Қазақстан Республикасы Кеден
кодексiнiң 48
,
49-баптарына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктeлcін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Кеден
кодексiнiң 47,
48-баптарына
сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша:
1) Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар Номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес жiктелуiне;
2) кеден құнын анықтаудың әдiстемесiн қолдануға;
3) тауарлардың шыққан елiн анықтау әдiстемесiн қолдануға қатысты алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрлендi.
2. Кеден бекеттерi мен Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бақылау өткiзу пункттерiн қоспағанда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және аумақтық кеден органдары (бұдан әрi - кеден органдары) алдын ала шешiм қабылдайды.
3. Алдын ала шешiмдi мүдделi тұлғаның (декларанттың) белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiшi бойынша (1-қосымша) кеден органдары қабылдайды.
4. СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемеге қатысты алдын ала шешiм қабылдау кезiнде өтiнiште тауар туралы алдын-ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтер қамтылуы тиiс. Өтiнiш берумен бiр мезгiлде тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi тауардың сынамалары (үлгiлерi), оның сипаттамасы, фото суреттерi, сызбалары, коммерциялық, техникалық не өзге де құжаттар ұсынылады. Мүмкiндiгiнше алдын ала шешiм қабылданатын тауардың сынамалары немесе үлгiлерi де ұсынылады.
5. Осы Ереже белгiлi бiр мерзiм iшiнде бiрдей дайындаушы бiрдей ұйымда өндiрудiң бiрдей технологиясын пайдалана отырып шығарылған тауарлардың шыққан елi туралы алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындайды.
Кеден органы алдын ала шешiмдi тауарлардың шыққан елiн анықтау тәртiбiне қатысты халықаралық актiлермен немесе Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес нақты бiр елде толық шығарылғандығы немесе жеткiлiктi түрде қайта өңделгендiгi туралы ақпараттың негiзiнде қабылдайды.
5-1. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері мен кедендерінің алдын ала шешім қабылдауы декларант мәлімдеген кедендік құнның мөлшері бойынша шектеледі:
кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауардың 9 400 айлық есептік көрсеткішке бір сомаға артық кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды;
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері тауардың 1700 артық айлық есептік көрсеткіштерге және 9400 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды;
кедендер тауардың 1700 қоса алғандағы сомаға дейін айлық есептік көрсеткішке баламалы кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдайды.
Тауардың кедендік құны бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін кеден органы мынадай құжаттарды сұрауға құқылы:
коммерциялық, банктік құжаттардың көшірмелері;
шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі мен оның қосымша келісімдері;
егер шарттың (келісім-шарттың) шарттары бойынша кедендік құнды айқындау үшін тауарды жеткізу шартына қарай тауардың бағасына қосымша шығыстар енгізу жатқызылса, қосымша көліктік, сақтандыру құжаттарын, лицензиялық немесе авторлық шарттарды, қойма түбіртектерін, мәмілеге қатысы бар үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттарды, сатушының пайдасына үшінші тұлғаларға жасалған төлемдердің шоттарын, бағаланатын тауарлармен жасалған мәмілеге қатысы бар комиссиялық, брокерлік қызметтер үшін шоттарды, не тауарды сатумен және межелі жеріне жеткізумен байланысты шығыстарды көрсететін басқа да құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет;
егер мәміле жөніндегі төлемнің шарттар бойынша өтініш беру күнінде тауар үшін төлем толық немесе ішінара жүзеге асырылған жағдайда, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарының көшірмесі ұсынылады.
Кеден органдары алдын ала шешім қабылдауды:
декларант ұсынған ақпараттағы құнның рыноктық бағалар жөніндегі анықтамалықтарда не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ақпараттық анықтамалықтарда көрсетілген бірдей немесе біртектес тауарлардың құнына сәйкестігін;
тауар шығарушы кеден органына ресми құжаттармен растайтын тауардың осы тауарды тікелей өндірушіден, не оның ресми дистрибьюторлық (дилерлік) желісі арқылы атап алынғандығы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тауар бағасын төмендетулер болған жағдайда, мұндай төмендетулерді кеден органы декларант осы тауарды тікелей өндірушілердің, не оның ресми дистрибьюторларының (дилерлерінің) ресми құжаттарын кеден органына ұсынған жағдайда алдын ала шешім қабылдау кезінде ескереді.
Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579
бұйрығымен
,
2006 жылғы 30 наурыздағы N 125
бұйрығымен
.
6. Өтiнiштi кеден органы қарайды және егер, өзге де ақпараттар не сараптама жүргiзу талап етiлмесе өтiнiш тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде алдын-ала шешiм бередi.
7. Егер, өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтер алдын-ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса кеден органы белгiленген мерзiмде қосымша мәлiметтердi ұсыну қажеттiгi туралы тұлғаны хабардар етедi. Егер, деректер белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алдын-ала шешiм қабылдау туралы өтінiш қабылданбайды. Дәлелдеме ұсынудың жалпы мерзiмi өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар еткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
8. Алдын ала-шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабылданбаған жағдайда кеден органы қажетті құжаттарды ұсыну мерзiмi аяқталған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бастартуды жiберуге мiндеттi.
Өтiнiштi қабылдамау, өтiнiш берушiнiң өтiнiштi қабылдамау үшiн негiз болған себептердi жоюы шартымен қайтадан алдын-ала шешiм қабылдау туралы жүгiнуiне кедергi болмайды.
9. Тауардың жіктемесіне, кедендік құн методологиясына, шығарылған елдің методологиясына қатысты алдын ала шешім нақты тауарға қатысты беріледі.
Алдын ала шешім белгіленген нысандағы бланкіде (2, 4-қосымшалар) 2 данада ресімделеді және оған аталған шешімді тікелей орындаушы (орындаушылар) қол қояды, кеден органының бірінші басшысы немесе аталған бағытта жетекшілік ететін орынбасары қол қоятын 2 данадағы ілеспе хатпен бірге жүреді. Алдын ала шешімнің бірінші данасы ілеспе хатпен бірге кейіннен жүк кедендік декларациямен бір мезгілде ұсыну үшін өтініш жасаушыға жолданады немесе беріледі, екінші данасы (ілеспе хатпен бірге) оны берген кеден органында сақталады. Кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің көшірмесі кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Егер мұндай шешім декларант берген толық емес немесе сенімсіз ақпараттың негізінде қабылданса, алдын ала шешімнің күшін жою жүргізіледі. Күшін жою жаңа алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Кеден органдарының алдын ала шешімі ол қабылданған сәттен бастап үш жыл бойы күшінде болады. Алдын ала шешімге өзгеріс енгізу оның қолданылу мерзімін ұзартпайды.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тауарлардың кедендік құны бойынша қабылданған алдын ала шешімдердің негізінде тауардың кедендік құнына қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеуі мүмкін.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579
бұйрығымен
.
10. Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
Егер келiсiм-шарттың, тасымалдаудың, қозғалыс маршрутының және т.б. шарттары бойынша сол бiр тауарды жеткiзу әртүрлi уақытта және/немесе әртүрлi кеден органдарының қызмет аймағында партиялармен жүзеге асырылған жағдайда алдын ала шешiмдi тауардың бiрiншi партиясын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл ретте, осы келiсiм-шарт бойынша ұқсас тауардың одан кейiнгi партияларын ресiмдеу үшiн осындай шешiм қабылдаған кеден органы ресми растаған алдын ала шешiмнiң көшiрмесiн пайдалануға болады.
12. Алдын ала шешiм қабылдаған үшiн төлемақыны мүдделi тұлға енгізедi.
Алдын aлa шешiм қабылдағаны үшiн төлемақының енгізiлгенін куәландыратын төлем құжаты өтiнiшпен бiрге кеден органына беріледi.
13. Кеден органдары қабылдаған алдын ала шешiмдердiң есебiн жүргiзу мақсатында белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) Кеден органының алдын ала шешiмдерiнiң есебiн жүргiзу журналын жүргiзу қажет. Журнал нөмiрленген, бауланған және кеден органының мөрiмен және басшының қолымен куәландырылған болуы тиiс. Әрбiр қабылданған алдын ала шешiмге мынадай түрдегi тiркеу нөмiрi берiледi: ________ жылғы __________ дағы XXXXX/XXXX, мұнда бiрiншi блоктағы XXXXX кеден органының коды көрсетiлсе, екiншi блок XXXX алдын ала шешiмiнiң реттiк нөмiрi.
14. Кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мақсаттары үшiн алдын ала шешiмнiң түпнұсқасы не осындай шешiмдi берген кеден органы растаған көшiрмесi пайдаланылады.
15. Алдын-ала шешiм кеден органына жүк кедендiк декларациясымен және кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiр мезгiлде ұсынылады.
16. Тауарлардың жiктемесi, тауардың кеден құнын және шыққан елiн анықтау әдiстемесi жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда соңғы шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган шығарады.
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына
1-қосымша
_____________________ КБ (кеденнiң) бастығы
____________________________________________
(Т.Е.Ә., арнайы атағы)
Алдын ала шешiм қабылдау туралы
сұрау салу
мәлiмдеушiнің T.Е.Ә. (жеке тұлға үшiн)_____________________________
толық пошталық мекен-жайы (жеке тұлға үшiн)________________________
толық заңды және пошталық мекен-жайы (заңды тұлға үшiн)___________
CTH (заңды және жеке тұлғалар үшiн)________________________________
төлқұжатының N, сериясы, кiм және қашан берiлдi (жеке тұлға үшiн)__
___________________________________________________________________
Төменде көрсетiлген тауарға ((СЭҚ ТН сәйкес жiктелуi бойынша, кеден құнын айқындау бойынша, шыққан елiн айқындау бойынша) алдын ала шешім берудi өтiнемiн.
Тауардың егжей-тегжейлi сипаттамасы және қоса берiлген құжаттар.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауардың негiзгi сандық және сапалық параметрлерiн (белгiленген, стандарты, сорты, маркасы, моделi, артикулi, орамы (жазу, орам оның салмағы мен мөлшерi)) айқындайтын негiзгi техникалық және коммерциялық сипаттамасы, сынау хаттамасы, ТПП сараптама немесе басқа сараптама ұйымдарының актiлерi, сәйкестiк, сапасының, шыққан елiнiң сертификаттары, кеден зертханаларының анықтамалары мен куәлiктерi, тауардың сынамалары (үлгiлерi), сыртқы сауда шарты (қолда бар жағдайда), тауарға iлеспе құжаттар (шот-фактуралар, (инвойстар), жапсырма қағаздар) және басқа да құжаттар)
Күні ________ ________________________________
(мәлiмдеушiнiң қолы, мөрi)
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579 бұйрығымен .
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына
сәйкес тауардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім
____________________________________________________________________
1. Алдын ала шешiмдi берген | 2. СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды
кеден органының атауы | және атауы
____________________________________________________________________
3. Тiркеу нөмiрi | 4. Берiлген күнi (күнi, айы, жылы)
____________________________________________________________________
5. Тауардың атауы | 6. СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды
| (ұсынылған код)
____________________________________________________________________
7. Тауар туралы мәліметтер, тауардың сипаттамасы
____________________________________________________________________
8. Ұсынылған тауарға ілеспе құжаттар, есептер және т.б.
____________________________________________________________________
9. Қызметтік белгілер үшін (кеден органының шешіміне, СЭҚ ТН тиісті түсіндірмесіне сілтеме және т.б.)
____________________________________________________________________
Орындаушы (орындаушылар) ___________________________________________
Т.А.Ә., лауазымы, бөлім (қызмет), басқарма қолы
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына
3-қосымша
____________________________________________________________________
р/б|Алдын |СЭҚ-қа | СТН, |Қабылдан.|Тауар.|СЭҚ ТН |Алдын | Төлем
| ала |қатысу.|заңды |ған күні | дың |бойынша| ала |құжатының
|шешім.|шының |мекен-| және |атауы |тауар |шешім | нөмірі
| нің |атауы |жайы | сұрау | |коды |үшін |(төлем
|түрі | | | салуға | | |төлем. | тапсыр.
| | | |арналған | | | нің | масының,
| | | |жауаптың | | |сомасы,| кіріс-
| | | | тіркеу | | |теңге. |кассалық
| | | | нөмірі | | | мен | ордері.
| | | | | | | | нің)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен бекітілген
Алдын ала шешімдер қабылдаудың
тәртібі мен нысанына 4-қосымша
Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 579 бұйрығымен .
_____________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
_____________________________________________________
(басшы лауазымды адамның немесе жеке адамның Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(заңды мекен-жайы, тұрғылықты жері)
Тауардың кеден құнын айқындау бойынша алдын ала шешім
Сіздің "___" _____________ ж. N ___ өтінішіңізді және ұсынған
құжаттарыңызды қарай отырып, _____________________________________
(кеден органының атауы)
______________________________________________________ жасасқан
(шетелдік әріптес фирманың атауы)
"___" _____________ ж. N ___ шарт (келісім-шарт) бойынша әкелінген/әкетілген мынадай тауарлардың кедендік құнын қабылдайды.
__________________________________________________________________
Р/б|Тауардың|Тауардың| Өлшеу |Бірліктердің|Бірліктің|Жалпы құны
N | атауы |СЭҚ ТН |бірлігі| саны | құны |
| | бойынша| | | |
| | коды | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жиынтығы
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 47 және 48-баптарына сәйкес осы алдын ала шешім тіркелген күннен бастап үш жыл бойы қолданыста болады және кеден органдары орындау үшін міндетті.
Бастық _____________________________________ (Т.А.Ә.)
(қолы)