Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2295

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 48 , 49-баптарына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi мен нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктeлcін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен
бекітілген

Алдын ала шешiмдi қабылдау тәртiбi және нысаны

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 47, 48-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар бойынша:
      1) Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар Номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес жiктелуiне;
      2) кеден құнын анықтаудың әдiстемесiн қолдануға;
      3) тауарлардың шыққан елiн анықтау әдiстемесiн қолдануға қатысты алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрлендi.
      2. Кеден бекеттерi мен Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бақылау өткiзу пункттерiн қоспағанда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және аумақтық кеден органдары (бұдан әрi - кеден органдары) алдын ала шешiм қабылдайды.

2. Алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi

      3. Алдын ала шешiмдi мүдделi тұлғаның (декларанттың) белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiшi бойынша (1-қосымша) кеден органдары қабылдайды.
      4. СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемеге қатысты алдын ала шешiм қабылдау кезiнде өтiнiште тауар туралы алдын-ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтер қамтылуы тиiс. Өтiнiш берумен бiр мезгiлде тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi тауардың сынамалары (үлгiлерi), оның сипаттамасы, фото суреттерi, сызбалары, коммерциялық, техникалық не өзге де құжаттар ұсынылады. Мүмкiндiгiнше алдын ала шешiм қабылданатын тауардың сынамалары немесе үлгiлерi де ұсынылады.
      5. Осы Ереже белгiлi бiр мерзiм iшiнде бiрдей дайындаушы бiрдей ұйымда өндiрудiң бiрдей технологиясын пайдалана отырып шығарылған тауарлардың шыққан елi туралы алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындайды.
      Кеден органы алдын ала шешiмдi тауарлардың шыққан елiн анықтау тәртiбiне қатысты халықаралық актiлермен немесе Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес нақты бiр елде толық шығарылғандығы немесе жеткiлiктi түрде қайта өңделгендiгi туралы ақпараттың негiзiнде қабылдайды.
      6. Өтiнiштi кеден органы қарайды және егер, өзге де ақпараттар не сараптама жүргiзу талап етiлмесе өтiнiш тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде алдын-ала шешiм бередi.
      7. Егер, өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтер алдын-ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса кеден органы белгiленген мерзiмде қосымша мәлiметтердi ұсыну қажеттiгi туралы тұлғаны хабардар етедi. Егер, деректер белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алдын-ала шешiм қабылдау туралы өтінiш қабылданбайды. Дәлелдеме ұсынудың жалпы мерзiмi өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар еткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      8. Алдын ала-шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабылданбаған жағдайда кеден органы қажетті құжаттарды ұсыну мерзiмi аяқталған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бастартуды жiберуге мiндеттi.
      Өтiнiштi қабылдамау, өтiнiш берушiнiң өтiнiштi қабылдамау үшiн негiз болған себептердi жоюы шартымен қайтадан алдын-ала шешiм қабылдау туралы жүгiнуiне кедергi болмайды.
      9. Тауардың жiктемесiне, кеден құнын айқындау әдiстемесiне, шыққан елiн айқындау әдiстемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдау нақты тауарға қатысты берiледi.
      Алдын ала шешiм ресми бланкiде 2 данада ресiмделедi және оған кеден органының бiрiншi басшысы қол қояды, бiрiншi данасы одан әрi жүк кедендiк декларациямен бiр мезгiлде ұсыну үшiн өтiнiш берушiге жiберiледi немесе берiледi, екiншiсi оны берген кеден органында сақталады (2-қосымша).
      Кеден органдарының алдын ала шешiмi қабылданған сәтiнен бастап үш жыл бойы қолданылады.
      10. Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
      Егер келiсiм-шарттың, тасымалдаудың, қозғалыс маршрутының және т.б. шарттары бойынша сол бiр тауарды жеткiзу әртүрлi уақытта және/немесе әртүрлi кеден органдарының қызмет аймағында партиялармен жүзеге асырылған жағдайда алдын ала шешiмдi тауардың бiрiншi партиясын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл ретте, осы келiсiм-шарт бойынша ұқсас тауардың одан кейiнгi партияларын ресiмдеу үшiн осындай шешiм қабылдаған кеден органы ресми растаған алдын ала шешiмнiң көшiрмесiн пайдалануға болады.

3. Алдын ала шешiм қабылдау үшiн төлемақы

      11. Алдын ала шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген мөлшерде төлем алынады.
      12. Алдын ала шешiм қабылдаған үшiн төлемақыны мүдделi тұлға енгізедi.
      Алдын aлa шешiм қабылдағаны үшiн төлемақының енгізiлгенін куәландыратын төлем құжаты өтiнiшпен бiрге кеден органына беріледi.

4. Қабылданған алдын ала шешiмдердiң есебiн жүргізу

      13. Кеден органдары қабылдаған алдын ала шешiмдердiң есебiн жүргiзу мақсатында белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) Кеден органының алдын ала шешiмдерiнiң есебiн жүргiзу журналын жүргiзу қажет. Журнал нөмiрленген, бауланған және кеден органының мөрiмен және басшының қолымен куәландырылған болуы тиiс. Әрбiр қабылданған алдын ала шешiмге мынадай түрдегi тiркеу нөмiрi берiледi: ________ жылғы __________ дағы XXXXX/XXXX, мұнда бiрiншi блоктағы XXXXX кеден органының коды көрсетiлсе, екiншi блок XXXX алдын ала шешiмiнiң реттiк нөмiрi.

6. Қорытынды ережелер

      14. Кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау мақсаттары үшiн алдын ала шешiмнiң түпнұсқасы не осындай шешiмдi берген кеден органы растаған көшiрмесi пайдаланылады.
      15. Алдын-ала шешiм кеден органына жүк кедендiк декларациясымен және кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiр мезгiлде ұсынылады.
      16. Тауарлардың жiктемесi, тауардың кеден құнын және шыққан елiн анықтау әдiстемесi жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда соңғы шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган шығарады.

Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының       
2003 жылғы 15 мамырдағы
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына  
1-қосымша       

_____________________ КБ (кеденнiң) бастығы
____________________________________________
(Т.Е.Ә., арнайы атағы)        

Алдын ала шешiм қабылдау туралы
сұрау салу

мәлiмдеушiнің T.Е.Ә. (жеке тұлға үшiн)_____________________________
толық пошталық мекен-жайы (жеке тұлға үшiн)________________________
толық заңды және пошталық мекен-жайы (заңды тұлға  үшiн)___________
CTH (заңды және жеке тұлғалар үшiн)________________________________
төлқұжатының N, сериясы, кiм және қашан берiлдi (жеке тұлға үшiн)__
___________________________________________________________________

      Төменде көрсетiлген тауарға ((СЭҚ ТН сәйкес жiктелуi бойынша, кеден құнын айқындау бойынша, шыққан елiн айқындау бойынша) алдын ала шешім берудi өтiнемiн.
      Тауардың егжей-тегжейлi сипаттамасы және қоса берiлген құжаттар.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      (Толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауардың негiзгi сандық және сапалық параметрлерiн (белгiленген, стандарты, сорты, маркасы, моделi, артикулi, орамы (жазу, орам оның салмағы мен мөлшерi)) айқындайтын негiзгi техникалық және коммерциялық сипаттамасы, сынау хаттамасы, ТПП сараптама немесе басқа сараптама ұйымдарының актiлерi, сәйкестiк, сапасының, шыққан елiнiң сертификаттары, кеден зертханаларының анықтамалары мен куәлiктерi, тауардың сынамалары (үлгiлерi), сыртқы сауда шарты (қолда бар жағдайда), тауарға iлеспе құжаттар (шот-фактуралар, (инвойстар), жапсырма қағаздар) және басқа да құжаттар)

      Күні ________ ________________________________
                       (мәлiмдеушiнiң қолы, мөрi)

Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының       
2003 жылғы 15 мамырдағы  
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына 
2-қосымша      

АЛДЫН АЛА ШЕШIМ

____________________________________________________________________
1. Алдын ала шешiмдi берген   |   2. Мәлiмдеушi
   кеден органының атауы      |
____________________________________________________________________
3. Тiркеу нөмiрi              |   4. Берiлген күнi (күнi, айы, жылы)
____________________________________________________________________
5. Тауардың атауы             |   6. СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды
                              |      (ұсынылған код)
____________________________________________________________________
7. Алдың ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi тауар туралы мәлiметтер
(тауардың егжей-тегжейлi сипаты)
____________________________________________________________________
8. Шешiмдi берудiң негiздемесi (қоса берiлген тауарға iлеспе
құжаттар, есеп айырулар және т.б.)
____________________________________________________________________
9. Қызметтiк белгiлеу үшiн (нормативтiк актiлерге, кеден органының
шешiмiне сiлтеме)
____________________________________________________________________

КБ (кеденнiң) бастығы        ____________   _______________
                               (қолы)          (Т.Е.Ә.)
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының       
2003 жылғы 15 мамырдағы 
N 210 бұйрығымен бекiтiлген
Алдын ала шешiмдi қабылдау
тәртiбi мен нысанына  
3-қосымша         

____________________________________________________________________
р/б|Алдын |СЭҚ-қа | СТН, |Қабылдан.|Тауар.|СЭҚ ТН |Алдын  | Төлем
   | ала  |қатысу.|заңды |ған күні | дың  |бойынша| ала   |құжатының
   |шешім.|шының  |мекен-|  және   |атауы |тауар  |шешім  | нөмірі
   | нің  |атауы  |жайы  | сұрау   |      |коды   |үшін   |(төлем
   |түрі  |       |      | салуға  |      |       |төлем. | тапсыр.
   |      |       |      |арналған |      |       | нің   | масының,
   |      |       |      |жауаптың |      |       |сомасы,| кіріс-
   |      |       |      | тіркеу  |      |       |теңге. |кассалық
   |      |       |      | нөмірі  |      |       | мен   | ордері.
   |      |       |      |         |      |       |       |   нің)
____________________________________________________________________
 1    2       3      4       5        6       7      8        9
____________________________________________________________________