "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр